5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін
бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және алты жыл мерзімге көлік құралын
басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін
бір жыл ішінде қайталап жасалған, осы баптың бесінші бөлігінде көзделген әрекет –
отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және он жыл мерзімге көлік құралдарын
басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
7. Осы баптың төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде көзделген, көлік құралын
басқару құқығынан айырылған адам жасаған әрекеттер –
жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін
бір жыл ішінде қайталап жасалған, осы баптың жетінші бөлігінде көзделген әрекеттер –
отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
9. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ
адамдар жасаған әрекет –
жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
10. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін
бір жыл ішінде қайталап жасалған, осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген әрекет –
отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
11. Осы баптың жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде көзделген,
осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын
адамдар жасаған әрекеттер –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Жүргізушіні ішкі істер (полиция), әскери полиция (тек қана әскери көлік
құралын басқаратын адамның) органдарының қызметкері тоқтатқан жағдайда оның рұқсатынсыз
жүргізушінің және жолаушылардың (жолаушының) көлік құралы кабинасынан (салонынан) кетіп
қалуы, сондай-ақ олардың көлік құралы кабинасынан (салонынан) шығу туралы талаптарды
орындамауы –
жүргізушіге және жолаушыларға (жолаушыға) бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде
айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Осы баптың он екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін
бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жүргізушіге және жолаушыларға (жолаушыға) он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде
айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Нысанды киім киген ішкі істер (полиция), көліктік бақылау, әскери
полиция органдары қызметкерлерiнiң көлiк құралын тоқтату туралы талабы ысқырып сигнал
берумен бір мезгiлде қол қимылымен немесе таяқшамен сигнал беру арқылы не дыбыс
күшейткiш құрылғының көмегiмен бiлдiрiледi. Сигналдар жүргiзушiге түсiнiктi болуға және
оларды орындау авариялық жағдай туғызбайтындай болуы үшін дер кезiнде берiлуге тиiс.
Ескерту. 613-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014
№ 272-V
Заңымен (01.01.2015
бастап қолданысқа енгізіледі).
614-бап. Көлiк құралдарының жүруіне кедергi келтіру
Көлiк құралдарының жүруіне қасақана кедергi келтіру, сол сияқты көлiк жүрісі
қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттiк берілген лауазымды
адамдардың мұндай кедергiлердi жою туралы талаптарын орындамау –
жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде
айыппұл салуға әкеп соғады.
615-бап. Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де
қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы
1. Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қағидаларымен белгiленген талаптарды орындамауы –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбiрленушiнiң денсаулығына қылмыстық
жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ зиян келтiруге әкеп соққан не материалдық залал
келтiрген әрекет –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасаған әрекет –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе үш тәулікке
әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы бапта жол жүрісіне өзге де қатысушылар деп мопедтердi, велосипедтер
мен ат-арба көлiгiн басқаратын адамдарды, жол бойымен жүк артылған, мiнiс малын немесе
табынды айдаушыларды, сондай-ақ көлiк құралдары жолаушыларын түсiну керек.
616-бап. Механикалық көлiк құралдары мен олардың
тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-тексеруді
ұйымдастыру және одан өткізу қағидаларын бұзу
1. Механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-
тексеруді ұйымдастыру және одан өткізу қағидаларын:
1) техникалық қарап-тексеру операторының қызметiне тексеру жүргiзу кезiнде
белгiленген, механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiнiң техникалық жай-
күйiне сәйкес келмейтiн параметрлерді көрсете отырып, техникалық қарап-тексерудің
диагностикалық картасын беру;
2) мiндеттi техникалық қарап-тексеруді өткiзуден негiзсiз бас тарту;
3) механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық қарап-
тексерудің бiрыңғай ақпараттық жүйесiне мәлiметтерді ұсынбау;
4) техникалық қарап-тексеру орталығының орналасқан жерiнiң өзгергенi туралы
хабардар етпеу не уақтылы хабардар етпеу;
5) қызмет өңiрiнде мiндеттi техникалық қарап-тексеруді өткiзу кестесі туралы
халыққа ақпарат бермеу;
6) мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өткізу кестесін бұзу;
7) техникалық қарап-тексеру операторының мiндеттi техникалық қарап-тексеруден
өткізбей, техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасын беруі;
8) міндетті техникалық қарап-тексеруді бақылау-диагностикалық жабдықты пайдаланбай
не ақаулы және (немесе) өлшеп тексеруден өтпеген бақылау-диагностикалық жабдықты
пайдалана отырып өткізу;
9) техникалық қарап-тексеру операторының міндетті техникалық қарап-тексеру
өткізілген күннен бастап алты ай ішінде күнделікті жазба бейнефайлдарының мұрағаттық
сақталуын қамтамасыз етпеуі;
10) міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу рәсімін бейне тіркеудің не
техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасында көлік құралын фототіркеудің
болмауы;
11) техникалық қарап-тексерудің бекітілген нысанға сәйкес келмейтін диагностикалық
картасын жасау және беру;
12) механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық
қарап-тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне мәліметтерді енгізбеу, сол сияқты анық
емес және (немесе) толық емес мәліметтерді енгізу;
Достарыңызбен бөлісу: |