отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, көлік құралын басқару құқығынан
айырылған не ондай құқығы жоқ адам жасаған әрекет –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
597-бап. Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру
қағидаларын бұзу
1. Осы Кодекстің 593-бабының бірінші бөлігінде, 607-бабында және осы баптың
екінші, үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көлік құралдарын тоқтату
немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлік құралдарын тротуарда тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу, сондай-
ақ көлік құралдарын гүлзарларда, балалар немесе спорт алаңдарында тоқтату немесе тоқтап
тұру –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Басқа көлік құралдарының жол жүрісіне кедергі келтіруге әкеп соққан, көлік
құралдарын жолдың жүру бөлігінде тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Мүгедектердің көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру үшін бөлінген
жерлерде көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті
атқарушы органдары айқындаған, көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және
олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы
құрылғылармен жабдықталған орындарда орынтұраққа қойғаны үшін төлем төлеуден жалтару –
үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4-2. Осы баптың 4-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза
қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін
бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 597-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.05.2015
№ 312-V
Заңымен (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
598-бап. Арнайы жарық және дыбыс сигналдары iске қосылған
жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының
жүруiне басымдық бермеу
1. Бiр мезгiлде жарқылдауық маягi мен арнайы дыбыс сигналы iске қосылған жедел
және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу –
жетi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сыртқы жағында арнайы түстi-графикалық схемалар, жазулар және белгiлеулер бар,
бiр мезгiлде жарқылдауық маягi мен арнайы дыбыс сигналы iске қосылған жедел және арнайы
қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза
қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
599-бап. Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе
реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту
1. Осы Кодекстiң 607-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда,
бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай
өту –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
600-бап. Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де
қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу
1. Жол жүрісінде басымдықты пайдаланатын көлiк құралдарының жүргiзушiлерiн
қоспағанда, жол жүрiсi қағидаларының жаяу жүргiншiлерге немесе жол жүрiсiнiң өзге де
қатысушыларына жол беру талаптарын орындамау –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
601-бап. Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi
таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол
белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау
–
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
602-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінің жүргiзiп
үйренудi өткiзу, сыртқы жарық түсiру аспаптарын
және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану,
авариялық сигнал берудi қолдану қағидаларын
бұзуы
1. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жүргiзiп үйренудi өткiзу, сыртқы жарық түсiру
аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал беру мен
авариялық тоқтау белгiсiн қолдану қағидаларын бұзуы –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
жетi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
603-бап. Көлiк құралына арнайы жарық және (немесе) дыбыс
сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату
қағидаларын бұзу не жедел және арнайы қызметтер
автомобильдерiнiң арнайы түстi-графикалық
схемаларын заңсыз жазу
1. Көлiк құралының алдыңғы бөлiгiне қызыл түстi жарығы бар жарық аспаптарын немесе
қызыл түстi жарық қайтаратын бейімдеме құрылғыларды, сол сияқты түсi мен жұмыс режимi
көлiк құралдарын пайдалануға жiберудiң талаптарына сәйкес келмейтiн жарық аспаптарын
орнату –
көрсетілген аспаптар мен бейімдеме құрылғылар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға –
он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс,
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың
бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Достарыңызбен бөлісу: |