2. Арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды
(күзет сигналын беруді қоспағанда) көлiк құралына тиiстi рұқсатсыз орнату –
көрсетілген құрылғылар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма бес, шағын
кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екi жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Көлiк құралының сыртқы жағына жедел және арнайы қызметтер автомобильдерiнiң
арнайы түстi-графикалық схемаларын заңсыз жазу –
жеке тұлғаларға – жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық
емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екi жүз, iрi кәсiпкерлiк
субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
604-бап. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау
қағидаларын бұзу
1. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау қағидаларын бұзу –
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне –
отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаны біліктілік куәлігінен айыруға, көлік құралдарының жүргізушілерін
даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының қызметін үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып,
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 604-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.03.2016
№ 479-V
Заңымен (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн
өткен соң қолданысқа
енгізіледі).
605-бап. Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы
заңнамасын бұзу
1. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының «Жол жүрісі
туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген міндеттерді орындамауы –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының қызметіне тыйым
сала отырып, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, орта
кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының жол жүрісі
қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан
Республикасының жол
жүрісі туралы заңнамасының бұзылуын жою туралы жазбаша нұсқамасын белгіленген мерзімде
орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы –
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 605-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.03.2016
№ 479-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
606-бап. Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын
авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы
1. Жол жүрiсiне қатысушының авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан, яғни жол
жүрiсiне басқа да қатысушыларды жүру
жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуге мәжбүр етiп,
жол жүрiсi қағидаларын бұзуы –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
алты ай мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
607-бап. Темiржол өтпелерiнен өту қағидаларын бұзу
1. Темiржол өтпелерiнен тыс жерден темiржолды кесiп өту, жабық тұрған немесе
жабылып жатқан шлагбаумнан не бағдаршамның немесе өтпе кезекшiсiнің тыйым салатын
сигналы берілген кезде темiржол өтпелерiне шығу, сол сияқты темiржол өтпесiнде тоқтау
немесе тоқтап тұру –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
алты ай мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
608-бап. Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік,
есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде
басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік,
есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң
күйдегі адамның басқаруына беру
1. Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық
масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе)
уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру –
көлік құралын басқару құқығынан үш жыл мерзімге айыруға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан
әрекеттер –
көлік құралын басқару құқығынан төрт жыл мерзімге айыруға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық
жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді,
жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер
–
көлік құралын басқару құқығынан бес жыл мерзімге айыруға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза
мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және алты жыл мерзімге көлік құралын
басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін
бір
жыл ішінде қайталап жасалған, осы баптың төртінші бөлігінде көзделген әрекеттер –
отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және он жыл мерзімге көлік құралдарын
басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
6. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, көлік құралдарын
басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттер –
жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін
бір жыл ішінде қайталап жасалған, осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әрекеттер –
отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
8. Осы баптың алтыншы және жетінші бөліктерінде көзделген, осы Кодекстің 50-
бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған
әрекеттер –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.