ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ
20
С.21. Егер солай ойласаңыз,
қандай мамандықтарды
ортақ деп санайсыз?
дәрігер
42,1 %
басшы
39,3 %
мұғалім
36,5 %
Респонденттер ерлерге де, әйелдерге де лайық
деп дәрігер (42,1 %), басшы (39,3 %) және мұғалім
(36,5 %) мамандықтарын атап көрсетті. Барлық
аймақтар дәрігер мамандығын бірауыздан екі
жыныс өкілдері үшін де қолайлы мамандық
ретінде санайды. Ер адамдар екі жыныс өкілдері
үшін де лайық мамандық деп басшылықты таныса
(33,9 %), әйелдер бірінші орынға дәрігерді қойды
(46 %). Ең төменгі көрсеткіш кенші мамандығына
тиесілі, оның пайдасына таңдау жасаған
әйелдердің үлесі 2,8 % болса, ерлердікі 3,1 %.
Фитнес-жаттықтырушы
айтарлықтай
жоғары
нәтижеге ие болды: 18 - 30 жас аралығындағылар
– 39,5 %; 31 - 45 жас аралығындағылар – 34,6 %;
46 - 59 жас аралығындағылар – 30,3 %; 60 және
одан жоғары жастағылар – 32,6 %. Дәрігерді
жоғары білімділердің көпшілігі (44,6 %), ал орта
білімі барлардың 38,2 % екі жыныс өкілдері үшін
де лайықты мамандық деп санайды. Ең төменгі
таңдауға кенші (жоғары білімділер - 3,1 %, орта
білімділер - 2,9 %) мамандығы ие болды. Орыстар
да (39,4 %), қазақтар да (43,3 %) бірінші орынға
дәрігер мамандығын қойды. Ал басқа ұлт өкілдері
үшін (41,5 %) бірінші орында басшылық
мамандығы тұр. Ауыл тұрғындары (50,9 %) мен
қалалықтар (39,3 %) бірінші кезекте дәрігер
мамандығын атап көрсетті. Ең төменгі орында
кенші мамандығы.
С.22. Сіздің ойыңызша Қазақстанда
ерлер мен әйелдер бірдей кәсіби
міндеттер үшін бірдей еңбекақы ала ма?
51,5 %
34,8 %
14,7 %
Респонденттердің көпшілігі (51,5 %) Қазақстанда
ерлер мен әйелдер қызметтің бір түрі үшін бірдей
кіріс табады деп есептейді. Тек 14,7 % ерлер мен
әйелдердің табысы әртүрлі деп білсе, бұл туралы
білмейтіндер мен мүлде ойланбағандардың үлесі
айтарлықтай жоғары - 34,8 %. Жоғары білімі
барлардың арасында бірдей жалақы алады деп
санайтындар көп (52,8 %) болса да, «жоқ» деп
санайтындардың да үлесі біршама (16,6 %).
«Білмеймін» деген жауапты таңдағандардың
көпшілігі – орта білімі бар респонденттер. Қала
тұрғындары Қазақстанда ерлер мен әйелдер
атқарылған бірдей міндеттер үшін бірдей жалақы
алады деген пікірмен жоғары деңгейде (52,6 %)
келіседі. Ал «Білмеймін» деген жауапты
таңдағандардың арасында ауыл тұрғындары көп
(31,6 %).
С.23. Сіздің ойыңызша Қазақстанда
ерлер мен әйелдерді жұмысқа
қабылдау шарттары бірдей ме?
32,3 %
24 %
27,7 %
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ
21
Респонденттердің көпшілігі Қазақстанда жұмысқа
қабылдау барысындағы ерлер мен әйелдерге
арналған шарттар біркелкі деп санайды (32,3 %).
Дегенмен «Жоқ» деген жауапты таңдағандардың
үлесі де аз емес (27,7 %). 24 % бұл туралы ештеңе
білмесе, 16 % бұл мәселе туралы ешқашан
ойланбаған. Жауаптар үлесін саралау ер
адамдардың ерлер мен әйелдерді жұмысқа
қабылдау
шарттары
тең
деген
пікірмен
келіспейтіндіктерін көрсетті (25,9 %). Бұл мәселе
туралы ойланбағандардың үлесі ерлер арасында
көбірек (25,1 %). Ерлерге қарағанда әйелдер «Иә»
деген жауапты көбірек таңдады (36,2 %). Әйтсе де
информанттардың 28,2 % жұмысқа қабылдау
шарттары біркелкі емес деген пікірде. Бұл мәселе
туралы білмейтін немесе ол туралы ойланбаған
ерлердің үлесі әйелдерге қарағанда көбірек.
Жоғары білімі бар адамдар (34,2 %) гендерлік
тиістіліктен тәуелсіз қалаған жұмысқа орналасуға
мүмкіндік бар деген пікірде. Орта білімі бар
респонденттер арасында бұл мәселе туралы
ешқашан ойланбағандардың үлесі көп (18,8 %).
Қалалықтардың көпшілігі Қазақстанда ерлер мен
әйелдер жұмысқа орналасу барысында тең
мүмкіншіліктерге ие деп санайды.
Сауалнамаға қатысушылар еңбек нарығындағы
гендерлік асимметрияны назарларына алмайды.
Бірақ ол мәселе гендерлік теңдік стратегиясында
қарастырылған. Стратегияда көзделген міндеттер
ретінде мыналар атап көрсетілген: экономика
салалары арасындағы жалақы деңгейін теңестіру
және біркелкі еңбекке біркелі ақы төлеу талабын
сақтай отырып, еңбектің сипаты мен төлемі
бойынша әйелдер мен ерлер арасындағы
айырмашылықтарды азайту; әлеуметтiк ұдайы
өндіріс аясында ерлер мен әйелдердің ақы
төленбеген
еңбегінің
макроэкономикалық
салдарына сараптама жасау; еңбек нарығында
тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету және
әйелдерді жұмысқа тарту; қызмет жолында
гендерлік теңдікке қол жеткізу үшін кепілдіктер
жүйесін құру және отбасылық міндеттер мен бала
өсіру ісін табысты қызмет жолымен үйлестіру
үшін мүмкіншіліктер жасау. Бұл жерде біз тағы да
қоғамдық және ресми дискурс арасындағы
сәйкессіздікті көріп отырмыз.
Бөлім D. Неке, жыныстық
қатынастар
D.24. Сіздің ойыңызша некеге дейінгі
жыныстық
қатынастарға
жол беруге бола ма?
Некеге дейінгі жыныстық қатынастарға жол
беруге болмайды деген жауаптың ең жоғарғы
көрсеткіші Шымкент қаласына тиесілі болса (73,2
%), Қарағанды тұрғындарының 64,5 % және
Павлодар тұрғындарының 28,9 % осы пікірді
қолдайды. Астана тұрғындарының 48,4 %
«Білмеймін, сенімді емеспін» деген жауап
нұсқасын
таңдады.
Сауалнамаға
қатысқан
ерлердің де, әйелдердің де көпшілігі некеге
тұрғанға дейінгі жыныстық қатынасқа (53,3 %)
қарсы екендерін білдірді. Ондай пікірдегі
респонденттердің басым бөлігі – әйелдер. Бірақ
ерлердің көпшілігі де (42,8 %) некеге дейінгі
жыныстық қатынастарға жол бермеу қажет деп
санайды. Сөйте тұра ондай қатынастарды мүмкін
деп есептейтін әйелдердің үлесі (26,5 %) ерлерге
қарағанда (20,7 %) басымырақ. «Иә» деген
жауапты таңдағандардың басым бөлігі – 31 - 45
жас аралығындағы топ өкілдері (31,1 %). Сондай-
ақ бұл жауапты таңдағандардың арасында
жоғары білімділердің үлесі көп - 25,5 %. «Жоқ»
деген жауап нұсқасын көбінесе орта және
арнайы орта білімі бар азаматтар таңдады - 50,4
%. Қазақ ұлтының өкілдері көбінесе «Жоқ» деген
жауапқа дауыс берді (55 %). Орыс ұлтының
өкілдері арасында өз жауабына сенімсіздердің
үлесі жоғары - 34,6 %. Ауылдық өмірдің дәстүрлі
салты тұрғындарының таңдауын некеге дейінгі
жыныстық қатынасқа қарсы шығуға түрткі болса
(56,1 %), «Иә» деген жауапты таңдағандардың
арасында қалалық тұрғындардың үлесі басым
(26,6 %). Сөйте тұра қалалықтардың арасында да
жастардың некеге тұрғанға дейінгі жыныстық