Қазіргі қазақстандағЫ Әйелдер мен ерлерге қатысты саясат



жүктеу 1,91 Mb.
Pdf просмотр
бет2/22
Дата19.11.2018
өлшемі1,91 Mb.
#20655
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

 

 

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ 

3

 



 

гендерлік  теңдік  стратегиясы»  болып  табылады. 

Аталмыш 

стратегияда 

төмендегідей 

басты 


мақсаттар атап көрсетілген: 

 

1.  Ерлер  мен  әйелдердің  құқықтары  мен 



мүмкіндіктерінің  нақты  теңдігін  қамтамасыз 

ету; 


2.  Қоғамдық-саяси  өмірде  гендерлік  теңдікке 

қол жеткізу; 

3.  Экономикада гендерлік теңдікке қол жеткізу; 

4.  Гендерлік білім; 

5.  Құқықтық және гендерлік ағарту ісі; 

6.  Ерлер 

мен 

әйелдердің 



репродуктивтік 

денсаулығын нығайту; 

7.  Қоғамда  жынысқа  байланысты  зорлық-

зомбылыққа жол бермеу; 

8.  Отбасында гендерлік теңдікке қол жеткізу; 

9.  Отбасын нығайту 

және 

отбасындағы 



тәрбиенің рөлін күшейту; 

10. Гендерлік-сезімтал 

қоғамдық 

сананы 


жетілдіру. 

  

Біздің  ойымызша,  бұл  стратегияның  Қазақстанда 



гендерлік  теңдікке  қол  жеткізу  жолындағы  

маңызы зор, себебі ол белгілі бір бағдарлар мен 

үлгілерді  ұсынады.  Бірақ  өкінішке  қарай  онда 

көзделген 

мақсаттарға 

жетудің 


жолдарын 

нұсқайтын айқын көрсеткіштер, құрылымдар мен 

міндеттерді  орындау  уақыттары  көрсетілмеген. 

Оның  сыртында  бүгінгі  таңда  қазақстандық 

қоғамда қазіргі Қазақстанда гендерлік қатынастар 

трансформациясының  берік  беталысы  ретінде  

неотрадиционализм 

құбылысының 

қайта 

жандануы  байқалады.  Ал  ол  стратегияға  қол 



жеткізуге шектеу қояды. Өкінішке қарай көбінесе 

әйелдерге  қатысты  болып  келетін  эмансипация 

олар үшін ықтимал рөлдер мен өмір салттарының 

аясын кеңейтсе де, Қазақстан мемлекетінің қазіргі 

гендерлік  саясаты  ерлерге  көп  көңіл  бөлінбейтін   

жағдайға  алып  келуде.  Әлі  күнге  дейін  

«асыраушы  ер  азаматтың»  рөлі  нормативтік  үлгі 

болып  табылады  және  де  ол  үлгі  әкелер  мен 

ерлердің  үй  шаруасын  атқаруға,  балаларды 

бағып-қағу  мен  оларды  тәрбиелеуге  тең 

дәрежеде  ат  салысуын  талап  етпейді.  «Жауапты 

әке 


міндетін» 

жүзеге 


асыру 

жолында 


институционалдық 

қолдаулардың 

жоқтығы 

баланың  дүниеге  келуі  отбасындағы  гендерлік 

рөлдердің  дәстүршілдігінің  себебіне  айналуына 

әкеліп  соғуда.  Сонымен  қатар  кәсіби,  отбасылық 

және  ата-аналық  міндеттерді  ұштастыра  білуге 

қолайлы 


шарттарды 

қамтамасыз 

етуге  

бағытталған 



әртүрлі 

деңгейдегі 

тиімді 

механизмдер  мен  сараланған  бағдарламалардың 



(тату  отбасын  жұмыс  орнымен  қамтамасыз  ету, 

балаларға  қамқорлықтың  қол  жетімді  және 

сапалы  инфрақұрылымын  жасау)  жоқтығы  тек 

әйелдерді  ғана  отбасы  мен  жұмыс  арасындағы 

теңгерімді  іздестіретін  субъектіге  айналдырып 

отыр.  Ал  бұл  жағдай  біріншіден  ананың 

әлеуметтік-экономикалық  тұрғыдан  алғандағы 

қауіп-қатерін  жоғарылатса,  екіншіден  отбасын 

қамтамасыз ету ісі мен балаларға деген күнделікті 

қамқорлыққа 

ата-ананың 

тең 


деңгейде 

қатыспауының орныға беруіне әкеліп соғады.  

 

Осыған 


байланысты 

бұл 


зерттеу  

қазақстандықтардың  гендерлік  саясатты  жүзеге 

асырудың 

басты 


бағыттарына 

деген 


көзқарастарын  анықтауды  мақсат  тұтты.    Зерттеу 

барысында біз мынадай сұрақтарға жауап іздедік: 

Қазақстандықтар  қазіргі  Қазақстан  қоғамындағы 

ерлер  мен  әйелдердің  жағдайы  жөнінде  не 

ойлайды?  Қазақстанда  ерлер  мен  әйелдер  үшін 

теңсіздіктің  қандай  белгілері  бар?  Республика 

азаматтары  үшін  қандай  гендерлік  мәселелер 

ерекше  өзекті  болып  табылады?  Өздерінің 

гендерлік  құқықтары  мен  еркіндіктерін  жүзеге 

асыру  үшін  олар  қандай  шаралар  қажет  деп 

біледі? 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


 

 

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ 

4

 



 

Зерттеу әдіснамасы 



 

Кәсіби  әлеуметтанушылар  2016  жылдың  мамыр 

мен  қыркүйек  айларының  аралығында  Астана 

және  Алматы  қалалары  мен  Қазақстанның  бес 

аймағында 

сауалнамалар, 

фокус-топтар, 

сарапшылар сұхбаттарын жүргізді.  

 

1.1. Зерттеу сұрақтары 

Сауалнама  әрқайсысы  белгілі  бір  мәселенамаға  

арналған 

бөлімнен 



тұрады. 

«Жалпы 

мәліметтер»  деп  аталатын  А  бөлімінде  біз 

қазақстандықтар  үшін  гендерлік  мәселенің 

маңыздылығы,  олардың  гендерлік  саясат  туралы 

қаншалықты хабардар екендігі және оның жүзеге 

асырылуы 

туралы 


ақпарат 

алу 


көздері,  

Қазақстанда  гендерлік  саясатты  жүзеге  асыруды 

реттейтін  нормативтік  құжаттарды  білуі  туралы 

сұрақтарды  анықтағымыз  келді.  «Саясат»  деп 

аталатын  B  бөлімінде  негізгі  екі  сұраққа  – 

әйелдердің  саясатқа  қатысуының  маңыздылығын  

бағалау  мен  гендерлік  бюджеттендіруге  – 

арналды.  «Мамандықтар»  деп  аталатын  С 



бөліміне  ер  мен  әйел  еңбегінің  маңыздылығын 

бағалауға, 

ерлер 

мен 


әйелдерге 

лайық 


мамандықтардың  болуына  қатысты  сұрақтар 

енгізілді.  «Неке,  жыныстық  қатынастар»  деп 

аталатын  D  бөлімі  некеге  дейінгі  қарым-

қатынастарға,  некеге  тұру  жасына,  «қалыңдық 

ұрлау» дәстүріне қатысты көзқарастарға, ана болу 

мәселесіне, 

отбасындағы 

бала 


тәрбиесіне 

қатысты 


сұрақтарды 

қамтиды. 



«БАҚ»-қа 

арналған  Е  бөлімінде  ерлер  мен  әйелдердің 

гендерлік 

бейнелерін 

қалыптастыруға 

қазақстандық  БАҚ-тың  тигізетін  ықпалына 

қатысты  сұрақтарды  қарастырдық.  «Гендерлік 

білім» 

деп 


аталатын 



бөлімі 

қазақстандықтардың 

гендерлік 

сауаттылық 

деңгейін  бағалауға  арналды.  «Денсаулық»-қа 

қатысты  G  бөлімі  қазақстандық  ерлер  мен 

әйелдердің  денсаулық  мәселесі  мен  сауалнамаға 

қатысушылардың  денсаулықты  сақтау  үшін 

ұсынған 

жолдарына 

қатысты 

сұрақтарды 

қамтиды. «Зорлық  зомбылық»  деген  H  бөлімі  

ерлерге  де,  әйелдер  мен  балаларға  да  қатысты 

зорлық-зомбылықтың  таралу  деңгейіне,  зорлық-

зомбылықтың 

түрлері 

мен 


формаларына,  

себептеріне  және  онымен  күресудің  тиімді 

тәсілдерін 

анықтауға 

қатысты 

сұрақтарды 

қарастырады.  «Болжамдар»  атты  J  бөлімі 

сауалнамаға қатысушылардан қазіргі Қазақстанда 

гендерлік  теңдікті  тарату  бойынша  ұсыныстар 

жасауды өтінген екі сұрақтан тұрады.  

 

1.2. Зерттеу әдістері 

Зерттеудің  көздеген  мақсатына  жету  жолында 

сандық (сауалнама) және сапалық зерттеу (фокус-

топтар, 


сарапшылар 

сұхбаттары) 

әдістері 

қолданылды.  Сапалық  әдістер  бір  жағынан 

зерттеу жұмысы үшін қызықты болып табылатын, 

екінші  жағынан  гендерлік  саясат  саласындағы 

сарапшыларға  ғана  мәлім  ерекше  жаңа 

тақырыптарды  немесе  жаңа  қырларды  анықтау 

үшін қолданылғанын баса айта кету қажет.  

Сандық  зерттеу.  18  -  60  жас  аралығындағы  

1500  респондент  қатысқан  социологиялық 

сауалнама  Қазақстанның бес облысы мен Астана 

және  Алматы  қалаларында  өтті.  Сауалнама  қала 

және  ауыл  тұрғындарын  қамтып,  олардың 

тұрғылықты  жерлерінде  сауалнамалық  сұхбат 

әдісі  арқылы  жүргізілді.  Іріктеу  Қазақстан 

азаматтарының  жынысы,  жасы,  ұлты  мен  білім 

деңгейі  және  сонымен  қатар  тұрғылықты  мекен-

жайы  бойынша  орын  алды.  Респонденттерді 

таңдау  кездейсоқ  маршруттық  әдістеме  мен 

үлестік  сұрыптау  арқылы  жүзеге  асырылды. 

Іріктемелі  жиынтық  нақты  сипатта,  яғни, 

белгіленген 

параметрлер 

бойынша 


респонденттердің 

құрамы 


социологиялық 

зерттеуді 

өткізген 

сәттегі 


Қазақстан 

Республикасының 

Ұлттық 

экономика 



министрлігіне  қарасты  статистика  комитетінің 

жалпы  өзекті  деректеріне  сай  тиісті  өлшемдерге 

жақын.  

 

   



 

 

 



 

 

  




жүктеу 1,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау