Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету – тіл дамытудың басты міндеті



жүктеу 0,67 Mb.
Pdf просмотр
бет21/26
Дата19.11.2018
өлшемі0,67 Mb.
#21024
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

66 

 

ҚОСЫМШАЛАР 



 

1. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің үлгі жоспарлары 

Қыс қызығы (кешенді) 

Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінің  мақсаты:  Балалар-

дың қыс туралы түсініктерін кеңейте отырып, қысқы табиғатты 

бақылай білуге жаттықтыру. Қыс туралы өлең, тақпақ, жұмбақ, 

мақал-мәтел  үйрету.  Сол  арқылы  балалар  тілін  дамытып,  бай-

ланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. 



Тірек  сөздер:  мөлдір,  көктайғақ,  сырғанақ,  боран,  суық 

аяз, қырау, т.б. 



Алдын  ала  жүргізілетін  жұмыстар:  Қыс  туралы  өлең, 

тақпақтар, жұмбақтар, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер жаттатқызу. 



Тірек білім: Балалардың күзгі табиғат жайында алған бі-

лімдері. 



Базалық білім: Аяз, суық, боран, т.б. жаңа сөздерді сөз 

қорына енгізе отырып, қысқы табиғат ерекшеліктерімен таныс-

тыру. 

Барысы: Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті аулада, бақ-

ша алдындағы алдын ала әсем безендірілген алаңда өтеді. 



I.  Балалармен  әңгімелесу:  Жан-жақтарыңа  қарап,  қыс 

мезгілі туралы байқағандарыңды айтыңдар. 

(Айнала  аппақ,  қар.  Күн  ашық.  Қар  күнге  шағылысып 

жылт-жылт  етеді.  Қыста  қар  жауады.  Күн  суытады.  Боран,  аяз 

болады. Өзен, көлдер мұз болып қатады. Егер күн аздап жылын-

са

, қар еріп, жер көктайғақ



 болады. Көктайғақ – табиғи құбылыс) 

II. Жұмбақ шешу:  

Мамықтай ұлпа, 

Қанттай аппақ.            (Қар) 

Қыста жер бетін басады, 

Жазда сайға қашады.  (Қар) 

Қыста киген, 

Көктемде кеткен, 

Көрпе боп жатқан, 

Жылға боп аққан.        (Қар) 

 



67 

 

III.  Ө.Байділдаевтің “Қыс қызығы” әнін орындау. 

−  Балалар,  қардың  түсі  неге  ұқсайды  (аппақ  мамықтай, 

қантқа, сүтке ұқсайды)? 

−  Қардың ерігенде неге айналатынын балаларға айтқызу 

(қар суға, судың буға айналуы). 



IV.   Ойын – “Дәл түсіре біл” 

Балаларды  екі  топқа  бөлу.  Құрсауға  дәл  әрі  көп  қар 

түсіру.  

Ойынның шарты: Қай топтың баласы осыны орындаса, 

сол топтың балалары жеңімпаз атанады. 

Осы  тұста  балалардың  қолғабын  шештіріп,  олардың 

қолдарының  шымырлап  тоңа  бастағанын  анықтау:  Бұл  неден? 

(суықтан,  аяздан).  Олай  болса,  осы  жайында  сөйлем  құрастыр 

(Суықтан  қолымыз  тоңды.  Аяз  қолымызды  шымырлатты.  Қол-

ғапсыз қол тез тоңады, т.б.). 

Жұмбақ шешу:  

Қолы жоқ, сурет салады, 

Тісі жоқ, тістеп алады.      (Аяз) 

Қыс туралы жаттаған тақпақтарын айтқызу. 



Ә.Асылбаев “Қыс” 

Қыс дегенің ақ қала, 

Үлбіреген мақта ма? 

Тыным таппай күнұзақ, 

Тұрғызады аққала. 

Аққала, күнұзақ, үлбіреген деген сөздерді талдап, мағы-

насын түсіндіру. Осыларды қолданып сөйлем құрату. 

Абай  “Қыс” 

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, 

Соқыр-мылқау танымас тірі жанды. 

Үсті-басы аққырау, түсі суық, 

Басқан жері сықырлап келіп қалды. 

Өлеңдегі қиын сөздерді талдау. 

Балаларды  мұз  айдынына  әкеліп  әңгімелеу:  –  Балалар, 

мынау не? – Мұз… Мұздың табиғи құбылысқа жататынын, мұз 

–  судың  қатты  күйі  екенін  айтып,  оның  түсі  жайында  айтқызу 

(жылтыр,  әйнекке  ұқсайды,  ақ  түсті,  түссіз,  тағы  басқа).  Мұз 




68 

 

айдынындағы  ойын  түрлерін  ататқызу  (конкимен,  шанамен 



сырғанау). 

Ғ. Ормановтың “Сырғанау” өлеңін оқып беру. 

Қыста терезеге әсем-өрнек салатын – қырау. Ол өте ше-

бер, неше түрлі ою-өрнектерді терезе әйнегінен көреміз. Бұл да 

қыстың кереметі, табиғи құбылыс. 



Жұмбақ шешу: Жоқ қолы, не аяғы, 

Терезеге қонады. 

Әсем ою ояды, 

Көркем сурет салады.   (Қырау) 

Балалармен  қыс  мезгіліндегі  адамдардың  қар  тоқтату 

жұмыстарын  жүргізетіні  туралы  әңгімелесу.  Егін  алқаптарына 

қар жинау жайында көргендерін айтқызу. Бұл қардың көктемде 

еріп  суға  айналатынын,  оның  егінге  тигізетін  пайдасын  айтып 

түсіндіру.  Жер  бетін  қар  басқанда  қыстап  қалған  құстарға  жем 

беріп  аялаудың  керегін  айту.  Осы  жайында  сөйлем  құрату 

(Қарға,  сауысқан,  суық  торғай  –  қыстап  қалатын  құстар.  Қарға 

суыққа  төзімді.  Ол  қалдықтармен  қоректенеді.  Оның  тұмсығы 

өткір, т.б.). 

Балаларға  табиғи  құбылыстар  жайында  түсінік  берген-

нен  кейін  түрлі  (аяз,  бұлт,  қырау,  қар,  т.б.)  жаңылтпаштар  мен 

мақал-мәтелдер айтылады. 



Көктемгі  жаңбыр (бақылау) 

Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінің  мақсаты:  Балалар-

дың көктем туралы түсініктерін кеңейту. 

Табиғат  құбылыстары:  жаңбыр,  найзағай,  бұлттылық, 

кемпірқосақ,  т.б.  құбылыстарды  бақылатып,  түсіндіре  отырып, 

осының  негізінде  балаларды  байланыстырып  сөйлеуге  жаттық-

тыру, тілін дамыту, сөз қорын молайту. 

Тірек сөздер: найзағай, күркіреді, жаңбыр жауды, тамды, 

сіркіреді, құйып кетті, кемпірқосақ, т.б. 

Керекті құралдар: Табиғат қүбылыстарының картиналары. 

Тірек  білім:  Күнделікті  өмір  тәжірибелеріне  сүйену: 

Жаңбырдың жаууын бақылау, оның дыбысын есту, найзағайды, 

бұлтты,  кемпірқосақты  бақылау  арқылы  алған  білімдері.  Таби-

ғат  құбылыстары  жөнінде  жаттаған  тақпақ,  өлең,  жұмбақ,  жа-




69 

 

ңылтпаштары. 



Базалық білім: Осы құбылыстардың ауа райына тигізетін 

әсерін,  ылғалдылық,  бұлттылық,  топырақтағы  болатын  өзгеріс-

тері, т.б. 

І.  Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеті  музыка  тыңдаудан 

басталады.  «Жаңбыр»  әнін  тыңдатып,  оқушыларға  эмоциялық 

әсер ету, сұрақтар мен тапсырмалар беру: 

а) Өлең  не жайында айтылды? 

ә) Сендер жаңбырды бақылаған болатынсыңдар, сондағы 

байқағандарыңды айтып беріңдер (жауынға бетімізді, қолымыз-

ды тосып көргенбіз). 

б)  Жаңбыр жауғанда қандай дыбыстар естисіңдер? 

Ол  туралы  сөйле    құрастырыңдар  (жаңбыр  тырс-тырс 

етіп жауады). Тағы қалай айтуға   болады? (себелеп, құйып, нө-

серлеп жауады). 

ІІ.  а)  Тәрбиешінің  беретін  қысқаша  түсінігі:  Жаңбыр 

бұлттан  пайда  болады,  ұсақ  тамшылар  бір-бірімен  қосылып, 

ауырлайды  да  бұлттан  бөлініп,  жерге  түседі.  Ол  –  су  тамшы-

лары. Бұлт бірнеше түрлі болады: қою бұлт, сұрғылт бұлт, ақша 

бұлт,  т.б.  Бұлттар  қозғалып,  көшіп  отырады,  оны  қозғалатын 

желдің бағыты. Өте қою бұлттан нөсер жаңбыр жауады. 

б)  Осы  айтылған  түсінік  бойынша  сөйлем  құрату.    Ол 

үшін  тірек  сөздер  беріледі  (қою  бұлт,  нөсер,  сіркіреді,  тамшы-

лады, т.б.).  

Мәселен, балалар мынандай сөйлем құрастыруы мүмкін: 

аспанды қою бұлт басты; қою бұлттан нөсер жаңбыр жауды; күн 

бұлттанып   жаңбыр  сіркіреді;  жаңбыр  тамшылады;  аспанда ақ-

ша бұлттар көшіп жүр т.б.  

Балалардың  сөйлем  құрауына  тәрбиеші  назар  аударып 

тірек сөздерді есіне түсіреді.  Олардың құрған  сөйлемдерін қай-

талатып,  бүкіл баланың назарын сөйлемнің мәніне аударады. 

ІІІ.   Көрнекілікпен   жұмыс:   жаңбырлы   күнді   бейне-

лейтін      сурет  бойынша  балалардың  әңгіме  құрастыруына  жағ-

дай жасау:  

– Суреттегі көріністі байқап қарап ат қойыңдар.  

– Осы көрініс туралы әңгімелеңдер. 



жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау