Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



жүктеу 9,2 Mb.
Pdf просмотр
бет115/168
Дата19.11.2018
өлшемі9,2 Mb.
#21550
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   168

356

абсолюттік мөлшері де əйелдерде ер адамдарға қарағанда шамамен, 

4-8 кг көбірек болады. 

Негізінен бұлшық еттер, сүйектер мен ішкі мүшелер құрайтын 

дене массасының майсыз (дене массасынан май ұлпаларының масса-

сын алып тастағандағы) салмағы ер адамдарға қарағанда əйелдерде 

15-20  кг  азырақ  болып  келеді.  Жаттықпаған  əйелдерге  қарағанда 

спорпен  шұғылданатын  əйелдерде  май  мөлшері  аз  болады.  Бұл 

көрсеткіш  тіпті,  өте  мықты  спортшы  əйелдердің  өзінде,  мəселен, 

ұзақ  қашықтыққа  жүгіру  шеберлерінде  жаттықпаған  ер  адамдарға 

тəн  деңгейге  ғана  жетуі  мүмкін.  Көптеген  спорт  түрлерінде  дене 

жүктемесінің негізгі бөлімі адам дене массасының орын ауыстыруы-

мен  байланысты  болып  келеді.  Сондықтан  да  денедегі  артық  май 

ұлпаларының  мөлшері  организмге  қосымша  жүктеме  тудырады. 

Мысалы, жүгіргенде немесе секіргенде, бірақ жүзу кезінде қосымша 

жүктеме тудырмайды (10-тарауда толығымен баяндалған).

Май  ұлпаларының  құрамында  судың  болмауы  себепті  ерлер-

ге  (дене  салмағының 70%-ына  жуық)  қарағанда  əйел  адамдар   

денесінде (дене салмағының 55%-ына жуық) су мөлшері төмен бо-

лады. 


Əйелдердің күштік, жылдамдықты-күштік жəне анаэробтық 

мүмкіндіктері

Бұлшық ет күші

Бұлшық еттің максималды ерік күші (МЕК) орта есеппен алғанда 

қыздар мен ұлдарда жыныстық жетілу кезеңіне дейін шамалас болып 

келеді де, ал 12-14 жастан кейін қыздарда азырақ болады (68-сурет).

Бұл  жекеленген  бұлшық  еттер  күшімен  қатар  негізгі  бұлшық 

ет  топтарының  максималды  күштік  көрсеткіштерінің  жиынтығы 

ретінде анықталатын жалпы бұлшық еттік күшке де қатысты. 

Əйелдерде  жалпы  бұлшық  еттік  күш  ер  адамдардағы  осы 

көрсеткіштің шамамен, 2/3-сін құрайды. Дегенмен, əртүрлі бұлшық 

ет  топтарында  айтарлықтай  айырмашылықтар  орын  алған.  Ер 

адамдармен  салыстырғанда  əйелдерде  қол,  иық  белдеуі  жəне  кеу-

де  бұлшық  еттері  неғұрлым  əлсіздеу  болып  келеді.  Олардың  МЕК 

ерлердің осы бұлшық еттерінің МЕК-нің 40-70%-ын құрайды. Со-

нымен  қатар  дененің  төменгі  бөлігінің,  соның  ішінде  аяқ  бұлшық 

еттерінің МЕК ер адамдарға қарағанда шамамен, тек 30% -ға төмен 



357

болады.  Бұл  жүру,  жүгіру,  т.б.  кезіндегі  аяқ  бұлшық  еттерінің 

тұрмыстық жаттығуының нəтижесі болуы ықтимал.  

0

20

40

80

100

10

20

40

ɀɚɫ



ɠɵɥɦɟɧ

Ɇ

ɚɤ

ɫɢɦ

ɚɥɞɵ

 

ɟɪɿɤ

 

ɤԛɲɿ

, %

70

68-сурет. 20-30 жас аралығындағы жынысқа байланысты бұлшық еттің 

максималды ерік күші (%) (Я. М. Коц бойынша)

Ерлер мен əйелдердің күштік қабілеттерінің ерекшелігі ең бас-

тысы  дене  мөлшерінің,  нақтырақ  айтқанда,  бұлшық  ет  ұлпасы 

көлемінің айырмашылығына байланысты болады. Шынында да, ер-

лер мен əйелдер арасындағы абсолютті бұлшық ет күшіне қарағанда 



салыстырмалы бұлшық ет күші бойынша айырмашылық неғұрлым 

азырақ.  Əйелдердегі  дененің  төменгі  бөлімі  бұлшық  еттерінің  са-

лыстырмалы күші ер адамдарға қарағанда, орта есеппен тек 8%-ға 

төмен  болады.  Егер  МЕК  абсолютті  көрсеткіштерін  айтарлықтай 

дəрежеде бұлшық ет салмағына тəуелді болып келетіндіктен оларды 

дене массасының майсыз салмағына жатқызса,  күштік көрсеткіштер 

бойынша айырмашылық тіптен аз болады. Бұл жағдайда əйелдерде 

дененің төменгі бөлімі бұлшық еттерінің орташа күші ер адамдарға 

қарағанда  тек 6%-ға  ғана  төмен  болып  келсе,  ал  орта  есеппен 

алғанда  санның  бүгуші  жəне  жазушы  бұлшық  еттерінің  күші  бо-

йынша  ерлермен  салыстырғанда  ешқандай  айырмашылық  болмай-



358

ды. Көлденең кесіндісі ауданы 1 см

2

 келетін иықтың бүгуші бұлшық 



еттерінің МЕК ерлер мен əйелдерден шамамен, бірдей болып келеді. 

Бұл  əйелдер  мен  ерлердегі  бірдей  мөлшердегі,  яғни  жуандықтары 

шамалас бұлшық еттің күштік қабілеттерінің бірдей болатындығына 

тағы бір дəлел болып табылады. 

Бұлшық еттердегі жылдам жəне баяу талшықтардың пайыздық 

қатынасы  бірдей  спорт  түрлерімен  айналысатын  ер  мен  əйел 

спортшылардағы  сияқты  жаттықпаған  əйелдер  мен  ер  адамдар-

да  ұқсас  болады.  Əйелдерде  барлық  бұлшық  ет  талшықтарының 

жуандығы орта есеппен ерлерге қарағанда жіңішкерек келеді. 

Секіруде  жəне  спринтерлік  (қысқа  қашықтыққа)  жүгірудегі 

нəтижелер, əсіресе, жылдам қозғалыстарда көрініс беретін бұлшық 

ет  күшімен  белгілі  бір  дəрежеде  тəуелділікте  болады.  Əйелдер 

бұл  жаттығулар  бойынша  ер  адамдардан  біршама  артта  қалады. 

Дене  массасының  майсыз  салмағына  қатысты  изометриялық  жəне 

динамикалық (изокинетикалық) күш аз жылдамдықты қозғалыстарда 

əйелдер мен ер адамдарда шамалас болғанмен, жылдамдығы жоғары 

қозғалыстарда көрінетін динамикалық күш ер адамдарға қарағанда 

əйелдерде  нақты  азырақ  болады.  Егер  секірудегі  нəтижені  дене 

салмағына  шақсақ,  онда  əйелдер  бұл  көрсеткіштер  бойынша  ер 

адамдардан  еш  қалыс  қалмайды.  Мəселен,  биіктікке  рекордтық 

секіру кезінде ерлер мен əйелдерде – 3,2 см/кг болса, ал ұзындыққа 

рекордтық  секіруде  ер  адамдарда 12,5 см/кг,  əйелдерде 12,3 см/кг  

көрсетеді. 100 метрге  жүгіруде  спортшылардың  дене  салмағына 

шақсақ,  рекордшы-ер  адамдарда  орташа  жылдамдық 8,4 м/мин/кг, 

ал рекордшы-əйелдерде 9,5 м/мин/кг  болады. Сайып келгенде, егер 

спортшылардың  жүгіру  жылдамдығын  олардың  дене  салмағына 

шаққанда тіпті, əйелдер ер адамдардан біршама «озып» та кетеді. 

Бұлшық  ет  күшінің  жаттықтырылу  дəрежесі,  яғни 

бағытталған  күштік  жаттығу  ықпалынан  бұлшық  ет  күшінің  арту 

қабілеті ер адамдарға қарағанда əйелдерде салыстырмалы төмен бо-

лады (69-сурет). Бұл айырмашылық 16-30 жас аралығында айрықша 

көрінсе,  жыныстық    жетілу  кезеңіне  дейін (12-14 жасқа  дейін) 

жəне  жыныстық  инволюция (40 жастан  кейін)  кезеңдерінде  аса 

байқалмайды.  Бұл  бұлшық  ет  күшінің  дамуында  еркек  жыныстық 

гормондарының (андрогендердің) маңызды рөл атқаратынын жана-

ма көрсетеді.  



жүктеу 9,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау