Сурет. 2.21. Иллюстрациялардың беттік беттелуі: a - жиектермен; б - жиектерсіз
Сурет. 2.22. Иллюстрациялардың мәтінді кесіп беттелуі
a - беттің жоғарғы жағындағы жиекке шығу; б - беттің ортасындағы жиекке шығу
Иллюстрацияның мағыналық жүктемесі мен
сюжеті композицияға да әсер
етуі мүмкін. Иллюстрацияда, мысалы, жүгіретін
адам бейнеленсе, онда оны
сыртқы жиекке орналастыру жақсырақ болады. Әйтпесе, суретті түп жаққа
орналастырған кезде суреттің динамикасы жоғалады. Күн батуы
немесе ашық
көкжиек бейнесі беттің жоғарғы жағында
жақсы орналасады және тағы
басқалар
.
Статистикаға сәйкес, оң жақтағы бет сол жақтағыдан қарағанда әлдеқайда
белсенді болып қабылданады. Сондықтан беттік иллюстрациялар (атап
айтқанда, жарнамалық модульдер) немесе көзге түсуді талап нтнтін,
қарапайым суреттерді оң жақ шетке орналастырады. Сонымен бірге, егжей-
тегжейлі қарастыруды талап ететін иллюстрацияларды (мысалы, схеманы) сол
жақ бетке орналастырған жөн. Иллюстрацияларды орналастырған кезде түс
жүктемесін ұмытпаған жөн. Формасы мен өлшемі бір сурет, оның түсіне және
түс қанықтылығына байланысты мүлдем басқаша қабылдануы мүмкін. Ол,
оның астындағы барлық нәрсені басып, ауыр
қараңғы дақ сияқты көрінуі
мүмкін,
немесе жарық, қалықтаған, жеңіл көрінуі мүмкін. Осыған байланысты
иллюстрациялардың орналасу схемасы әртүрлі болуы мүмкін.
Мәтінге қатысты суреттерді беттеу ережелері. Суреттер мәтінмен
тікелей байланысты болған басылымдарда (басым көпшілігі сондай), әдетте,
иллюстрация, оған мәтінде жасалған сілтемеден кейін, сонымен қатар, сілтеме
жасалған бетте орналасу керек. Бұл ережені орындау әрдайым оңай емес,
әсіресе басылымда көптеген сызбалар болған жағдайда. 53
Дегенмен, иллюстрацияларды сілтемелерге қатысты әрдайым төмендегідей
етіп қоюға тырысыңыз:
•
егер сілтеме жұп беттің жоғарғы жағында орналасса, сурет сол бетте
орналастырылуы керек;
•
егер сілтеме жұп беттің төменгі жағында орналасса, сурет тақ бетте
орналастырылуы керек (сол ащылымда);
•
егер сілтеме тақ беттің төменгі жағында орналасса, суретті сол бетте
сілтеме үстіне орналастыруға болады. Бірақ (бұл мүмкін болса) біраз артқа
оралып, сілтемесі бар жолды келесі жұп бетке шығарып тастау немесе сілтеме
сурет үстінде болу үшін бірнеше жолдарды енгізу жақсырақ болады.
Тараудың немесе бөлімнің соңында, келесі бөлімнің (тараудың) атауына
дейін суретті беттеуге тиым салынған (2.23-сурет, a).
Сурет. 2.23. Иллюстрациялардың қате орналасуы: a -
бөлімнің соңында; б – мәтінді кесіп орналастырғанда
Иллюстрацияларды мәтінді кесіп беттеу ережесі. Суреттер форматы теру
жолдардың форматына сәйкес келетін, сонымен қатар біраз кішірек немесе
біраз үлкенірек болатын суреттерді мәтінді қиып беттейді. Ашық беттеу
кезінде мұндай иллюстрация беттің үстіңгі немесе астыңғы жағында
орнатылады және мәтінге бір жағы ғана тиеді. Мұндай жағдайларда сурет,
теру
жолдардың
форматына
сәйкес
келмейтіні
және
беттің
тіктөртбұрыштылығын бұзатыны жаман. Жабық беттеу кезінде мұндай
иллюстрация мәтінге екі жағымен де тиеді, ол әрқашан беттің оптикалық
ортасына орналастырылады. Суретті, мәтінді кесіп беттеген кезде, оның
үстінде абзацтық жолды қалтыруға болмайды, және оның астындағы мәтін
соңғы жолмен бастала алмайды (2.23-сурет, б).
Сурет. 2.24. Иллюстрацияларды орамамен беттеу:
a - екі жағын тұйық беттеу; б-
жабық беттеу
54
Иллюстрацияларды орамаға беттеу ережелері. Теру жолдарынан
формат бойынша әлдеқайда кішікентай суреттерді орамамен беттейді (мәтін
бір жағында және тұйық беттеуде- екі жағында) (Сурет 2.24, a). Егер бетте
орамамен беттелген бір ғана сурет бар болса, онда ол әрқашан беттің сыртқы
жиегі бойынша орналасады (жұп бетте-сол жағында, тақ бетте-оң жағында);
жабық беттеу кезінде – беттің биіктігі бойынша оптикалық ортасында, және
беттің төменгі немесе жоғарғы жиегінде – ашық беттеу кезінде.
Бір беттегі екі суреттің беттелуі. Бір бетте мәтінді бөліп беттелетін екі
суретт орналасуы мүмкін. Ашық беттеу кезінде, олардың біреуі жоғарғы
жағына беттеледі, ал екіншісі - беттің төменгі жағына. Жабық беттеу кезінде
бұл суреттер арасында кемінде үш жол мәтіні болу керек, және олардың екеуі
де арасындағы мәтінімен бірге беттің оптикалық ортасында беттеледі (2.25-
сурет, a). Бір бетте екі кішкентай форматты сурет орналасқан болса, оларды
іргелес, мәтінді бөліп орналастыруға болады. Егер олар жолдың толық
форматына қамтымаса, олардың арасындағы тік бос орын жиектерге
қарағанда әлдеқайда аз болуы керек (2.25, б).
Осы екі суретті орамаға да орналастыруға болады (суреттердің жалпы
пішімі теру жолының пішімінен үлкенірек болғанда, бұл жалғыз нұсқа):
бірінші сурет беттің сыртқы шетіне, екіншісі – түбіне қарай. Мұндай
иллюстрациялардың арасында кемінде үш толық форматты жолдар (жабық
беттеу кезінде) болу керек, және бүкіл топ оптикалық ортада орналасады;
беттеу ашық болғанда, бірінші сурет жоғарғы жағында, екіншісі - беттің
төменгі жағында орналасады (Сурет 2.26, а).
Егер мәтінді бөліп орналасқан суреттер биіктігі бойынша айтарлықтай
өзгеше болса, онда оларды төменгі сызық бойынша түзетіп, биіктігі
аласасының үстіне, форматы осы суреттің форматына тең, ал
биіктігі мәтіннің
төрт жолына тең, орама жасау керек (сурет 2.26, б).
Иллюстрацияларды ашық беттерге орналастыру.
Егер ашық беттердің екеуінде де суреттер мәтінді бөліп орналасса, онда
оларды төменгі сызық бойынша түзетіп, ұлкен суретті биіктікте бойынша
оптикалық ортаға орналастыру керек. Иллюстрациялардың биіктігіндегі
айырмашылықтар ұлкен болса, олар беттің оптикалық ортасында орналасады
(2.27а-сурет).
Сурет. 2.25. Екі суретті бір бетке орналастыру: a – бірінің
астына бірін; б – іргелес
55