Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



жүктеу 5,83 Mb.
Pdf просмотр
бет18/65
Дата19.11.2018
өлшемі5,83 Mb.
#21364
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   65

 
 
Сондай-ақ,  соңғы  беттің  аяқ  жағында  тым  кішкентай  аралықты 
қалдыру ұсынылмайды; бос орын негізгі кегльдің кем дегенде үш немесе  
төрт  жолын  қамтуы  керек.  Егер  бос  орын  аз  қалса,  онда  жолдарды 
ажырату  арқылы  сқңғы  бетті  толықтырады  немесе  енгізу  арқылы 
төменгі  бос  орынды  минималды  рұқсат  етілген  өлшемге  дейін 
арттырады.  Әрине,  барлық  енгізулер  мен  ажыратулар  терудің  басқа 
техникалық ережелерін бұзбауы керек. 
Жиі  соңғы  беттерде  сонымен  қатар  жиі  азды  көпті  күрделі 
аяқтамалар орналасады. 
Аяқтамалар  деп,  басылымның  тарауларына,  бөлімдеріне  мен  басқа 
бөліктеріне  қойылған,  баспахана  сызғыштарын,  арнайы  қалыңдатылған 
сызғыштарды,  безендірулерді  және  кейде  шағын  иллюстрацияларды 
атайды. Толық бетті қамтитын соңғы беттерге аяқтамалар қойылмайды. 
Беттеуге 
арналған 
технологиялық 
талаптар. 
Оқылымға 
байланысты эргономикалық талаптардан басқа, беттеуге технологиялық 
талаптарға да қойылады. Беттелген беттерге қойылатын негізгі талаптар 
мыналар  болып  табылады:  ешқандай  бұрмаланусыз  немесе  «кергішсіз» 
беттердің  ені  (жол  форматы)  мен  биіктіктігі  бойынша  да  өте  дәл  (0,5 
нүктеге дейін)  мөлшері;  басылым  бойынша беттеудің  біркелкілігі  және 
беттеудің келтірілуі. 
Орналасудың 
біркелкілігі
 
басылымның 
барлық 
беттерінде 
безендірудің  бірдей  элементтерін  қолдану  арқылы  қол  жеткізіледі.  Іс 
жүзінде біркелкілікке бет үлгілері мен стильдерді пайдалану арқылы қол 
жеткізіледі. 
Беттеудің  келтірілуі
  деп  жұп  және  тақ  беттердің  жалпы 
өлшемдерінің  толық  сәйкестігін,  сондай-ақ  осы  беттердегі  негізгі 
мәтіннің  жолдарының  бір-бірімен  (бос  орын  бойынша)  дәл 
сәйкестендірілуін атайды. Беттеудің келтірілуіне негізгіден бөлек, кегль 
қаріпімен 
терілген 
мәтіннің 
барлық 
бөліктерін, 
сондай-ақ 
формулаларды,  кестелерді  және  иллюстрацияларды  үстіндегі  және 
астындағы  бос  орын  қалтыру  (жолдар  арасындағы  бос  орындар) 
көмегімен негізгі кегльдің тұтас санына келтіру арқылы қол жеткізіледі.             
                   
ИЛЛЮСТРАЦИЯЛАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУ 
 
Суреттер, 
сызбалар 
және 
басқа 
да 
иллюстрациялар 

жарияланымдардың көркемдік безендірудің ең маңызды элементі болып 
табылады,  сондықтан  иллюстрациялық  беттеуге  техникалық  ережелер 
қалыптасқан,  олардың  бұзылуы  жарияланымның  сапасын  айтарлықтай 
төмендетеді. 
Негізгі  ереже  -  бүкіл  басылымның  безендірілуінің  тұтастығы.  Бір 
басылымда  әртүрлі  иллюстрациялық  беттеуді  қолдану  қажет  емес. 
Иллюстрацияларды беттеудегі біркелкілік (журналдар көбінесе макеттің 
күрделілігіне  байланысты  ерекшеленеді)  бүкіл  жарияланым  ішінде 
сақталуы тиіс. 
      50       
   2.3. 


 
 
  Иллюстрациялық беттеудің түрлері. Иллюстрациялық беттеудің түрі 
басылымда,  толық  емес  форматты  (толық  бетті  қамтымайтын), 
бейнелерді  орналастырудың  сипаты  бойынша  анықталады.  Беттеудің 
келесі негізгі түрлері бар: 
 
• 
ашық
 — сурет беттің шетінде (үстіңгі немесе астыңғы жағында) 
орналастырылады  және  мәтінді  бөліп  беттеген  кезде,  мәтінге  бір  жағы 
немесе  мәтінмен  жан-жақты  қоршалған  кезде,  мәтінге    екі  жағы    тиеді 
(2.17-сурет); 
• 
жабық
  —  сурет  мәтіннің ішінде орналасады және мәтінді  бөліп 
беттеген кезде, мәтінге екі жағы немесе мәтінмен жан-жақты қоршалған 
кезде, мәтінге  үш жағы  тиеді (2.18-сурет); 
• 
тұйық
  —  сурет  мәтіннің  ішінде  орналасады  және  оған  барлық 
төрт жағымен тиеді (2.19-сурет); 
• 
жиектерде
  —  иллюстрациялар  жиектерде  орналасады  (2.20-
сурет). 
• 
Сонымен  қатар  беттеудің  екі  аралық  түрі  бар:  беттік  және 
қиылған. 
• 
Беттік  беттеу  сурет  толығымен  бүкіл  бетті  алуы  көзделеді 
(2.21- сурет). 
• 
Қиылған беттеу суреттерді жиектерге, басылымды кесу кезінде 
суреттің бөлігі де кесілгенін көздеп, орналастырады (2.22-сурет). 
• 
Орама  деп  мәтіндік  ойманы  атайды.  Мәтіннің  бағанына 
(қатарына)  иллюстрациялар  немесе  басқа  мәтін  енгізілсе,  беттеудің 
шекаралары  оны  «орау»  үшін  өзгертіледі  (компьютер  редакторларында 
бұл  функция  жиі  айналып  ағу  деп  аталады).  Беттеу  бағдарламасының 
мақсаттары  мен  мүмкіндіктеріне  байланысты  орамалар  тікбұрышты, 
көпбұрышты немесе қисық сызықты болуы мүмкін. 
• 
Беттеудің белгілі бір түрін таңдағанда, алдымен жарияланымның 
түрі,  оның  мазмұны  және  безендіру  жүйесі  туралы  ойланып, 
иллюстрацияларға қолайлы беттеу схемасын таңдау керек.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
51 


 
 
                                                                              
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
     52 
Сурет 2.17. Иллюстрациялардың                                                                                                                    
ашық беттелуі 
Сурет 2.18. Иллюстрациялардың 
жабық беттелуі 
 
Сурет 2.19. Иллюстрациялардың 
тұйық беттелуі 
 
Сурет 2.20. Иллюстрациялардың 
жиектерде  беттелуі 
 


жүктеу 5,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау