Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет120/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   168

371

азырақ, ал төзімділікті жаттықтыратын спортшы əйелдердің  жұмысқа 

қабілеттіліктеріне көбірек ықпал етеді. Волейболшы, баскетболшы, 

гимнастардың  жұмысқа  қабілеттіліктері  етеккір  кезеңінде  көбіне, 

қалыпты  жағдайдағыдан  төмен,  бірақ  төзімділік  жаттығуларына 

маманданған спортшыларға қарағанда жоғары болып келеді. 

Қарқынды спорттық жаттығулар мен жарыстарға қатысу етеккір 

циклінің  басталу  мерзімі  мен  өту  сипатына  біраз  ықпал  жаса-

уы  мүмкін.  Токиода  өткен  Олимпиада  ойындарына  қатысқан 41% 

спортшы жаттығулар мен жарыстар қандай да бір шамада олардың 

етеккір  циклінің  үйреншікті  өтуіне,  тіпті,  оны  бұзылуына  дейін 

əсер  ететінін  байқаған  (Е.  Захарьева, 1965). Спортшы  əйелдерде 

етеккір  орташа  кешірек    басталған  жəне  аменорея  (етеккірдің 

жоғалуы)  немесе  олигоменорея  (етеккірдің  азаюы)  жиі  байқалған. 

Бұл  бір  жағынан  соматикалық  (денедегі  майдың  аз  болуы)  жəне 

ішкі секреция бездерінің кейбір ерекшеліктеріне қарай  спортқа ар-

найы сұрыптаудың салдары да болуы ықтимал. Дегенмен, жаттығу 

жүктемелерінің көлемі мен қарқындылығының ықпал етуі күмəнсіз. 

Мысалы,  орташа  қашықтыққа  жүгіретін  желаяқтарда  аменорея 

апталық  жүктеменің  жалпы  көлемі  16 км  болғанда 20%, апталық 

жүктеме 80 км болған кезде 30%, ал апталық жүктеме 120 км жуық 

болғанда 40%-дан аса жағдайларда байқалған. 

Аменорея  басталуы  жүйелі  түрде  берілген  дене  жүктемесінің 

нəтижесінде  майды  жоғалтумен  байланысты  екендігі  атап  өтілген. 

Аменореяны етеккірмен бірге темірдің жоғалуының алдын алатын 

қорғаныс  механизмі  ретінде  қарастыру  кажет.  Темір  тапшылығы 

төзімділікті талап ететін спорт түрлерімен айналысатын тұлғаларда, 

бірақ  əсіресе,  стайер-əйелдерде  (ұзақ  қашықтыққа  жүгіретіндерде) 

көбіне жиі байқалған.

Жаттығу үдерісін ұйымдастыруда биологиялық цикл фаза-

ларын ескеру

Жаттығудың микро жəне мезоциклдерін жоспарлау кезінде спорт-

шы  əйелдің  өзіне  тəн  биологиялық  циклін,  яғни  оның  ұзақтығын, 

жеке  фазаларының  басталу  мерзімдерін  есекру  қажет.  Мұнда 

етеккір басталғанға дейін 1-2 күн мен етеккір кезеңін қамтитын ар-

найы  микроциклді  белгілеу  ұсынылады.  Жаттығу    мезоциклдеріне 

сəйкесінше, 2-4 қалыпты  мен 1 арнайы  микроциклдер  жатады. 

Жалпы  ұзақтығы 36-32 күнге  созылатын  ОЕЦ  мезоцикл  арнайы 

микроциклді  қосқанда 5 (4+1) микроциклден, 28 күндік  ОЕЦ – 4 



372

микроциклден (3+1), 24 күндік – 3,5 микроциклден (2,5+1), ал 21 

күндік ОЕЦ – 3 микроциклден (2+1) тұрады. 

Арнай  микроцикл (1) кезеңінде  жүктемелердің  жалпы  көлемін 

азайтып,  иілгіштік  жаттығуларын  орындау,  бұлшық  еттерді 

босаңсытуға,  жылдамдық  қасиеттерін  дамытуға,  спорттық  техни-

каны жетілдіруге бағытталу ұсынылады. Көбіне қолмен орындала-

тын жаттығуларды орындау керек. Бұл уақытта ауқымды статикалық 

жүктемелер,  күштену  тудыратын  күштік  жаттығулар,  секіру,  диа-

фрагма  (көкет),  жамбас  жəне  іштің  бұлшық  еттеріне  статикалық 

жəне  динамикалық  жүктемелер  орындауға  болмайды.  Жүзумен 

шұғылданатын əйелдерге сабақты құрғақ жерде өткізіп, суда салқын 

тиюдің алдын алу қажет. Жүктемелердің жалпы көлемі ОЕЦ фазала-

ры бойынша I фазада – 12,2%, II фазада – 30,4%, III фазада – 9,3%,  

IV фазада – 35,1%,  V фазада – 13,0% болу керек. 

Гинекологиялық өз-өзін бақылау күнделігін жүргізу тренер мен 

спортшыға сабақ пен тынығу режимін жасауға көмектеседі. Спорт-

шыда ОЕЦ жүйелі болса, өз-өзін жақсы сезінсе етеккір фазасында да 

жаттығуды жүргізе беруге болады. Кейбір деректер бойынша тіптен, 

айтулы  спортшылардың  осы  кезеңде  халықаралық  жарыстарда 

рекордтық нəтижелерді көрсеткен кездері де болған.

Сонымен қатар жүктілік пен бала өмірге əкелумен байланысты 

жаттығу сабақтары ерекшеліктерін де атап өткен жөн. Жүктіліктің 

алғашқы триместрде (3 айында) спортшылар жаттығуды үзбеулеріне 

болады,  келесі 3 айда  жүктеме  мөлшерін  азайтып,  ал  соңғы  три-

местрде  жаттығуды  тоқтату  қажет.  Бала  өмірге  əкелгеннен  кейін 

қарқынды  жаттығуларды  сəбиді  омыраудан  шығарғаннан  соң  ғана 

жалғастыру ұсынылады. 




373

ХІІ ТАРАУ

ЖАС СПОРТШЫЛАРДЫ ШЫНЫҚТЫРУДЫҢ 

ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Дүниеге  келгеннен  бастап  қайтыс  болғанға  дейін  адамның  да-

муы, яғни онтогенез – организмнің жеке-дара дамуы үздіксіз біртекті 

үдеріс  болып  табылады.  Өмір  сүру  барысында  организм  бірнеше 

заңдылықты (физиологиялық) өзгерістерге ұшырайды.

Жеке-дара даму жəне жас кезеңдері

Жеке-дара  даму.  Онтогенез  тұқым  қуалайтын  факторлардың 

ықпалына  байланысты  жəне  ата-аналық  гендердің  өзара  əсерлесуі 

нəтижесінде  құрылатын  генетикалық  программамен  анықталады. 

Жеке-дара  дамудың  генетикалық  программасы  қоршаған  ортаның 

белгілі  бір  жағдайларында  жүзеге  асырылады.  Онтогенездің  түрлі 

сатыларында генетикалық ақпарат пен қоршаған ортаның əсерлері 

бірдей  болмайды.  Мəселен,  өмірдің  алғашқы  жылдарында  соңғы 

жылдарына қарағанда сыртқы ортаның ықпалы өлшеусіз күштірек 

болады. 


Дамып келе жатқан организмнің органдары мен жүйелерінің бірі 

ертерек, басқасы одан кешірек дами отырып, олардың қалыптасуы 

бір  мезгілде  жүрмейді,  яғни  гетерохронды  өтеді.  Мəселен,  ми 

мен  жұлын  морфологиялық  жағынан  ерте  балалық  шақта  барын-

ша қарқынды өсіп, 10-12 жаста мөлшері өз шегіне жетеді. Жыныс 

мүшелерінің де қалыптасуы 11-12 жасқа дейін салыстырмалы түрде 

баяу, ал 12-14 жаста шапшаң өтеді. 

Адамның  жеке-дара  дамуы  барысында  бір-бірімен  өзара  бай-

ланысты  ассимиляция  (жасалу)  жəне  диссимиляция  (ыдырау)  де-

ген  үдерістер  үздіксіз  жүріп  жатады.  Дамудың  түрлі  кезеңдерінде 

бұл  үдерістердің  арақатынасы  өзгеріп  отырады.  Организмнің 

қалыптасуы мен өсу кезеңдерінде ассимиляция басым келеді. Ере-

сектерге қарағанда энергия жұмсауы салыстырмалы жоғары болып 

келетін белоктар синтезінің күшеюі байқалады. 

Адамның  жеке-дара  дамуының  түрлі  кезеңдерінде  организм 



жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау