111-бап. Жұмыс берушiнiң сайлауға (республикалық
референдумға) қатысу үшiн демалыс беруден бас
тартуы
Жұмыс берушiнiң депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы лауазымға тiркелген
кандидатқа не сайлау комиссиясының мүшесiне мемлекеттiк билік, басқару органдарына және
жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайлауды (республикалық референдумды) әзiрлеу
мен өткiзуге қатысу үшiн заңнамалық актiлерде көзделген демалысты беруден бас тартуы –
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
112-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау
алдындағы үгiтті жүргiзу шарттарын бұзу
1. Бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау алдындағы
іс-шаралардың мақсаттарын, міндеттері мен нәтижелерін бұрмалаудан көрінетін,
кандидаттардың, саяси партиялардың сайлау науқанын,
сондай-ақ олармен байланысты оқиғалар мен фактілерді объективті көрсетпеуі –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарының кандидаттың немесе саяси партияның абыройына,
қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне көрінеу нұқсан келтiретiн үгіт материалдары мен
өзге де ақпаратты жариялауы, сондай-ақ аталған тұлғаларға абыройын, қадiр-қасиетiн және
iскерлiк беделiн қорғауы үшін теріске шығаруды тегін жариялауына мүмкіндік беруден бас
тарту –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Кандидаттардың теледидар мен радиода сөйлеп жатқан сөздерін бөлу және сөйлеген
сөздерінен кейін іле-шала, сондай-ақ баспа басылымдарындағы сөздеріне сол бір нөмірде
түсініктеме жасау –
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Бұқаралық ақпарат құралдарының барлық кандидаттарды және партиялық тізімдерді
ұсыну, оларды сайлау комиссияларының тіркеуі жөніндегі іс-шаралар туралы ақпаратты
баспасөз бетінен орын, эфир уақыты бойынша бірдей көлемде тарату туралы талаптарды бұзуы
–
жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық
есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Сайлауды тағайындау (жариялау) туралы шешім ресми жарияланғаннан кейінгі оныншы
күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарының эфирден және баспасөзден орын бергені
үшін төлемнің мөлшері, шарттары және тәртібі туралы мәліметті хабарламастан және
жарияламастан, сондай-ақ сайлау комиссиясына берместен сайлауға қатысатын
кандидаттардың, саяси партиялардың үгіт материалдарын жариялауы немесе эфирге шығаруы –
лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Бұқаралық ақпарат құралының кандидаттардың біріне, партиялық тізімді ұсынған
саяси партияға эфир уақытын, баспасөз бетінен орын беруден бас тартуы, егер басқа
кандидатқа, партиялық тізімді ұсынған саяси партияға осы бұқаралық ақпарат құралы эфир
уақытын, баспасөз бетінен орын беруге келісім берілсе, –
лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Кандидаттардың және партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың бұқаралық
ақпарат құралдарында жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен не егер өтініштер бір
мезгілде келіп түссе жеребе бойынша белгіленген сөз сөйлеу кезектілігінің бұзылуы –
лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Кандидаттарға және партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияларға бұқаралық
ақпарат құралдарында эфир уақытын, баспасөз бетінен орын беру туралы шарт талаптармен
қандай да бір кандидатқа, партиялық тізімді ұсынған саяси партияға артықшылық туғызу –
лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
113-бап. Анонимдік үгiттеу материалдарын дайындау немесе
тарату
Мемлекеттiк билік органдарына және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына
сайлауды (республикалық референдумды) әзiрлеу мен өткiзу кезеңiнде үгіттеу материалдарын
шығарған ұйымдар, олардың басылған жерi, таралымы, тапсырыс берген тұлғалар және қандай
қаражаттан төленгені туралы ақпараты жоқ үгiттік баспа және электрондық материалдарды
дайындау немесе тарату, сондай-ақ үгіттік баспа материалдарын Қазақстан Республикасының
аумағынан тыс жерде дайындау, анонимдік үгіттеу материалдарын тарату –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
114-бап. Үгіттеу материалдарын қасақана жою, бүлдіру
Депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы қызметке кандидаттардың ғимараттарға,
құрылыстарға және өзге де объектілерге меншік иесінің немесе өзге де иеленушінің
келісімімен ілінген үгіттеу материалдарын қасақана жою, бүлдіру –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
115-бап. Сайлауды (республикалық референдумды) әзiрлеу
мен өткiзуге қаражаттың жұмсалғаны туралы
есептердi ұсынбау немесе жарияламау
Кандидаттың, депутат болып немесе өзге де сайланбалы лауазымға сайланған адамның
не саяси партияның сайлау қорларына түскен түсiмдердiң (қайырмалдықтардың) мөлшерi
туралы және сайлау қорларын құру көздерi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ сайлау қоры
қаражатының пайдаланылғаны туралы есептi ұсынбауы –
кандидатқа, депутат болып немесе өзге де сайланбалы лауазымға сайланған адамға –
он бес, заңды тұлғаға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
116-бап. Сайлау науқанын сайлау қорларынан тыс
қаржыландыру немесе оған өзге де материалдық
көмек көрсету
Кандидаттарға, партиялық тiзiмдерді ұсынған саяси партияларға олардың сайлау
қорларынан тыс қаржылық немесе өзге де материалдық көмек, сондай-ақ қайырымдылық
ұйымдары мен бірлестіктері көрсететін қайырымдылық көмек көрсету –
жеке тұлғаларға – жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық
емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік
субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 116-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.11.2015
№ 403-V
Заңымен (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
117-бап. Мемлекеттiк сайланбалы лауазымға кандидаттың не
саяси партияның шетел мемлекеттерінен,
ұйымдарынан, шетелдіктерден және азаматтығы жоқ
адамдардан қайырмалдықтар алуы
Депутаттыққа немесе өзге де мемлекеттiк сайланбалы қызметке кандидаттың не саяси
партияның шетел мемлекетінен, халықаралық ұйымнан немесе халықаралық қоғамдық
бiрлестiктен, шет елдердiң мемлекеттiк органдарынан, шетелдiктерден және басқа
мемлекеттiң заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалардан, сондай-ақ азаматтығы жоқ
адамдардан кез келген нысанда қайырмалдықтар алуы –
Достарыңызбен бөлісу: |