6. Құқық бұзушының әрекеттерiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi болған кезде
қылмыстық
iс тоқтатылған жағдайда, тұлға оны тоқтату туралы шешiм келіп түскен күннен
бастап үш айдан кешiктiрiлмей әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуы мүмкiн.
7. Егер осы баптың бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде көрсетілген мерзiмдер өткенге
дейiн тұлға жаңа әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза
қолдану мерзiмiнiң өтуiне үзiлiс жасалады. Мұндай жағдайларда мерзiмдi есептеу жаңа
әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған кезден басталады.
8. Судьяның немесе уәкiлеттi органның әкiмшiлiк iс жүргiзудi тоқтату туралы
қаулысы осы баптың бiрiншi бөлiгiнде
көзделген мерзiмге қарамастан, ол заңды күшiне
енген күннен бастап бiр жыл iшiнде прокурордың наразылығы бойынша қайта қаралуы мүмкiн.
Ескертпе. Осы бөлiмнiң Ерекше бөлiгiнiң бабында көзделген белгiлi бiр іс-әрекеттiң
бiрыңғай құрамының үздiксiз жүзеге асырылуымен сипатталатын және оны анықтаған кезде
аяқталмаған құқық бұзушылық созылып кеткен құқық бұзушылық деп танылады.
Ескерту. 62-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015
№ 432-V
(алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі),
29.10.2015
№ 376-V
(01.01.2016 бастап
қолданысқа
енгізіледі)
Заңдарымен.
63-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтан және әкiмшiлiк жазадан
рақымшылық жасау актiсi негiзiнде босату
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе
қолданылған әкiмшiлiк жазадан рақымшылық жасау актiсi негiзiнде,
егер көрсетілген акт
әкiмшiлiк жаза қолдануды жоятын болса, босатылуы мүмкiн.
2. Рақымшылық жасау туралы актiнi Қазақстан Республикасының Парламентi жекелей
анықталмаған адамдар тобына қатысты шығарады.
64-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтан тараптардың татуласуына
байланысты босату
1. Осы Кодекстiң 73, 79 (бірінші бөлігінде), 146, 185, 186, 220, 229 (екінші
бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жәбiрленушiнiң
арызы бойынша ғана қозғалады және ол әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған
тұлғамен
татуласқаннан кейiн тоқтатылуға жатады.
2. Татуласу жәбiрленушi мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға қол қойған
жазбаша келiсiм негiзiнде жүзеге асырылады.
9-тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ӘКIМШIЛIК ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
65-бап. Кәмелетке толмағандардың әкiмшiлiк жауаптылығы
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде он алты жасқа толған, бiрақ он сегiзге
толмаған адамдар осы тараудың күшi қолданылатын кәмелетке толмағандар деп танылады.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмаған адамға тәрбиелiк ықпал
етудiң шаралары қолданыла отырып, әкiмшiлiк жаза қолданылуы мүмкiн.
66-бап. Кәмелетке толмағандарға әкiмшiлiк жазалар
қолданудың ерекшелiктерi
1. Кәмелетке толмаған адамға салынатын әкiмшiлiк айыппұлдың мөлшерiн осы
бөлімнің Ерекше бөлiгiнiң бабында көзделген айыппұл мөлшерiне қарамастан, он айлық
есептiк көрсеткiштен асыруға болмайды.
Кәмелетке толмаған адамның айыппұл төлеуге жеткiлiктi мүлкi болмаған жағдайда,
айыппұл ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға салынады.
2. Арнайы құқықтан айыру кәмелетке толмағандарға бiр жылдан аспайтын мерзiмге
қолданылуы мүмкiн.
3. Әкiмшiлiк жазалардың басқа да түрлерi (әкімшілік қамаққа алуды қоспағанда),
сондай-ақ осы Кодекстiң 41 және 52-баптарында көрсетілген әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету
шаралары кәмелетке толмағандарға жалпы негiздерде қолданылады.
67-бап. Кәмелетке толмаған адамға әкiмшiлiк жаза қолдану
1. Осы Кодекстiң 56 және 57-баптарында көзделген мән-жайлардан басқа кезде,
кәмелетке толмаған адамға әкiмшiлiк жаза қолдану кезінде оның өмiр сүру
және тәрбиелену
жағдайлары, психикалық даму деңгейi, жеке басының өзге де ерекшелiктерi,
сондай-ақ оған
жасы үлкен адамдардың әсер етуi ескерiледi.
2. Кәмелетке толмаған жас басқа да жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар
жиынтығында жеңiлдететiн мән-жай ретiнде ескерiледi.
68-бап. Кәмелетке толмағандарды әкiмшiлiк жауаптылықтан
және әкiмшiлiк жазадан босату
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты алғаш рет жасаған кәмелетке толмаған адамды сот,
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген орган (лауазымды
адам) оған заңнамада көзделген тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдана отырып,
әкiмшiлiк
жауаптылықтан немесе тағайындалған әкiмшiлiк жазаны орындаудан босатуы мүмкiн.
69-бап. Тәрбиелiк ықпал ету шаралары
1. Кәмелетке толмаған адамға мынадай тәрбиелiк ықпал ету шаралары тағайындалуы
мүмкiн:
1) заңды түсiндiру;
2) ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың не мамандандырылған
мемлекеттiк органның қадағалауына беру;
3) келтiрiлген зиянның есесін толтыру мiндетiн жүктеу;
4) кәмелетке толмаған адамдарды бос уақытын шектеу және мiнез-құлқына ерекше
талаптар белгiлеу.
2. Кәмелетке толмаған адамға бiр мезгiлде бiрнеше тәрбиелiк ықпал ету шаралары
тағайындалуы мүмкiн.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасында көзделген тәрбиелiк ықпал ету
шараларын қолдану мерзiмi үш айға дейiнгi ұзақтыққа белгiленедi.
4. Кәмелетке толмаған адам осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 4)
тармақшасында көзделген
тәрбиелiк ықпал ету шараларын үнемі орындамаған жағдайда, мамандандырылған мемлекеттiк
орган, егер осы Кодекстiң 890-бабының бірінші бөлігінде белгiленген ескіру мерзiмі
өтпеген болса, бұл шараның күшiн жою және кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк
жауаптылыққа тарту мәселесiн шешу үшiн материалдарды сотқа ұсынады.
70-бап. Тәрбиелiк ықпал ету шараларының мазмұны
1. Заңды түсiндiру кәмелетке толмаған адамға оның іс-әрекетiмен келтiрiлген зиянды
және осы Кодексте көзделген құқық бұзушылықтарды қайталап жасаудың заңдық салдарын
түсiндiруден тұрады.
2. Қадағалауға беру ата-анаға немесе оларды алмастыратын адамдарға не
мамандандырылған мемлекеттiк органға кәмелетке толмаған адамға тәрбиелiк ықпал ету және
оның мінез-құлқына бақылау жасау жөнiндегi мiндеттердi жүктеуден тұрады.
3. Келтiрiлген зиянның есесін толтыру мiндетi кәмелетке толмаған адамның мүлiктiк
жағдайы және оның тиiстi еңбек дағдыларының болуы ескерiле отырып жүктеледi.
4. Кәмелетке толмаған адамның бос уақытын шектеу және мінез-құлқына ерекше
талаптар белгiлеу белгiлi бiр орындарға баруға, бос уақытты
өткiзудiң белгiлi бiр
нысандарын, оның iшiнде көлiк құралын басқарумен байланысты нысандарды пайдалануға,
тәулiктiң белгiлi бiр уақытынан кейiн үйден тыс жерде болуын шектеу, соттың не әкімшілік
құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды адам) рұқсатынсыз
басқа жерлерге шығуға тыйым салуды көздеуi мүмкiн. Кәмелетке толмаған адамға қатысты
құқық бұзушының мінез-құлқына осы Кодекстiң 54-бабында көзделген ерекше талаптар
белгiленуi, сондай-ақ оқуды аяқтау не кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау
жөнiндегi комиссияның көмегiмен жұмысқа орналасу талабы қойылуы мүмкiн.
71-бап. Ескіру мерзімдері