Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет184/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   192

көрсетілген құжаттарды қарап-тексеруге және алуға дипломатиялық өкiлдiк немесе консулдық 
басшысының келiсiмiн прокурор Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi арқылы 
сұратады.
 
      6. Үй-жайларға кiруге, оларға қарап-тексеру жүргiзуге, сондай-ақ осы баптың 
төртiншi бөлiгiнде көрсетілген құжаттарды қарап-тексеруге және алуға дипломатиялық 
өкiлдiк немесе консулдық басшысының өтінуін немесе келiсiмiн алған жағдайда, олар 
прокурордың және Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi өкiлiнiң қатысуымен 
жүргiзiледi.
 
   50-тарау. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ІС 
ЖҮРГІЗУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ОРГАНДАРДЫҢ ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ 
ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ҚҰЗЫРЕТТІ 
МЕКЕМЕЛЕРІМЕН ЖӘНЕ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫ 
      880-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша
 
                құқықтық көмек көрсетудің жалпы шарттары
 
      1. Қазақстан Республикасы құқықтық көмек туралы халықаралық шарт жасасқан шет 
мемлекеттердiң соттарына, органдарына (лауазымды адамдарына) құқықтық көмек көрсету 
тәртібімен не өзара түсіністік негiзінде осы Кодексте көзделген іс-қимылдар, сондай-ақ 
Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен халықаралық шарттарында көзделген өзге де 
іс-қимылдар жүргiзiлуi мүмкiн.
 
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың ережелерi осы 
Кодекске қайшы келетiн жағдайда, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
 
      3. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, құқықтық 
көмек көрсетуге байланысты шығыстарды өз мемлекетiнiң аумағында сұрау салынған мекеме 
көтереді.
 
      881-бап. Ақпаратты және құжаттарды беру туралы сұрау
 
                 салуларды және жекелеген процестік әрекеттерді
 
                 жүргізу туралы тапсырмаларды жіберу
 
      1. Ақпаратты және құжаттарды беру туралы сұрау салулар, жекелеген процестік 
әрекеттерді жүргізу туралы тапсырмалар Қазақстан Республикасы ратификациялаған 
халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда, соттар, органдар (лауазымды адамдар) 
арасында жіберілуі мүмкін.
 
      2. Ақпаратты және құжаттарды беру туралы сұрау салуды, жекелеген процестік 
әрекеттерді жүргізу туралы тапсырманы қандай сотқа, органға жіберуді анықтау мүмкін 
болмаған жағдайларда, олар сұрау салынатын Тараптың орталық органына жіберіледі.
 
      3. Ақпаратты және құжаттарды беру туралы сұрау салу, жекелеген процестік 
әрекеттерді жүргізу туралы тапсырма жазбаша нысанда органның бланкісінде ресімделеді 
және онда:
 
      1) тиісті Тараптың сұрау салынатын органының атауы;
 
      2) тиісті Тараптың сұрау салушы органының атауы;
 
       3) қолданылатын заң мәтіні қоса беріліп, құқық бұзушылықтың және өзге де оған 
қатысты фактілердің егжей-тегжейлі сипаттамасы, тауарлардың құны туралы, залал мөлшері 
туралы деректер, сұрау салушы Тараптың заңнамасына сәйкес іс-әрекеттің заңдық саралануы; 
 
      4) өздеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп 
жатқан тұлғалардың, куәлардың аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және тегі, олардың 
тұрғылықты жері немесе болатын жері, азаматтығы, кәсiбiнiң түрi, туған жері мен жылы, 
айы, күні, заңды тұлғалар үшiн – олардың толық атауы және орналасқан жерi (егер 
санамаланған мәліметтер туралы ақпарат бар болса);
 
      5) құжатты тапсыру туралы тапсырмада алушының нақты мекенжайы мен тапсырылатын 
құжаттың атауы да көрсетілуге тиіс;
 
      6) ұсынылуға не орындалуға жататын мәліметтер мен әрекеттер тізбесі (сауал жүргізу 
үшін қандай мән-жайлардың анықталуы әрі нақтылануы тиіс екендігін, сондай-ақ сауал 


жүргізілетін тұлғаға қойылатын сұрақтардың дәйектілігі мен тұжырымдамасын көрсету қажет) 
қамтылуға тиіс.
 
      4. Ақпаратты және құжаттарды беру туралы сұрау салу, жекелеген процестік 
әрекеттерді жүргізу туралы тапсырма:
 
      1) талап етілетін іс-шаралардың орындалу мерзімінің көрсетілуін;
 
      2) сұрау салуда көрсетілген іс-шараларды белгіленген тәртіппен жүргізу туралы 
өтінішхатты;
 
      3) сұрау салушы Тарап органдары өкілдерінің сұрау салуда көрсетілген іс-шаралардың 
орындалуы кезінде қатысуға, сондай-ақ егер бұл Тараптардың заңнамасына қайшы келмесе, 
олардың орындалуына қатысуға мүмкіндік беру туралы өтінішхатты;
 
       4) сұрау салуды, тапсырманы орындауға байланысты өзге де өтінішхаттарды да қамтуы 
мүмкін. 
 
      5. Ақпаратты және құжаттарды беру туралы сұрау салуға, жекелеген процестік 
әрекеттерді жүргізу туралы тапсырмаға сұрау салушы органның басшысы немесе оның 
орынбасары қол қояды. Сұрау салуға, тапсырмаға сұрау салу, тапсырма мәтінінде сілтеме 
жасалған құжаттардың қолда бар көшірмелері, олардың тиісінше орындалуына қажетті өзге де 
құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс.
 
      6. Тараптардың органдары процестік құжаттарды пошта арқылы басқа Тараптың 
аумағындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушыларға 
тікелей жөнелтуі мүмкін.
 
      7. Қосымша мәліметтер алу, алдыңғы сұрау салуды немесе тапсырманы орындау 
шеңберінде алынған ақпаратты нақтылау қажет болған кезде, ақпараттар мен құжаттарды беру 
туралы сұрау салуды, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жекелеген 
процестік әрекеттерді жүргізу туралы тапсырманы қайталап жіберуге жол беріледі.
 
      882-бап. Ақпаратты және құжаттарды беру туралы сұрау
 
                 салуларды және жекелеген процестік әрекеттерді
 
                 жүргізу туралы тапсырмаларды орындау тәртібі
 
      1. Сот, орган (лауазымды адам) өздеріне белгіленген тәртіппен берілген, шет 
мемлекеттердің тиісті мекемелері мен лауазымды адамдарының процестік әрекеттерді жүргізу 
туралы тапсырмаларын осы Кодекстің жалпы қағидалары бойынша орындайды.
 
      2. Тапсырманы орындау кезінде, егер бұл Қазақстан Республикасының сол мемлекетпен 
халықаралық шартында көзделсе, шет мемлекеттің процестік нормалары қолданылуы мүмкін.
 
      3. Халықаралық шартта көзделген жағдайларда тапсырманы орындау кезінде басқа 
мемлекеттің құзыретті мекемесінің өкілі қатыса алады.
 
      4. Егер сұрау салуды (тапсырманы) орындау мүмкін болмаса, оны орындауға кедергі 
келтірген себептер көрсетіле отырып, алынған құжаттар тапсырма берген шетелдік мекемеге 
қайтарылады. Егер тапсырманың орындалуы Қазақстан Республикасының егемендігіне немесе 
қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін болса не заңнамасына қайшы келсе, ол қайтарылады.
 
   5-БӨЛIМ. ӘКІМШІЛІК ЖАЗАЛАР ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ ҚАУЛЫЛАРДЫ ОРЫНДАУ 
   51-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР 
      883-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша
 
                қаулының заңды күшiне енуi
 
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы:
 
      1) егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым берiлмесе немесе 
наразылық келтірілмесе, оған шағым беру үшiн белгiленген мерзiм өткеннен кейiн;
 
      2) шағым, наразылық бойынша қаулы шығарылғаннан кейiн дереу;
 
      3) осы Кодекстің 811-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда дереу заңды 
күшiне енедi.
 
     
 Ескерту. 883-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015
 № 432-V 
Заңымен (01.01.2016 
бастап
 қолданысқа 
енгізіледі).
 
      884-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау