ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ
28
ортақ міндет деген пікірде. Орыстардың да (80,13
%), қазақтардың да (70 %) ең көп бөлігі үйдегі
шаруаларды ана мен әйелге жүктейді. Өзге
этностар өкілдерінің ішінде де көпшілік (36,1 %)
үй шаруашылығын жүргізу міндетін анаға артады.
Ауыл
тұрғындарының
арасында
«Ерлі-
зайыптылардың екеуі де» деген көрсеткіш қалаға
(22,6 %) қарағанда біршама жоғары (25,3 %).
Ауылдық елді мекендерде көбінесе жеке үй
болатындықтан, оның көп шаруасы еркектің
иығына
түседі.
Қаламен
салыстырғандағы
жоғарырақ көрсеткіш осы жайтпен байланысты.
Ал қала әйелдері үйден тыс қызметпен белсенді
айналысатындықтан оларда «Әке, күйеу» деген
жауап көбірек кездеседі (3,6 %).
ҚР гендерлік теңдікке қол жеткізу стратегиясында
жетінші мақсат былай деп атап көрсетілген:
«Отбасында гендерлік теңдікке қол жеткізу;
отбасын нығайту мен отбасындағы тәрбие рөлін
жоғарлату».
Бірақ
ресми
дискурс
басты
проблемалар қатарына ата-ананың бірі (оның
көбі ана болып келеді) мен балалардан ғана
тұратын толық емес отбасыларын; отбасынан
тысқары тұратын адамдардың жоғары үлесін;
отбасындағы бала тәрбиесіне деген әке
ықпалының төмендігін; ажырасудың көптігін;
отбасы мәртебесінің түсуін; отбасылық өмірдегі
жанжалдардың
көбеюін;
отбасындағы
қақтығыстар мен әйелге қатысты зорлық
деректерін жатқызады. Ал қоғамдық дискурс үшін
әйелдің үй шаруасы мен мамандық қызметін
үйлестіре білуі, бала бақыты, әйел үшін декреттік
демалысқа шығу мен экономикалық тәуелсіздік
мүмкіншілігі, «қалыңдық ұрлау» салты, өмірлік
серік таңдаудағы ата-ана ықпалы секілді
мәселелер маңызды болып отыр.
Блок Е. БАҚ
E.36. Сіздің ойыңызша қазақстандық
БАҚ (радио, газеттер, телевизия)
ер мен әйел бейнесін
қалыптастыруға қатыса ма?
Сауалнамаға
қатысушылардың
32,8
%
қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары ер
мен әйелдің бейнесін қалыптастыруға кейде ғана
ат салысады деп ойлайды. 28,7 % БАҚ ықпалы
бар деген пікірді қолдайды. Сөйте тұра ешқандай
ықпалы жоқ деп ойлайтындар (21,7 %) мен бұл
мәселе туралы ойланбағандардың (16,8 %)
қосындысы аталмыш сұраққа «Иә» деп жауап
берушілердің үлесінен көп. Ерлердің 37,6 %
қазақстандық БАҚ ерлер мен әйелдердің
бейнесін қалыптастыруға кейде әсер етеді деген
пікірді білдірсе, әйелдердің 32,4 % БАҚ ерлер мен
әйелдердің қалай болуға тиіс екендіктеріне
міндетті түрді әсер етеді деп ойлайды. 18 - 30 жас
аралығындағы респонденттердің көпшілігі (30,8
%) қазақстандық БАҚ кейде гендерлік бейнелерді
қалыптастырады деген пікірде. Ер мен әйелдің
бейнесін сомдауға БАҚ-тың әсер ететіндігіне ең
көп сенетін топ – 46 - 59 жас аралығындағы
респонденттер болса (31,1 %), ең аз сенетін топ –
60 және одан жоғары жастағы респонденттер
(19,3 %). Қазақстандық БАҚ ер мен әйелдің
бейнесін қалыптастырады дегенге орта және
арнайы орта білімділердің 66,8 % сенімді болса,
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі
барлардың тек 32,1 % ғана сенеді. Жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар
респонденттердің басым бөлігі (33,6 %) олардың
әсері тек кейде ғана тиеді деген пікірді қолдайды.
Қала тұрғындарының 33,3 % және ауыл
тұрғындарының 31,3 % БАҚ ерлер мен
әйелдердің бейнесіне кейде ғана әсерін тигізеді
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ
29
деген пікірде. БАҚ әсеріне ауылдықтарға (25,6 %)
қарағанда қалалықтар (29,2 %) көбірек сенеді.
E.37. Сіз қазақстандық БАҚ ер мен әйел
бейнесін қалыптастыруға
тигізетін
ықпалын қалай бағалайсыз?
Сауалнамаға қатысушылардың 30,8 % бұл мәселе
туралы мүлде ойланбағандықтан БАҚ-тың ерлер
мен әйелдердің бейнесін сомдаудағы ықпалын
бағалай алмады. 24,5 % БАҚ ерлер мен әйелдерді
таптаурын күйде көрсететіндіктен олардың
ықпалын жағымсыз деп бағалайды. Бұл сауалға
респонденттердің 22 % жауап бере алмағандығы
олардың өзіндік пікірінің жоқтығын немесе
аталмыш сауал мен оның жауап нұсқаларын
түсінудің қиынға соққандығын білдіреді деген
ойдамыз. Гендерлік нұсқауларды қалыптастыру
үдерісіне тигізетін БАҚ әсерінің маңыздылығына
қатысты ресми дискурс пен қоғамдық дискурстың
ойлары бұл сұрақ бойынша да ұштаспады.
Гендерлік теңдік стратегиясында сегізінші мақсат
былай деп атап көрсетілген: «Ерлер мен
әйелдердің әлеуметтік теңдігіне қол жеткізу
мәселелерінде мемлекеттік органдар мен БАҚ
ортасындағы ынтымақтастықты қамтамасыз ету;
әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрін
жою
жөніндегі
БҰҰ
конвенциясының
қағидаларын жүзеге асыру мәселелерін БАҚ-та
кеңінен жариялау; Қазақстан Республикасында
әйелдердің жағдайын жақсарту шараларының
ұлттық жоспары; адам құқықтарына қатысты
халықаралық
құжаттар;
гендерлік
теңдікті
насихаттауда БАҚ қолдауын қамтамасыз ету;
БАҚ-тың
гендерлік
сезімталдығын
өсіру
шараларын
қабылдау
арқылы
«гендерлік
тұрғыдан сезімтал қоғамдық сананы дамыту». Ал
қоғамдық пікір БАҚ-тың гендерлік нұсқаулар мен
таптаурындардың қалыптасу үдерісіне ықпал
ететіндігіне сенімді емес. Оның аталмыш
проблемаға сараптама жасамағаны анық және
онда
халық
арасындағы
гендерлік
таптаурындардың
қалыптасуына
БАҚ-тың
тигізетін әсеріне қатысты айқын нұсқаулықтар
жоқ.
Блок F. Гендерлік білім
F.38. Сіздің ойыңызша
қазақстандықтарға ерлер мен әйелдерге
қатысты таптаурындарды жоюға
көмектесетін білім берілуі керек пе?
Сауалнамаға қатысушылардың көпшілігі (44,3 %)
қазақстандықтарға гендерлік бағыттағы білім
қажет деген пікірді қолдайды. Тек 12,7 %
қазақстандықтарға ондай білім қажет жоқ деген
ойда. Айта кетерлік бір жайт, респонденттердің
басым бөлігі (43 %) бұл сұраққа жауап бере
алмады.
Әйелдердің
көбі
(48,9
%)
қазақстандықтар гендерлік білім алу керек деген
ойда, ерлердің 36,7 % бұл ойды бөліседі. Сөйте
тұра әйелдермен салыстырғанда ерлердің көп
бөлігі (22,9 % 6,9 %-ға қарсы) гендерлік білім
берудің қажеті жоқ деп біледі. Аталмыш сұраққа
жауап бере алмағандардың үлесі жоғары. 31 - 45
жас аралығындағылардың басым бөлігі (50,2 %)
қазақстандықтарға гендерлік бағыттағы білім
керек деп санаса, 18 - 30 жас аралығындағы топ
өкілдері 46,9 % бұл сұрақтың жауабын білмейді.
60 және одан жоғары егде жас тобының өкілдері
ондай
білімнің
қажеті
жоқ
екендігіне
басқалармен салыстырғанда көбірек сенімді (23,7
%).
Сауалнамаға қатысқан жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білімі барлардың көпшілігі (47,1
%) қазақстандықтар ерлер мен әйелдер туралы
стереотиптерді жоюға көмектесетін білімді
үйренулері қажет деп санайды. Орта және
арнайы орта білімді респонденттердің 45,2 % бұл
сұраққа жауап бере алмады. Сауалнамаға
қатысқан өзге ұлт өкілдері (49,7 %) мен
орыстардың
басым
бөлігі
(45,6%)
қазақстандықтарға ондай білім міндетті түрде
қажет деген пікірді қолдайды. Қазақ ұлты
өкілдерінің 45,7 % қазақстандықтарға гендерлік
білімнің қажеті бар, ма жоқ па дегенді дөп басып
айта алмады. Ауыл тұрғындардың көбісі (53,6 %)
аталмыш сұраққа жауап бере алмады. Ал қалалық
тұрғындардың көбісі (45,8 %) гендерлік бағыттағы
білімнің қажет екендігіне сенімді.