нысанасы болған нәрсені, сол сияқты әкімшілік
құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған
мүлікті тәркілеу туралы қаулыны орындау
1. Судьяның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған нәрсені,
сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған мүлікті, оның ішінде
кірістерді (дивидендтерді), ақша мен бағалы қағаздарды тәркілеу туралы
қаулысын заңнамада көзделген тәртіппен – сот орындаушысы, ал қаруды, оқ-дәрiлерді,
арнаулы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнаулы техникалық құралдар мен
ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарын және есірткі заттарын тәркілеу туралы
қаулысын iшкi iстер органы орындайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған тәркіленген
нәрсені өткізу немесе одан әрі пайдалану Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген
тәртіппен жүргiзiледi.
900-бап. Арнайы құқықтан айыру туралы қаулыны орындайтын
органдар
1. Тракторларды, өздiгiнен жүретiн машиналар мен техниканың басқа да түрлерiн
қоспағанда, көлiк құралдарын басқару құқығынан айыру туралы судьяның қаулысын iшкi iстер
органдарының лауазымды адамдары орындайды.
2. Тракторды, өздiгiнен жүретiн машинаны немесе техниканың басқа да түрлерiн
басқару құқығынан айыру туралы судьяның қаулысын өздiгiнен жүретiн машиналар мен
техниканың басқа да түрлерiнiң техникалық жай-күйiне мемлекеттiк қадағалауды жүзеге
асыратын органдардың лауазымды адамдары орындайды.
3. Кемелердi, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердi басқару құқығынан айыру туралы
судьяның қаулысын кемелердi, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердi пайдалану қағидаларының
сақталуына мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды
адамдары
орындайды.
4. Радиоэлектрондық және жоғары жиiлiктi құралдарды пайдалану құқығынан айыру
туралы судьяның қаулысын байланысқа мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдардың
лауазымды адамдары орындайды.
5. Аң аулау құқығынан айыру туралы судьяның қаулысын аң аулау қағидаларының
сақталуына мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдары
орындайды.
6. Қаруды алып жүру және сақтау құқығынан айыру туралы соттың қаулысын iшкi iстер
органдарының лауазымды адамдары орындайды.
901-бап. Арнайы құқықтан айыру туралы қаулыны орындау
тәртiбi
1. Көлiк құралдарын, кемелердi немесе техниканың өзге де түрлерiн басқару
құқығынан айыру туралы қаулыны орындау, егер жүргiзушi, кеме жүргiзушiсi
немесе
тракторшы-машинист (тракторшы) көлiк құралдарының, кемелердiң (оның iшiнде шағын көлемдi
кемелердiң) және басқа да техниканың барлық түрлерiн басқару құқығынан айырылған болса,
тиiстi жүргiзушi
куәлiгiн, кемелердi, оның iшiнде шағын
көлемдi кемелердi басқару
құқығына куәлiктi немесе тракторшы-машинист (тракторшы) куәлiгiн алып қою арқылы
жүргiзiледi.
2. Егер жүргiзушi, кеме жүргiзушiсi немесе тракторшы-машинист (тракторшы) көлiк
құралдарының, кемелердiң, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердiң немесе өзге де техниканың
барлық түрлерiн басқару құқығынан айырылмаған болса, онда жүргiзушi куәлiгiнде, шағын
көлемдi кеменi басқару құқығына куәлiкте немесе тракторшы-машинист (тракторшы)
куәлiгiнде
олардың көлiк құралдарының, шағын көлемдi кемелердiң, өздiгiнен жүретiн
құрылғылардың қандай түрлерiн басқару құқығынан айырылғаны туралы атап көрсетіледі.
3. Көлiк құралдарын немесе кемені басқару құқығына куәлiктi алып қою тәртiбiн
уәкiлеттi орган белгiлейдi.
4. Көлiк құралдарын, кеменi басқару құқығынан не тракторды немесе өзге де
өздiгiнен жүретiн машинаны басқару құқығынан айырылған жүргiзушi (кеме жүргiзушiсi)
немесе тракторшы-машинист (тракторшы) жүргiзушi куәлiгiн, кеме басқару құқығына куәлiктi
немесе тракторшы-машинист (тракторшы) куәлiгiн тапсырудан жалтарған жағдайда, iшкi iстер
органдары, кемелердi, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердi пайдалану қағидаларының
сақталуына мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдар, сондай-ақ өздiгiнен жүретiн
машиналар мен техниканың басқа да түрлерінің техникалық жай-күйiне мемлекеттiк
қадағалауды жүзеге асыратын органдар белгiленген тәртiппен жүргiзушi куәлiгiн, кеме
басқару құқығына куәлiктi немесе тракторшы-машинист (тракторшы) куәлiгiн алып қоюды
жүргізеді.
5. Әкiмшiлiк жазаның осы түрi қолданылған адамға арнайы құқығынан айыру мерзiмi
өткеннен кейiн алып қойылған құжаттары белгiленген тәртiппен қайтарылады.
902-бап. Аң аулау құқығынан айыру туралы қаулыны орындау
тәртiбi
1. Аң аулау құқығынан айыру туралы қаулыны орындау аңшылық билеттi алып қою арқылы
жүргізіледі.
2. Аң аулау құқығынан айырылған тұлға аңшылық билетiн тапсырудан жалтарған
жағдайда, аңшылық билетті алып қоюды аң аулау қағидаларының сақталуына мемлекеттiк
қадағалауды жүзеге асыратын органдар белгiленген тәртiппен жүргізеді.
903-бап. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары
жиiлiктi құрылғыларды пайдалану құқығынан айыру
туралы қаулыны орындау тәртiбi
1. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану
құқығынан айыру туралы қаулыны орындау радиоэлектрондық құралды немесе жоғары жиiлiктi
құрылғыны пайдалануға арналған рұқсатты алып қою арқылы жүргiзiледi.
2. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану
құқығынан айырылған тұлға радиоэлектрондық құралды немесе жоғары
жиiлiктi құрылғыны
пайдалануға арналған рұқсатты тапсырудан жалтарған жағдайда, тиiстi уәкiлеттi
мемлекеттiк орган радиоэлектрондық құралды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыны пайдалануға
арналған рұқсатты алып қоюды белгiленген тәртiппен жүргізеді.
3. Радиоэлектрондық құралды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыны пайдалануға арналған
рұқсатты алып қою тәртiбiн ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi орган
белгiлейдi.
Ескерту. 903-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015
№ 419-V
Заңымен (01.01.2016
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
904-бап. Қаруды алып жүру және сақтау құқығынан айыру
туралы қаулыны орындау тәртiбi
Қаруды алып жүру және сақтау құқығынан айыру туралы қаулыны орындау iшкi iстер
органдарының тиiстi куәлiкті және қаруды заңнамада көзделген тәртiппен алып қоюы арқылы
жүргізіледі.
905-бап. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру
туралы қаулыны орындау
Жеке тұлғаны, дара кәсiпкердi немесе заңды тұлғаны рұқсаттан айыру не оның
қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулы осы Кодексте және рұқсаттар мен хабарламалар
туралы заңнамада белгiленген тәртiппен орындалады.
906-бап. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру
туралы қаулыны орындайтын органдар
Жеке тұлғаны, дара кәсiпкердi немесе заңды тұлғаны рұқсаттан айыру не оның
қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулыны рұқсат берген органдардың лауазымды адамдары
орындайды.