2. Іс бойынша іс жүргiзудi тоқтату туралы қаулы өзiне қатысты іс бойынша iс
жүргiзу тоқтатылған тұлғаның шағымы бойынша тоқтатудың негiздерi бөлiгiнде өзгертiлуi
мүмкiн.
846-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша
қаулыға шағым, наразылық бойынша қаулыны жария
ету
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық бойынша
қаулы шығарылғаннан кейiн дереу жария етiледi.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық бойынша
қаулы шығарылғаннан кейiн оның көшiрмесi үш тәулiкке дейiнгi
мерзiмде iс бойынша өзіне
қатысты қаулы шығарылған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне, шағымды өзi берген
немесе оның өтiнiшi бойынша берілген жағдайда жәбiрленушiге,
наразылық келтірген
прокурорға тапсырылады немесе жiберiледi.
3. Әкiмшiлiк қамаққа алу туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық бойынша қаулы
- қаулыны орындайтын органның (лауазымды адамның), сондай-ақ бұл өзiне қатысты
шығарылған тұлғаның назарына қаулы шығарылған күнi жеткiзiледi.
46-тарау. ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНГЕН СОТ ҚАУЛЫЛАРЫН ҚАЙТА ҚАРАУ
Ескерту. 46-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен
(01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
847-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша
заңды күшiне енген қаулыларды және оларға
шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелерi
бойынша қаулыларды қайта қараудың кассациялық
тәртiбi
Ескерту. 847-бап алып тасталды - ҚР 31.10.2015
№ 378-V
Заңымен (01.01.2016
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
848-бап. Істерді талап етіп алдырудың және заңды күшіне
енген сот актілеріне наразылық келтіру туралы
өтінішхаттарды қараудың тәртібі мен себептері
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры,
оның
орынбасарлары, облыстардың прокурорлары мен оған теңестірілген прокурорлар
қадағалау тәртібімен тексеру үшін тиісті соттан талап етіп алдыра алады.
2. Осы Кодекстің 851-бабында аталған тұлғалардың өтінішхаттары істерді талап етіп
алдыруға себептер болып табылады.
3. Прокурордың істі талап етіп алдыру туралы сұрау салуын сот оның сотқа келіп
түскен күнінен бастап жеті тәуліктен кешіктірмей орындайды.
4. Іс талап етіліп алдырылған жағдайда кассациялық наразылық келтіру туралы
өтінішхатты прокурор істің прокуратураға келіп түскен күнінен бастап отыз тәулік ішінде
қарауға тиіс.
5. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына берілетін кассациялық наразылық
келтіру туралы өтінішхатта:
1) өтінішхат жолданған лауазымды адамның атауы;
2) өтінішхатты беруші адамның атауы; оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері және
іс бойынша процестік жағдай;
3) істі бірінші, апелляциялық сатыларда қараған соттарды және олар қабылдаған
шешімдердің
мазмұнын көрсету;
4) наразылық келтіру ұсынылып отырған сот қаулысын көрсету;
5) материалдық не процестік құқық нормаларын елеулі бұзушылықтың мәні неден
көрінетінін және өтінішхатты беруші адам өтінішінің неден тұратынын көрсету қамтылуға
тиіс.
6. Өтінішхатқа өтінішхатты беруші адам немесе оның өкілі қол қоюға тиіс. Өкіл
берген өтінішхатқа сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын басқа да құжат қоса
берілуге тиіс.
7. Өтінішхатқа іс бойынша шығарылған қаулының сот куәландырған көшірмелері қоса
берілуге тиіс.
7-1. Өтінішхат жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған
электрондық құжат нысанында берiлуі мүмкін.
8. Өтінішхат осы баптың бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінің талаптарына
сәйкес келмеген жағдайда, оны берген адамдарға қайтарылуға жатады.
Ескерту. 848-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014
№ 272-V
(01.01.2015 бастап
қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015
№ 378-V
(01.01.2016
бастап
қолданысқа
енгізіледі)
Заңдарымен.
849-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша
қаулыларға және оларға шағымды, наразылықты
қарау нәтижелерi бойынша қаулыларға наразылық
келтіру, шағым беру
Ескерту. 849-бап алып тасталды - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016
бастап қолданысқа енгізіледі).
850-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын
тоқтата тұру
Заңды күшiне енген қаулыларға наразылық келтіру осы қаулылардың орындалуын тоқтата
тұрады.
Ескерту. 850-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015
№ 378-V
Заңымен (01.01.2016
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
851-бап. Заңды күшіне енген қаулыларға шағымдарды,
наразылықтарды қарау нәтижелері бойынша
қаулыларды қайта қараудың кассациялық тәртібі
Ескерту. 851-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен
(01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы кемінде үш
судьяның құрамында Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры мен оның орынбасарларының
наразылығы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы кез келген iс бойынша заңды күшiне
енген
қаулының, сол сияқты қаулыға шағымды, наразылықты қарау нәтижелерi бойынша
қаулының заңдылығын және негiздiлiгiн тексеруге және қабылданған шешiмдi наразылық
түскен күннен бастап отыз тәулік ішінде қайта қарауға құқылы.
Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының қаулылары қабылданған кезден бастап
заңды күшіне енеді.
2. Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған тұлғаның не өзiне қатысты әкiмшiлiк iс жүргiзу
тоқтатылған тұлғаның жағдайын нашарлататын жағына қарай наразылық соттың қаулысы заңды
күшiне енген күннен бастап бiр жыл iшiнде берiлуі мүмкін.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларға, оларға шағым,
наразылық бойынша сот қаулыларына наразылық келтіру осы Кодекстің 833-бабында
көрсетілген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
4. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына кассациялық наразылық келтіру
туралы өтінішхатты беруге әкiмшiлiк жауаптылыққа
тартылған тұлғаның, жәбірленушінің,
қорғаушылардың, заңды өкілдердің және аталған тұлғалар өкілдерінің, сондай-ақ өзінің
орталық органдары арқылы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асырушы уәкілетті органдардың
(лауазымды адамдардың) құқығы бар.