40
басқа да жеңілдіктерді ала отырып, «шетелдік инвестиция» ретінде қайтады. Қазына бұл жағдайда
екі рет ұтылады: алдымен ұлттық табыс шетелге салық тӛленбей әкетілсе («салықтық шайылу»),
сонан соң қандай да бір артықшылықтар мен жеңілдіктер алуды талап етеотырып қайтады.
«Салықтық еліктірудің» салдарын бастарынан кешіріп отырған ӛндірісі дамыған
мемлекеттер капитал мен салықтардың жылыстауымен саяси, құқықтық және экономикалық
әдістермен күресуде. Мысалы, халықаралық офшорлық аймақтарда құрылған фирмалар үшін
«қолайсыз» бедел жасау. Мұндай фирмалар кеден жеңілдігіне, арзан несиелерге немесе басқа да
мемлекеттік қолдауға ие бола алмайды. Кей жағдайларда олар үшін инвестицияның заңдылығын
арнайы растауын талап етіледі.
Сонымен қатар, ұлттық салық заңдылықтарында капиталдың «резиденттілігі» принципі
белгіленеді, оған сәйкес мемлекет ӛзінің салықтық юрисдикциясының ел шекарасының аумағынан
тыс жерлерге таралуын жүзеге асырады. Капиталдың қозғалысымен байланысты лицензиялау,
капиталды шетке шығаруға салықтар енгізіледі және т.б. мемлекеттер аумағында ӛздерінің салық
айлақтары мен орталықтары (Нью-Йорктегі офшорлық банктік аймақ, Лондондағы, Париждегі,
Майндағы Франкфурттегі, Монреалдегі офшорлық аймақтар) және т.б. құрылады.
Жалпы пікірлер бойынша АҚШ-тағы ең жоғары салықтар Нью-Йоркте. Нәтижесінде
кӛптеген орташа және ірі корпорациялар ӛздерінің кеңселерін кӛрші штаттарға кӛшіре бастаған.
Ӛте жоғары салық ауыртпалығы едәуір кӛлемде баға белгілеуге әсер етеді; сондықтан Нью-Йорк
тұрғындары сауда жасауға кӛрші штат Нью-Джерсиге баруды дағдыға айналдырған. Ақшаның
кӛрші штатқа ағуын тоқтату және жергілікті сауда инфрақұрылымын қолдау мақсатында Нью-
Йорк губернаторы эксперимент ретінде «салықсыз күнді» енгізді. Әрбір осындай күннен қала
қазынасы 21 млн. Долларды жоғалтады екен.
5с. Жалпыға танымал «салық ұжмағы» болып Антиль аралдары табылады. Бұл офшорлық
аймақта мүлдем салықтар қолданылмайды, ал құрылтайшы жӛніндегі мәлімет және офшорлық
компаниялар туралы ілеспе мәліметтер толығымен құпия. Қызметтің аталған түрінен түскен түсім
есебінен бюджеттің ¼ қалыптасады, жұмыс істейтін халықтың 7% офшорлық компаниялар қызмет
кӛрсетуге тартылған.
Сақтандыру бизнесінің әлемдік орталығы болып Бермуд аралдары табылады. Сақтандыру
тӛлемдеріне жеңілдікті салық салу аралдарға мыңнан астам сақтандыру және инвестициялық
компанияларды тартты.
Офшорлық аймақтар жер шарының бірнеше нүктесіне шоғырланған.
Кариб бассейні:
- Багам аралдары (табыс салығы, корпорацияларға салық салу, тауарларды сатуға
салынатын салықтар, мұраға беру және сыйға тартуға салынатын салықтар жоқ, жыл сайынғы 100
АҚШ доллары болатын 396 банк тіркелген);
- Вергин аралдары (жыл сайынғы алым 300 АҚШ доллары);
- Кайман аралдары(коммерциялық құпияны қатаң сақтау, құрылтайшылар жӛнінде құпияны
сақтау, салықтар мүлдем жоқтың қасы, 56 банк тіркелген).
Офшорлық аймақ статусын, сондай-ақ Барбадос және Гренадада иеленген.
Жерорта теңізі бассейні:
- Андорра (корпорацияларға салық салынбайды, табыс салығы мен табыс кӛздеріне салық
салынбайды);
- Гибралтар (табыс салығы 2%, жыл сайынғы алым 225 фунт стерлинг, мәміледен алынатын
салық 0,25%, аймақ кеме иелері мен жылжымайтын мүлік иелері, инвестициялық холдинг және
сауда-делдалдық операцияларға барынша қолайлы);
- Монако (жеке тұлғаларға салық салынбайды, шетелдік фирмалар үшін пайдаға салынатын
салық 8% белгіленген);
- Кипр (гректер жағындағы аралдарда шетелдіктерден салық 5%);
- Италяндық анклав Сан-Марино (салық 23%).
Анклав – аумағын басқа мемлекеттердің аумағы жан-жағынан қоршап тұрған мемлекет не
соның бір бӛлігі.
Еуропалық офшорлық аймақтар:
- Швейцария (ел саяси тұрғыдан тұрақты, капитал қозғалысының халықаралық орталығы,
кӛптеген салық айлақтары, мысалы, Цуг қаласы, пайдаға салынатын салық 9,8% құрайды);
41
- Люксембург (холдингтік компаниялардың қызметіне салық салынбайды, ҚҚС жоқ, банк
ісінің халықаралық орталығы);
- Лихтенштейн (делдалдық фирмалар құрылады, банк құпиясы қатаң сақталады, капиталға
салынатын салық жылына 0,1%);
- Ла-Манш бұғазының аралдары – Гернси және Джерси (ішкі мәмілелер мен
операциялардан 20 пайыздық салық алынады, «офшорлық» мәмілелер үшін жыл сайынғы
алым 500 фунт стерлинг);
- Мэн аралы (табыс салығы жоқ, мәмілелерге салынатын салық 0,25%, әлемнің ірі
сақтандыру компанияларына арналған);
- Сан-Марино (компаниялардың сомалық салық ауыртпалығы 23% артпайды);
- Ирландия.
Араб офшорлық аймақтары:
- Ливан
- Біріккен Араб Әмірлігі (салықтар жоқ, Таяу шығыстағы компаниялық мәмілелерді жүзеге
асыру үшін база, қаржы орталығы);
- Бахрейн.
Африкалық офшорлық аймақтар:
- Сейшель аралдары (шетелдік салымшыларға салық салынбайды);
- Либерия.
Азия-Тынық мұхит аймағының офшорлық аймақтары:
- Аомынь (Португалияның Қытайдағы иелігі).
- Сянган (бұрынғы Гонконг, 250 банк, 50 мың фабрика мен зауыттар жинақталған, ішкі
мәмілелер мен операциялардан 15 пайыздық салық алынбайды, шетелдік мүлікке салық
салынбайды);
- Сингапур
- Малайзия
Филиппиндер
13 тақырып. Халықаралық салықтық келісімдер және олардың халықаралық салықтық
жоспарлаудағы ролі
1. Салық салу аясындығы халықаралық ынтымақтастық мақсаттары
2. Халықаралық келісімшарт түрлері
3. Халықаралық қосарлы салық салу
1с. Түрлі елдердің ӛзара экономикалық қатынасы кезінде олардағы салық жүйелері
арасында бірқатар ерекшеліктердің бар екендігі анықталды. Екі жақ арасында оңтайлы
ынтымақтастыққа қол жеткізу үшін әрбір елдің салық жүйесін құруда халықаралық қатынастарда
ұқсастықпен ӛзара түсіністікті анықтау қажет.
Халықаралық салықтық қатынастар - бұл салық заңдылығын қолдану аясынан ӛзара
реттеуге байланысты елдер арасындағы қатынастар.
Кӛптеген елдерде шет мемлекеттерде жұмыс істейтін резиденттер мен аталған елде
жұмыс жасайтын шетел тұлғалары үшін салық режимін реттейтін салық ережелері бар. Түрлі
елдерде салық жүйесі біркелкі болмағанына қарамастан олардың арасындағы ұқсастық пен ӛзара
байланыс болуы қажет.
Салық тӛлеушімен алынатын барлық табыс түрлері осы елмен құқықтық байланыс
салдарынан салық салуға жататын ел салық салуға мүмкін, мұнан басқа салық тӛлеуші табыс
салуды қамтамасыз етіп отыратын елдің басқару шығындарына қатысуы қажет. Сондай-ақ бұл
аумақта қосарлы салық салуға мүмкіндік пайда болды.
Салық аясында халықаралық ынтымақтастықтың негізгі мақсаты - қосарлы салық салу
мен салық тӛлеушілерді кемсітушілікті жою. Мұнан басқа келесідей мақсаттар маңызды болып
табылады:
* Салық жүйелері мен салық саясатын үйлестіру
* Фискалды саясат пен салық заңдылығын сәйкестендіру
* Қосарлы салық салу мәселелерін шешу
* Салық салудан жоғалтуды болдырмау немесе алдын алу
* Салық тӛлеуші резиденттерді кемсітуді болдырмау
* Инвестициялық қызметке салық салуды үйлестіру.