Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет131/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   192

      1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда электрондық 
құжаттарды қабылдаудан бас тарту –
 
      лауазымды адамдарға – жиырма, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңбаның сақтаудағы ашық 
кілттерін жоғалтуды, түрлендіруді және қолдан жасауды болғызбау үшін қажетті шараларды 
қолданбауы –
 
      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін иеленушілер туралы мәліметтерді 
қорғауды қамтамасыз етпеуі –
 
      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      4. Тіркеу куәлігін иеленушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген 
тәртіппен өзіне тиесілі электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлтін құқыққа сыйымсыз 
қол жеткізуден және пайдаланудан қорғау үшін, сондай-ақ ашық кілттерді сақтау бойынша 
шараларды қолданбауы –
 
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      5. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлтін басқа тұлғаларға заңсыз беру –
 
      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субьектілеріне немесе 
коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
      
Ескерту. 640-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015
 № 419-V 
Заңымен (01.01.2016 
бастап
 қолданысқа 
енгізіледі).
    
 
      641-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы
 
                заңнамасын бұзу
 
 
 
 
 
      1. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын:
 
      1) дербес деректер қамтылған ақпараттық жүйелердің меншік иесінің немесе 
иеленушісінің оларды қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырмауы немесе тиісті түрде 
жүзеге асырмауы;
 
      2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті 
қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бұзу;
 
      3) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін, ақпараттық-коммуникациялық 
инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйені, мемлекеттік 
органның ақпараттық жүйесімен интеграцияландырылған немесе мемлекеттік органның 
электрондық ақпараттық ресурстарын қалыптастыруға арналған мемлекеттік емес ақпараттық 
жүйені, мемлекеттік органның интернет-ресурсын және «электрондық үкіметтің» ақпараттық-
коммуникациялық платформасын ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік аттестатынсыз 
өнеркәсіптік пайдалану;
 
      4) «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына мемлекеттік органдардың 
ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық 
кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымын баптау кешенін ұсынбау;
 
      5) техникалық құжаттаманың қағаз жеткізгіштегі түпнұсқаларын жоғалту;
 
      6) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке жүргізілген сынақтар бойынша оң 
нәтижесі бар актісі жоқ мемлекеттік органның ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалану 
түрінде жасалған бұзушылық –
 
      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе 
коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі 
кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 


      2. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмесін дайындамау 

 
      лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Осы баптың бiрiншi және екінші бөліктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза 
қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
 
      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – елу, заңды тұлғаларға – бір жүз 
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      4. Жеке тұлғалар туралы дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық 
ресурстарды оларға мүлiктiк және (немесе) моральдық зиян келтiру, Қазақстан 
Республикасының заңдарында кепiлдiк берiлген құқықтар мен бостандықтарды іске асыруын 
шектеу мақсатында пайдалану –
 
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын 
кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      
Ескерту. 641-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015
 № 419-V 
Заңымен (01.01.2016 
бастап
 қолданысқа 
енгізіледі).
      
 
   32-тарау. ӘСКЕРИ МІНДЕТТІЛІК, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ ПЕН ҚОРҒАНЫС 
САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР 
      642-бап. Бастапқы әскери есепке қоюға не әскерге шақыру
 
                учаскелерiне тiркелуге жататын азаматтардың
 
                тiзiмдерiн жергiлiктi әскери басқару органына
 
                ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау
 
      Бастапқы әскери есепке қоюға не әскерге шақыру учаскелерiне тiркелуге жататын 
азаматтардың тiзiмдерiн белгіленген мерзімде жергiлiктi әскери басқару органына ұсынбау 
немесе уақтылы ұсынбау –
 
      ұйымдардың, оқу орындарының лауазымды адамдарына, сондай-ақ тұрғын үйлердi 
пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарына және үй иелерiне – он, 
ұйымдардың, оқу орындарының бірінші басшыларына – он бес, шағын кәсіпкерлік 
субъектілеріне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      643-бап. Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалмауына
 
                әкеп соққан құқыққа қарсы әрекеттер
 
                (әрекетсiздiк)
 
      Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалмауына әкеп соққан құқыққа қарсы 
әрекеттер (әрекетсiздiк) –
 
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      644-бап. Азаматтарды жергiлiктi әскери басқару органының
 
                шақыруы туралы құлақтандырмау
 
      Азаматтарды ұйым басшысының немесе әскери-есепке алу жұмысына жауапты басқа да 
жауапты тұлғасының жергiлiктi әскери басқару органының шақыруы туралы құлақтандырмауы, 
сол сияқты азаматтарға жергiлiктi әскери басқару органының шақыруы бойынша уақтылы келу 
мүмкiндiгiн қамтамасыз етпеуі –
 
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      645-бап. Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi
 
                тұрғылықты азаматтар құрамындағы өзгерiстер
 
                туралы мәлiметтердi уақтылы ұсынбау
 
      Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi тұрақты тұрып жатқан азаматтар 
құрамындағы өзгерiстер туралы мәлiметтердi әскери есеп жүргiзу жүктелген органдарға 
уақтылы ұсынбау –
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау