Түсті қаріппен басып шығару көптеген қиындықтармен байланысты,
әсіресе шағын кегльдер үшін.
Кері басумен қаріпті теру, яғни ақ түспен қара түсте басып шығару,
тұтастай алғанда түспен басып шығару сияқты мәселелерді туындатады.
Басып шығару процесінде қара сия біршама жайылады, сондықтан кері
басу қаріпі пайдаланылған кезде әріптердің жұқа элементтері бояумен
толтырылады, ал қысылған элементтер үзіле бастайды. Бір-біріне өте
жақын орналасқан әріптер біріктірілуі мүмкін. Борпылдақ, қатқыл
немесе гигроскопиялық қағазда кері басу арқылы басып шығару
(мысалы, газетте) сияның таралуын арттырады.
Кейбір техникалық шешімдер бар, мысалы, фототеру автоматының
экспозициясын күшейту, ол нүктелердің неғұрлым дәл көрсетуді
қамтамасыз етеді және ақ аймаққа қара түстің ағылуын азайтады (іс
жүзінде бұл қаріпті аз ұстау болып табылады). Дегенмен, кері басумен
қаріпті терудің ең маңыздысы – гарнитураны мен қаріп өлшемін дұрыс
таңдау. Әлсіз контрасты қаріптер ыңғайлырақ (қалың сызықтар
үзілулерге жол бермейді) және жартылай қалың теру қаріптерін
қолданған жөн. Курсив қажет емес, өйткені әріптер, керткен таңбалары
бар түзу қаріптің белгілерінен гөрі, үзілулерге көбірек бейім. Бұған
қоса, әріптердің бір-біріне жабысып қалуын болдырмау үшін олардың
аралықтарын арттыру керек, яғни трекингті арттыру керек (7.3
бөлімшесін қараңыз). Әдеттегідей, гротеск қаріптері керткен таңбалары
бар қаріптерге қарағанда кері басып теру кезінде жақсы нәтиже береді.
Таралымды басып шығармас бұрын, қаріптің қалай болғанын, сынақ
баспа-таңбада басып, қарап шығу ұсынылады.
Жолдың ұзындығы. Жиектер. Оқылымға жолдың ұзындығы да
әсер етеді. Тым ұзын жолдар оқуды қиындатады, ал тым қысқа, қаріптің
тығыздығын теңдестіруге мүмкіндік бермейді, себебі сөздер арасында
бос орындар жеткіліксіз болады. Қалыпты мөлшерлі (10-шы өлшемі)
қаріпке жолдың ұзындығы 19 цицеро жарайды, яғни шамамен 8,5 см
(Цицеро – тағы бір ескі типографиялық өлшем бірлігі, 1 цицеро = 12
баспа пункті). Мысалы, жолдың ұзындығы 14-тен 28 цицероға дейін,
яғни 6,3-тен 12,6 см-ге дейін. Үлкен форматты беттер үшін мәтінді
бірнеше қатарға (бағандарға) бөлуге кеңес береді, бағандар арасындағы
ең аз ара қашықтық (орташа) бір цицероға (яғни шамамен 4,5 мм)
алынады. Бағандар арасындағы бөлу сызықтары оқылуға кедергі
жасайды, сондықтан олар пайдалануға ұсынылмайды.
Қаріптің басқа өлшемдерінің қаріптері үшін, жолдың ұзындығын
өздігінен есептеуге болады, осы қаріптің мінсіз түрі 50-60
таңбаларының еніне тең болады.
Жиектерге арналған эргономикалық талаптар өте қысқа: басылған
материал, сыртқы жиектер кемінде 12 мм болып, орналасуы керек.
Жиектерге қойылатын эстетикалық талаптарды 4.2. бөлімшесінен
қараңыз
46
Өшірілу. Полиграфияда бағанды теңестіру өшірілу деп аталады.
Жалаушалық өшірілу болады – сол жақты (яғни, сол жақ жиекпен
түзету) және оң жақты (оң жақ жиекпен түзету). Бұл жағдайда сөздер
мен әріптер арасындағы интервалдар бірдей болады, бірақ «еркін» жиек
біркелкі емес болып келеді, бұл оқуға қиындық тудырады, әсіресе
бірнеше бағандар жасағанда. Кітаптар мен журналдарда негізінен
формат бойынша өшірілу қолданылады, яғни барлық жолдар ұзындығы
бірдей болады және тікбұрышты құрайды.
Әріп аралық бос орындар. Әріп аралық бос орындар түсінігі,
кернинг және трекинг сияқты ұғымдарға байланысты.
Егер сіз барлық әріптер үшін бірдей әріп аралық бос орындарды
орнатсаңыз, қарағанда кейбір жұп әріптер үшін олар кішкентай болып
көрінеді (мысалы, H және П), ал басқалар үшін (мысалы, Г және A) –
пропорционалдығы жоқ үлкен, өйткені алфавиттің әріптері әртүрлі
геометриялық пішінге ие. Сондықтан, беттеу кезінде, осындай жұптарға
кернинг деп аталатын қосымша дәлдеу жасалады (2.16-сурет).
Сур. 2.16 Жұптардың кернингі
Әдетте, кернинг жұптары қаріп файлына жазылады, бұл жағдайда
кернинг беттеу процесінде автоматты түрде орындалады. Егер сіз ескі
қаріппен жұмыс жасалса немесе кернинг жұптары файлға дұрыс
жазылмаған жағдайда, кернингті қолмен реттеу керек (шағын мәтіндер
үшін, мысалы, атаулар немесе логотип, 7.3 бөлімін қараңыз) немесе осы
қаріпті пайдаланудан бас тарту қажет.
Трекингті (яғни нақыштар арасындағы қашықтықты) өзгерткен кезде
басып шығару мәтінін қабылдау ерекшеліктерін ескере алу тиіс. Жалпы
алғанда, сирек (сұйық) немесе, керісінше, тығыз трекинг оқуды
қиындатады. Бұл жағдайда үлкен қаріппен терілген мәтін, біраз тығыз
трекингте жақсырақ көрінеді. Керісінше, қажет болса, сөзді созу (немесе
ерекшелету) үшін босатуды, яғни өте сирек трекингті, қолдануға болады
(7.3 бөлімін қараңыз). Қаріптерді созбау (көптеген графикалық
редакторлар мүмкіндік беретін) керек, себебі бұл жеке әріптердің
пропорциясын бұзады.
Интерлиньяж — баспа пункттарымен өлшенетін, іргелес жолдардың
негізгі сызықтары арасындағы қашықтық. Қалыпты интерлиньяж
кегльдің шамамен 120% құрайды, яғни 10 кегльдің қаріпі үшін
интерлиньяж әдетте 12 пунктті құрайды. Егер интерлиньяж қаріптің
биіктігінен аз болса, мысалы, 10 кегльдің қаріп өлшемі үшін 8 болса,
47
Достарыңызбен бөлісу: |