83
«Тоқтықтан ыңыранған, «ақырын –ақырын күйіс қайырған» қой туралы сөз
қозғайды. (Бұл тіркестер түсінікті болу үшін қимыл-әркеттерді көзге көрсетіп,
тіркестердің мағыналарын сипаттап беру керек.)
Тәрбиешінің келесі сөзі: Әңгіменің екінші бөлімін «Аяжанның қошақанға
қызығуы» деп атайық. Мен осы бөлімді қайталап оқимын, мәтінді ұқыпты
тыңдаңдар, қандай түсініксіз сөздер кездестіресіндер, қадағалап отырыңдар!
Мұндай ескерту сөз балалардың кітаптағы әңгімеден алатын жаңа білімді
өздеріне байқатуға жағдай жасайды. Нәтижесінде, мәтіндегі түсініксіз деп
табылған сөздер жеңілдеу нұсқаларымен салыстырылады.
Шытынаған мінез - ашулы мінез.
Мекіреніп иіскейді – мейірленіп иіскейді.
Омырау түйме – кеудесіндегі түйме.
Жүрексініп тұрып – қорқып тұрып.
Тулауын қойды – қатты қозғалуын қойды.
Түкті еріндерімен- жүні бар еріндерімен.
Осындай тілдік құралдардың түсініксіз түрлерін балалармен әңгімелесе
отырып, талдау мәтін мазмұнының жеңіл де тез қабылдануына мүмкіндік
береді.
Тәрбиешінің сөзі: «Тілашар» кітабының бір ғана әңгімесінен біз қанша
жаңа сөз, қанша тіркестер үйрендік. Аяжандай ақылды, еңбеққор қызбен
жақынырақ таныстық. Әңгіме бізге өте ұнады деп ойлаймың. Кітаптың бізге
берері мол екен. Сонымен, біздің ең қымбатты досымыз кітап екенін осыдан-
ақ біліп отырған боларсыңдар!» деп, сабақ соңында балалардың қолдарына
«Тілашар» кітабын беруге болады. Бұл әдіс оқушылардың кітап әңгімесінен
алған сезімдік толғанысын ұзағынан сақтауға көмектеседі.
Жинақтай айтқанда, ересек, мектепке даярлық топтарында пайдаланып
жүрген кітаптардың балалар өміріне тигізер пайдасын сол кітаптардың жалпы
мазмұны туралы әңгіме өткізудің мәні өте зор. Бұл, біріншіден, балалардың
кітаптан алып жүрген білімдерін жинақтай түсіп, тиянақты етуге көмектеседі.
Екіншіден, әңгімеге араласқан балалар өздерінің сөйлеу, талдай сөйлеу
қабілеттеріне назар аудара алады. Мәтінді оқушының ойландыратын,
проблемалық сұрақтары негізінде балалар өзіндік ойталқы жасауға үйренеді.
Үшіншіден, оқылған кітап бойынша қайтадан әңгімелеу бала сөздігіне жаңа
сөздер мен тіркестердің тұрақтауына ықпал етеді. Төртіншіден, кітап авторын
және бір кітап ішіндегі әр түрлі жанрлы шығармалар мен олардың жекелеген
авторларын ажыратуға бағыт береді. Бесіншіден, тәрбиешінің басқаруымен
балалар кітап иллюстрациялары туралы еркін әңгімелесе алады. Алтыншыдан,
кітап жайлы қызықты әңгіме өткізе білген мұғалім, не тәрбиешінің өзі таңдап,
қолдана білген сөздері мен мәнерлі, әсерлі даусы арқылы көркем туындыны
қабылдау ләззатына бағыт алады. Олай болса, кітапты өмірлік досқа айналдыра
білу тәрбиешінің бала жанына жайлы сөз таба білуі, тартымды әңгіме құра білуі
деген сөз.
84
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
БАЛАБАҚШАДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН ТІЛ
ДАМЫТУ ШАРАЛАРЫ МЕН САБАҚТАРЫНЫҢ
ҮЛГІЛЕРІ
85
ҚОРШАҒАН ОРТАМЕН ТАНЫСТЫРУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУ,
ОЙ ДАМЫТУ ОЙЫНДАРЫ
І. Дидактикалық ойындар:
1. «Бұл қай кезде болады?» ойыны.
Мақсаты: балалардың жыл мезгілдеріне байланысты білімдерін анықтау
және әрі қарай дамыту.
Ойынның шарты: жауап берген балаға сақина беріледі. Жүргізушінің
сұрағына қарай жыл мезгілдерінің ерекшеліктері ататқызылады.
Ойынның барысы: Жүргізушінің қойған сұрақтарына балалар ойланып,
дұрыс жауап береді.
1. Балалар, қай кезде қызыл, сары жапырақтар көп болады? /балалардың
жауабы/.
2. Қай кезде жеміс-жидектер жиналады? /балалардың жауабы/.
Балалардың жауаптарына қарап, табиғат құбылыстары мен еңбек
түрлерінің қай жыл мезгіліне байланысты екенін анықтай алатындықтарын
бағалауға болады.
Жүргізуші: Енді мен жыл мезгілдерін атаймын. Ал, сендер соған
байланысты бұл кезде не болатынын, адамдар немен айналасатынын
айтасыңдар. Мысалы: Көктем деймін де, сақинаны Әйгерімге беремін. Әйгерім
тез ойланып, көктемде не болатынын айтады.
Әйгерімнің жауабы: Көктемде қар ериді. Әйгерім сақинаның қасындағы
отырған балаға береді. Ол да көктемнің бір белгісін атайды. Осылайша ойын
жалғаса береді. Ойын шартын бала толық меңгергенде ғана ойын басталады.
Қиналған балаға тәрбиеші бағыттаушы сұрақтармен көмектесіп отырады.
2. « Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ата»
Мақсаты: Үй жануарлары мен жабайы жануарлар туралы білімдерін
бекіту. Тез ойлау қабілетін, зейінін тәрбиелеу, белсенділігін арттыру.
Ойынның шарты: орманның, қораның суреттері салынған үлкен картаның
астындағы бос тор көздерге тиісті жануарларды жарыса отырып орналастыру.
Ойынның барысы: ойыншылар екі топқа бөлініп, әртүрлі табиғат көрінісі
салынған бір-бір үлкен картадан алады. Жүргізушінің белгісі бойынша балалар
жануарлар бейнеленген үлестірмелі карточкаларды үлкен картадағы салынған
сурет мазмұнына қарай бос тор көздерге орналастырады. Кім бос тор көздерге
толтырып, жануарларды дұрыс атаса, сол жеңіске жетеді. Ойыншылар үлкен
карталармен алмасып, ойынды одан әрі жалғастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |