Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет186/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   192

      Ескерту түрiндегi әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны осы Кодекстiң 823-бабына 
сәйкес қаулының көшiрмесiн тапсыру немесе жiберу жолымен қаулы шығарған судья, орган 
(лауазымды адам) орындайды.
 
      893-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны өз еркімен орындау
 
      1. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға айыппұлды қаулы заңды күшіне енген 
күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей төлеуге тиіс.
 
      Айыппұл осы Кодекстiң 888-бабында көзделгендей кейiнге қалдырылған жағдайда, 
әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған тұлға кейінге қалдыру мерзімі өткен күннен бастап 
төлеуге тиiс.
 
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салынған айыппұлды айыппұл салу туралы 
қаулыны шығарған, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама берген судьяны немесе органды 
(лауазымды адамны) жазбаша нысанда кейіннен хабардар ете отырып, белгіленген тәртіппен 
мемлекеттік бюджетке жеке тұлға енгізеді немесе заңды тұлға аударады.
 
      894-бап. Жеке тұлғаға, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа,
 
                 жеке сот орындаушысына және адвокатқа айыппұл
 
                салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату
 
      1. Айыппұл салу туралы қаулыны сот, уәкілетті орган (лауазымды адам) жауаптылыққа 
тартылған тұлғаның жалақысынан немесе өзге де кірістерінен айыппұл сомасын мәжбүрлеу 
тәртiбiмен ұстап қалу үшiн ол жұмыс iстейтiн не сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын 
ұйымның әкiмшiлiгiне жiбередi. Айыппұл ұстап қалу алты айдан аспайтын мерзiмде 
жүргізіледі. Айыппұлды өндiрiп алу кезектілігі Қазақстан Республикасының Азаматтық 
кодексiнде көзделген тәртiппен жүргiзiледi.
 
      2. Жауаптылыққа тартылған адам жұмыстан босатылған не оның жалақысынан немесе өзге 
де кірістерінен айыппұл өндіріп алу мүмкiн болмаған жағдайларда, ұйымның әкiмшiлiгi 
жұмыстан босатылған немесе өндіріп алуға мүмкiндік бермеуге әкеп соғатын оқиға басталған 
күннен бастап он күндік мерзiмде, айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі 
туралы нұсқаманы жауаптылыққа тартылған адамның жаңа жұмыс орнын (егер ол белгiлi 
болса), өндiрiп алуға мүмкіндік бермеген себептердi көрсетiп, сондай-ақ жүргiзiлген 
ұстап қалулар (егер мұндай жүргiзiлсе) туралы белгi соғып, қаулы шығарған сотқа, органға 
(лауазымды адамға) қайтарады.
 
      3. Егер айыппұл салынған жеке тұлға жұмыс iстемейтін болса немесе басқа да 
себептер бойынша айыппұлды жалақысынан немесе өзге де табыстарынан өндiрiп алу мүмкiн 
болмаса, қаулыны шығарған сот, уәкілетті орган айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл 
төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген 
тәртiппен мәжбүрлеп орындату үшiн сот орындаушысына жiбередi.
 
      4. Мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, 
сондай-ақ дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және 
адвокаттарға қатысты салық салу саласындағы өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша 
айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген 
тәртiппен мемлекеттік кіріс органдары орындайды.
 
      
Ескерту. 894-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 
бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      895-бап. Заңды тұлғаға айыппұл салу туралы қаулыны
 
                мәжбүрлеп орындату
 
      1. Айыппұл салу туралы қаулыны сот, уәкiлеттi орган (лауазымды адам) Қазақстан 
Республикасының азаматтық заңнамасында, Қазақстан Республикасының ақша төлемі мен 
аударымы туралы, атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы 
заңнамасында белгiленген тәртiппен заңды тұлғаның банктік шотынан оның келiсiмінсiз 
ақшаны алып қою үшiн сот орындаушысына жiбередi.
 
      Мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-
ақ салық салу саласындағы өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салу 


туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен 
мемлекеттік кіріс органдары орындайды.
 
      2. Банк немесе банк операцияларының өзге түрлерін жүзеге асыратын ұйым айыппұл 
сомасын белгіленген тәртіппен бюджетке аударуға міндетті.
 
      3. Заңды тұлғаның шоттарында ақша болмаған жағдайда, сот орындаушысы Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес борышкерге тиесілі басқа мүліктен өндіріп алуды 
қолданады.
 
      
Ескерту. 895-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 
бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      896-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындатуға
 
                жіберу тәртібі
 
      1. Айыппұл салу туралы қаулы немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама 
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан 
Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сот орындаушыларына, жеке сот 
орындаушыларының өңірлік палаталарына айыппұл салу туралы қаулыны немесе айыппұл төлеу 
қажеттігі туралы нұсқаманы ерікті түрде орындау мерзімі өткеннен кейін он күн ішінде 
жіберіледі.
 
      Айыппұл салу туралы қаулы немесе айыппұл төлеу қажеттiгi туралы нұсқама 
мемлекеттік сот орындаушыларына және жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына 
жіберілген кезде оған айыппұл сомасының мемлекет кірісіне түспегені туралы мәліметтер 
қоса беріледі.
 
      2. Осы Кодекстің талаптары бұзыла отырып, мәжбүрлеп орындатуға жіберілген айыппұл 
салу туралы қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама әкімшілік жазаны қолданған 
мемлекеттік органға қайтарылуға жатады.
 
      3. Айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы әкімшілік 
жаза қолданған органға қайтару, олардың кемшіліктерін жоя отырып, мәжбүрлеп орындатуға 
қайта жіберу үшін кедергі болмайды.
 
      
Ескерту. 896-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015
 № 376-V 
Заңымен (01.01.2016 
бастап
 қолданысқа 
енгізіледі).
 
      897-бап. Әкімшілік жазалардың жекелеген түрлерін орындау
 
                тәртібі
 
      1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органы жіберген 
(тапсырған) мемлекеттік кіріс органына келу туралы алынған хабарлама және (немесе) 
хабардар ету негізінде құқық бұзушылықты жасау фактісін мойындаған және айыппұлды 
төлеумен келіскен адам хабарлама немесе хабардар ету алынған (тапсырылған) күннен 
кейінгі күннен бастап он тәулік ішінде айыппұлды төлейді.
 
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар олардың берілген күні, жаза 
қолданған лауазымды адамның лауазымы, тегі, аты-жөні туралы мәліметтерді, әкімшілік 
жауаптылыққа тартылған тұлға, осы Кодекстің осы құқық бұзушылық үшін жауаптылықты 
көздейтін бабы, әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалу уақыты мен орны, әкімшілік айыппұл 
сомасы, айыппұлды төлеу үшін деректемелер туралы мәліметтерді де қамтиды.
 
      3. Осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда, 
әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу осы Кодексте көзделген тәртіппен 
жүзеге асырылады.
 
      
Ескерту. 897-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 
бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      898-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны орындау бойынша iс
 
                жүргiзудi аяқтау
 
      Айыппұл толық өндіріп алынған айыппұл салу туралы қаулы орындалғаны туралы белгi 
соғылып, қаулы шығарған органға (лауазымды адамға) қайтарылады.
 
      899-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау