ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ
22
қарым-қатынастарына қарсы адамдардың саны
көп (44,6 %).
Гендерлік теңдікке қол жеткізу стратегиясында
жыныстық қатынас мәселесі репродуктивтік
құқықтар тұрғысынан қарастырылған. Бұл жайт
аталмыш мәселенің ресми дискурс деңгейінде де,
дәстүр бойынша да өзекті сұрақ ретінде
талқылануы кедергіге тап келетіндігін көрсетеді.
Бұл мәселе бойынша сауалнамаға қатысқан
информанттардың ойы Стратегия авторларының
пікіріне сай келеді. Бұл тақырыпқа күнделікті
дискурстарда да тыйым салынған.
D.25. Сіздің ойыңызша ер адамдардың
қай жаста некеге отырғаны дұрыс?
26 - 30
Респонденттердің көпшілігі ерлер үшін 26 - 30
жас аралығын некеге тұру үшін ең оңтайлы жас
деп санайды, ал екінші орында 25 жас атап
көрсетілді (28,8 %). Әйелдер ерлер үшін оңтайлы
жас 25 жас деп біледі (33,1 %). Ал ерлердің өздері
ең лайықты жас 26 - 30 (36,5 %) деген пікірде.
Білім деңгейінен тыс күйде отбасын құруға ең
қолайлы жас деп респонденттер (жоғары
білімділер - 34,2 %; орта білімділер - 33,5 %) тура
осы 26 - 30 жас аралығын таңдады. Сонымен
қатар сауалнамаға қатысқан барлық этникалық
топтар да осы жасқа көп дауыс берді. Өмірдегі өз
орнын тапқан еркектің бейнесін дәстүрлі түрде
оның белгілі дәрежеде игерген білімі мен
мамандығы
анықтайды.
Сауалнамаға
қатысушылардың ойынша ер азаматтар тура 26
жасқа келген шақта некеге тұру үшін қажетті
қасиеттерге ие бола алады.
D. 26. Сіздің ойыңызша
әйел адамдардың қай жаста
некеге отырғаны дұрыс?
20 – 24
Сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі әйелдер
үшін некеге тұруға 20 - 24 жас аралығын ең
оңтайлы деп көреді (66,8 %). Ерлер әйелдердің
некеге тұруына лайықты жас 20 - 24 аралығы
(60,5 %) деп санайды. Әйелдердің өздері де 20 -
24 жас аралығын некеге тұру үшін ең лайықты
жас деген пікірде (65,9 %). 60 және одан жоғары
жастағы топ (60 %), 46 - 59 жастағы топ (63,7 %)
және 18 - 30 жас аралығындағы топ та (67,6 %)
әйелдердің некеге тұруына лайықты жас деп 20 -
24 аралығын атап көрсетті. Сауалнамаға
қатысушылар білім деңгейінен тыс (жоғары
білімділер - 67,2 %; орта білімділер - 58,8 %)
әйелдердің некеге тұруына лайықты жас ретінде
20 - 24 атап көрсетті. Орта білімділердің
ортасында сауалнамаға қатысқандардың 16,1 %
17 - 19 жас аралығын некеге тұру үшін ең
оңтайлы жас деп біледі. Әртүрлі этникалық
топтар өкілдерінің басым бөлігі де 20 - 24 жасты
таңдады. Әйелдердің некеге тұруына лайықты
жасқа қатысты сұраққа берілген жауаптарды
саралап
қарастыру
нәтижесінде
қалалық
тұрғындардың да, ауылдық тұрғындардың да
басым бөлігі осы жасты таңдағанын айта кетеміз.
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ
23
D.27. Егер сіздің жақыныңызға
(қызыңызға, қарындасыңызға, сіңіліңізге
және т.б.) «қалыңдық ұрлау» дәстүрі
қолданылса не істер едіңіз?
43,1 %
20,8 %
5 %
Мұндай жағдай орын алса, респонденттердің
көпшілігі (43,1 %) көмек сұрап, полицияға
жүгінеді екен. 20,8 % ол жайтқа амалсыз
көндігетіндерін білдірсе, 5 % «Материалдық және
моральдық нұқсан үшін күйеу жігіт тарапынан
өтемақы төленуіне үміттенемін» деген жауапты
таңдады. Демек олар ондай жағдайдың орын
алуы
мүмкін
деп
санайды.
Алматы
тұрғындарының көбі (53,6 %), құқық қорғау
органдарының, ал Астана тұрғындары (41,8 %)
ықпалды туыстарының көмегіне үміт артады.
«Амалсыздан келісемін» деген жауапты ең аз
таңдаған Астана қаласы болса (8,9 %), «қалыңдық
ұрлауға» ең жоғары дәрежеде бой ұсынатын –
Қарағанды қаласының тұрғындары (35,5 %).
«Полицияға шағымданамын» деген жауапты
таңдағандардың көбісі – әйелдер (46,6 %). Ерлер
де көбінесе полиция көмегіне жүгінетіндерін
айтса да, олардың арасында «Амалсыздан
келісемін» (26,8 %) және «Туысқанымды үйге
алып қайту үшін ықпалды туыстарымның
көмегіне жүгінемін» (26,4 %) деген жауаптар да
кездеседі. Жас санаты бойынша барлық топтар
негізінен полицияға шағымданатындарын алға
тартты. Жауаптардың ішінен ең сирек аталған
«Материалдық және моральдық нұқсан үшін
күйеу жігіт тарапынан өтемақы төленуіне
үміттенемін» деген жауапты таңдаған 18 - 30 жас
аралығындағы топтың өкілдері болды (5,9 %). 46 -
59 жас аралығындағы респонденттер «Басқа»
деген жауапты (мысалы, туысқан қыздың өзіне
байланысты) таңдады (15,3 %). Бұл жерде сөз
қалыңдықтың өз қалауын тыңдау туралы болып
отыр, өйткені қалыңдық ұрлау салты кейде екі
жастың өзара келісімі бойынша орын алады.
Жоғары білімді респонденттер көбінесе құқық
қорғау органдарының көмегіне сенеді (45,9 %). Ал
орта
білімді
респонденттердің
арасында
«Туысқанымды үйге алып қайту үшін ықпалды
туыстарымның көмегіне жүгінемін» деген жауап
нұсқасын таңдағандардың үлесі көп (26,6 %).
Этникалық деңгейде информанттардың басым
көпшілігі «Полицияға шағымданамын» деген
жауапты таңдады. Қала тұрғындарының да (42,8
%), ауыл тұрғындарының да (44 %) көпшілігі
ондай жағдайда құқық қорғау органдарына
хабарласу қажет деген пікірді қолдайды. Ауылдық
тұрғындар арасында «Амалсыздан келісемін»
деген жауапты таңдағандар үлесі 6,6 %-ға көп.
D.28. Сіз Қазақстан Республикасының
қылмыстық кодексінде «қалыңдық
ұрлау» салтына қатысты қандай жаза
белгіленгендігін білесіз бе?
Респонденттердің басым көпшілігі «қалыңдық
ұрлау» қылмысы үшін жаза бар екендігінен
бейхабар. Тек 8,5 % ғана ҚР қылмыстық
кодексiнiң тиiстi бабынан хабардар. 3,9 % ондай
жазаның жоқ екендігіне сенімді. Орал (57,4 %),
Қарағанды (56 %), Шымкент тұрғындары (54,8 %)
«қалыңдық ұрлау» үшін жаза бар екендігін
білмейді. Респонденттердің көпшілігі «Естуім бар,
бірақ нақты ештеңе айта алмаймын» деген
жауапты атап көрсетті. Және бұл жауапты
көрсеткендер Семей қаласы тұрғындарының
арасында көп (35,6 %). Әйелдердің 48,2 %, ер
адамдардың 48,1 % қалыңдық ұрлауға қатысты
жаза туралы ештеңе білмейді. Әйтсе де
әйелдердің 10,1 %, ерлердің 6 % нақты бапты
атап бере алады. Респонденттердің көпшілігі
«қалыңдық ұрлау» қылмысы үшін жаза бар екенін
білмесе де, 31 - 45 жас аралығындағы топтың