42
Халықаралық экономикалық интеграция(бірігу) ұлттық салықтық құқықпен салық
саясатын үйлестіру қарқынын арттырады.
Үйлестіру – бұл түрлі елдердің салық жүйелерін сәйкестендіру мен ӛзара сай келуіне
әкелу процесі.
Еуропа экономикалық қауымдастығы мүшелерінің (Ұлыбритания, Италия, Франция,
Германия, Испания, т.б.) салық заңдылықтарын сәйкестендіру туралы ереже 1957ж. Рим
шартымен айқындалған. Біркелкі нарықта қалыптастыру процесінде бұл елдер бастапқы
фискалдық саясатты (кедендік одақ шегінде) сәйкестендіруге бағытталды. Содан соң қосарлы
салық салу проблемаларын шешуге салық салудан жалтарудың алдын алу және салықтық
кемсітушілік бойынша шарттарды жоюға кӛшті.
Еуропалық Одаққа мүше елдердің салық заңдалықтарын ұйғару барысында жанама
салықтарды алуды міндетті әрі біртіндеп үйлестіру жүргізілді. Кейбір акциздердің(шай, тұз, кант)
мүлдем күшін жойды. Басқа да жанама салықтар бірыңғай ставкада алына бастады. Жалпы
салықтық саясатқа біртіндеп ӛтуден бірыңғай салық режимі бар аумақты құру идеясы туындады.
2003жылдың аясында Еуроодақ корпоративтік салық салуды үлестіру жӛніндегі жұмыстарды
жүргізе бастады. Ал 2005жылы Еуроодақ аумағында Еуроодақтың басқа елдерінде алынатын ӛз
азаматтарының табысы жӛнінде одақтағы әрбір елдің салық органдарының хабардарлығын
қарастыратын инвестициялар жӛніндегі бағыттама әрекет ете бастады. Еуроодақта бірыңғай
Еуропалық табыс салығы енгізілді.
2с. Қандай елде болмасын халықаралық құқық нормаларын жқзеге асыру нысандары
болып табылатын салық салу мәселелері бойынша тиісті келісімдер мен шарттар табылды.
Халықаралық салықтық заңдылық жүйелерінде елдер арасында жасалған барлық келісім
шарттарды бірнеше түрлерге бӛлді:
1-сурет. Халықаралық келісімшарт түрлері.
Әрбір елде салық салу аясындағы қатынастар ұлттық заңдылық нормаларымен және
халықаралық құқық нормаларымен реттеледі. Ұлттық құқықтық жүйелер, мемлекет ішіндегі
заңдар немесе халықаралық келісімдер қайсысының құқықтық күшінің басымдылығына қарай
ерекшленеді. Салықтық келісімдерге ұлттық заңдылықтардың ықпалын анықтау үшін аталған елде
халықаралық шарттардың құқықтық мәртебесін білу маңызды. Егер келісімдер ұлттық
заңдылықта инкорпорацияланған жағдайда онымен күші тең болатын болса, бірқатар қиындықтар
тудырады. Мұндай мәселелерді шешуге мемлекет 2 принципті ұстанады:
1. Аталған принциптердің ішінде кӛп жағдайда халықаралық шартқа біріктірілетіндердің
заңдарын бұрын қабылданған мемлекетішілік заңдарды ығыстырады.
2. Осы принципке сәйкес бірінші кезекте жалпы нормалар емес арнайы нормалар әрекет
етеді. Бұл ереже халықаралық салықтық келісімдердің тәртібін жоятын ұлттық заң шыққанға дейін
қолданылады.
Қазақстанда мемлекетішілік заңдар емес халықаралық келісімдердің маңызы зор. Салық
кодексінде: «Егер Қазақстан республикасының халықаралық шарттарында осы кодексте немесе
оған қатысты салықтар жӛніндегі басқада нормативтік актілерде қарастырылғаннан басқадай
ережелер мен нормалар кӛрсетілген жағдайда Қазақстан республикасының халықаралық
шарттарындағы ережелер нормалар қолданылады.
Халықаралық шарт түрлері
Жалпы сипаттағы
келісімдер
Салықтық келісімдер
Арнайы келісімдер
Конвенциялар
Шектеулі салық
келісімдері
Әкімшілік кӛмек беру
туралы келісім
43
Салық заңдылығы жүйесіндесалық салу бойынша халықаралық келісімдерді 4 топқа бӛлуге
болады:
1. Жалпы сипаттағы халықаралық келісімдер - елдер арасында экономика саяси және
әлеуметтік ынтымақтастық аясында жасалатын халықаралық келісімдер. Бірақ ұлттық
заңдылықтарда немесе басқа шаруашылық халықаралық шарттарда қолданылатын мемлекеттердің
салық салуға жалпы кӛз карастары мен принциптері белгіленеді. Мұндай принциптер тікелей
қолдануға арналмаған. Себебі олар жалпы кепілдемелік сипатта болады.
2. Салықтық келісімдер - бұл екі немесе одан да кӛп жақты сипаттағы халықаралық шарттар.
Әйтсе де салық салу мәселесіне ӛзінің ықпал ету дәрежесіне қарай келесідей ӛзіндік
ерекшеліктерге ие болуы мүмкін:
* Конвенциялар(келісім шарттар)- бұл тікелей және жанама салық салуға қатысты
кепілдемелік сипаттағы халықаралық келісімдер. Олар үкіметаралық мәмілелерді тарифтеу
мәселелерін қозғайды. Оған «М», ретінде қолданыстағы ГАТТ (тарифтер мен сауда жӛніндегі бас
келісім) деп аталатын келісім шарт табылды.
* Шектеулі салық келісімдері - бұл нақты бір салық түріне салық тӛлеушіге немесе салық
салу объектісіне қатысты қолданылатын халықаралық келісімдер.
* Салық салу бойынша әкімшілік кӛмек беру туралы келісімдер - бұл экономикалық салада
ынтымақтастықта болған мемлекеттерде қосарлы салық салу шарттарын жою үшін осы немесе
басқада елдерде салық салудың ерекшеліктерін түсіндіру бойынша бір-біріне қызмет кӛрсетуге
міндеттелетін халықаралық келісімдер. Қазақстанда мұндайға «М»,ретінде 1992жылы
қабылданған ТМД- ға қатысушы елдер арасында ӛзара қатынасты реттеу туралы келісімді атауға
болады. Мұндай келісімдер АҚШ пен Канада, Ұлыбритания мен Германия арасында бар.
3. Арнайы келісімдер - бұл сауда экономикалық қызмет аясында ынтымақтастықтағы елдер
немесе бӛлек халықаралық ұйымдары үшін қолайлы салық режимдерін немесе жеңілдіктерді
белгілейтін халықаралық шарттар. АҚШ- тағы Ню-Йорк қаласындағы БҰҰ- ның штаб пәтері осы
елдегі қолданыстағы салықтардан босатылады. 1992жылы «ТМД елдері ӛзара қатынастарды
реттеу туралы келісімдерде» 11 ел саудадан түсетін табысқа қосарлы немесе кӛп реттік салық
салуды жою бойынша шараларды қабылдауды мінбеттелінді. Мазмұны жағынан аталған құжат
тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы елдер үшін салықтық режим және жеңілдіктер
туралы келісімдер қарастырылған. Сондай-ақ осылармен бірге салықтық мәселелер шешілетін
шарттарға тауарлар мен қызметтер үшін барынша қолайлы режимді қарастыратын сауда шарттары
жатады.
Әдетте арнайы салық режимдерін белгілі бір халықаралық қызмет түрлері үшін белгілейді:
* Халықаралық жолаушылар мен жүк тасымалы
* Халықаралық инвестициялық қызмет
* Халықаралық несие қатынастары
* Шет мемлекет аумағында тұратын жылжымалы немесе жылжымайтын мүліктерді
халықаралық ӛткізу(сату, жүзеге асыру).
Салық салудың арнаулы режимін енгізудің себептері болып әртүрлі мемлекеттерде
орналасқан кӛзлерден алынатын табыстардың үлесін анықтаудың қолданыстағы қиыншылықтары
табылады. Мұндай режимдер халықаралық сауда қатынасына қызмет кӛрсету аясында елдердің
халықаралық белсенділігін ынталандыру мақсатында белгіленеді.
Қосарлы салық салуды
жою әдістері
Елдер арасындағы
түрлі
бағыттардағы
келісім шарттар жасау
Елдер
арасында
бір
жақты ұлттық заң актілерін
жасау
↓ ↓
Бӛлу әдісі
Салықтық
есепке
Салық жеңілдіктері