Осы Кодекстiң 62-бабында көзделген ескіру мерзiмдері кәмелетке толмағандарды
әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе әкiмшiлiк жазаны орындаудан
босату кезiнде жартысына
қысқартылады.
72-бап. Кәмелетке толмаған адам әкiмшiлiк жазаға тартылды
деп есептелетiн мерзiм
Әкiмшiлiк құқық бұзушылығы үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған кәмелетке толмаған адам
әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындау аяқталған күннен бастап алты ай iшiнде осы
жазаға тартылды деп есептеледi.
ЕРЕКШЕ БӨЛIК
10-тарау. ЖЕКЕ БАСТЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫНА ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ
БҰЗУШЫЛЫҚТАР
73-бап. Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа
қарсы әрекеттер
1. Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық
көрсетiлiп,
былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және
олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда
жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық
жазаланатын іс-әрекет
белгiлерi болмаса, –
ескерту жасауға не үш тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп
соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
он тәулiкке дейiнгі мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, осы Кодекстiң 50-бабының екінші
бөлiгiне сәйкес әкiмшiлiк қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы Кодекстің мақсаты үшін отбасы-тұрмыстық қатынастар деп ерлi-
зайыптылар, бұрынғы ерлi-зайыптылар, бiрге тұратын немесе бiрге тұрған адамдар, жақын
туыстар, ортақ баласы (балалары) бар адамдар арасындағы қатынастар түсiнiледi.
74-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға
кедергi келтiру
1. Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығын адамның алуына
кедергi келтiретiн заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) –
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
75-бап. Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасын
бұзғаны үшiн жауаптылық
1. Лауазымды адамның тiл бiлмеуін уәж етіп жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын,
өтініштерін
қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ оларды мәнi бойынша қарамауы –
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір
жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Деректемелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру жөнiндегi талаптарды бұзу –
ескерту жасауға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес
ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Жеке тұлғалардың тiл таңдау құқықтарын шектеу, тiлдік белгілері бойынша кемсiту
–
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір
жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
76-бап. Еркiн жүрiп-тұру және тұрғылықты жер таңдау
құқығын шектеу
1. Жеке тұлғалардың еркiн жүрiп-тұру және тұрғылықты жер таңдау (Қазақстан
Республикасының Үкiметi шек қоюы мүмкiн шекаралық аймақтарды,
Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерiнiң, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери
құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтарды
және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Қазақстан Республикасының
басқа да
әскерлерi мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым
салынған аудандарды және жекелеген жерлердi қоспағанда) құқығын шектейтiн лауазымды
адамдардың әрекетi (әрекетсiздiгi), егер бұл әрекетте (әрекетсіздікте)
қылмыстық
жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
77-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң, қайырымдылық ұйымдарының
заңды қызметiне кедергi келтіру
Ескерту. 77-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 16.11.2015 № 403-V Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі).
Қоғамдық бiрлестiктердiң, сондай-ақ қайырымдылық ұйымдарының заңды қызметiне
лауазымды адамның қызмет бабын пайдалана отырып кедергi келтіруі, сол сияқты осы
бiрлестiктердiң заңды қызметiне лауазымды адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып
жасаған, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзуға әкеп соққан араласу –
екi жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 77-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.11.2015
№ 403-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
78-бап. Жеке тұлғаға ақпарат беруден бас тарту
1. Белгiленген тәртiппен жиналған, жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын
тiкелей қозғайтын құжаттарды, материалдарды беруден құқыққа сыйымсыз бас тарту не жеке
тұлғаға толық емес немесе көрiнеу жалған ақпарат беру –
лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
2. Лауазымды адамның осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді жасауы,
егер бұл іс-әрекеттер жеке тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірсе, –
бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 78-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.11.2015
№ 404-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
79-бап. Қазақстан Республикасының дербес деректер және
оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу
1. Дербес деректердi заңсыз жинау және (немесе) өңдеу –