Қазіргі қазақстандағЫ Әйелдер мен ерлерге қатысты саясат



жүктеу 1,91 Mb.
Pdf просмотр
бет1/22
Дата19.11.2018
өлшемі1,91 Mb.
#20655
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


 

 

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ 

0

 



 

 

 



 

 

 



Қазіргі Қазақстандағы әйелдер 

мен ерлерге қатысты саясат 

 

 

 



 

ӨСКЕМБАЕВА М.Ә. 

РЕЗВУШКИНА Т.А. 

БЕЙСЕНОВА А.А. 

 

 2017 жыл 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Қазіргі  қазақстандық  қоғамда  гендерлік  саясаттың  жүзеге  асырылуы 



мемлекеттік саясаттың –  бұл бағыт Қазақстан мемлекеттілігінің нығаюы 

және қоғамды заманға сай жаңғырту үшін маңызды ресурсқа айналған 

жағдайда  –  маңызды  бағыты  болып  табылады.  Гендерлік  саясаттың 

мақсаты  –  нақты  гендерлік  теңдікке  қол  жеткізу.  Бұл  барлық  азаматтар 

таптаурын  салттар  мен  дәстүрлі  гендерлік  жүйеден  туындайтын 

шектеулерден  тәуелсіз  түрде  таңдау  еркіндігі  мен  өздерінің  жеке 

қабілеттерін  дамыту  еркіндігіне  ие  деген  сөз.

   


Гендерлік  саясаттың  іске 

асырылуы – демократияға қол жеткізудің басты факторларының бірі.  

 

 

 



Қазақстандағы  Фридрих  Эберт  атындағы  қор  өкілдігінің  қолдауымен 

«Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» қоғамдық қоры 

(Алматы)  жүргізген  гендерлік  зерттеу  барысында  қазақстандықтардың 

гендерлік  саясатты  жүзеге  асырудың  басты  бағыттарына  қатысты 

көзқарастары  сараланды.  Зерттеу  мынадай  сұрақтармен  айналысты: 

қазақстандықтар  қазіргі  Қазақстан  қоғамындағы  ерлер  мен  әйелдердің 

жағдайы  жөнінде  не  ойлайды?  Қазақстанда  ерлер  мен  әйелдер  үшін 

теңсіздіктің  қандай  белгілері  бар?  Республика  азаматтары  үшін  қандай 

гендерлік  мәселелер  ерекше  өзекті  болып  табылады?  Өздерінің 

гендерлік құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыру үшін олар қандай 

шаралар қажет деп біледі?  

 



 

 

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ 

1

 



 

Мазмұны 


 

Кіріспе……………………………………………………………………………………..……………....………….  2 

 

 

Зерттеу әдіснамасы.............................................……………………………….…….…………………  4 

 

 

Бөлім А. Жалпы мәліметтер.…………………………………………………………………….………...  5 

 

 

Бөлім B. Саясат ………………………………………………………….....……………………………….……  11 

 

 

B.1.

 

Гендерлік бюджеттендіру. Сарапшылар пікірі.......……..……………………………….  14 



 

 

B.2.

 

БҰҰ ҚК 1325 «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» резолюциясы. 

Сарапшылар пікірі.......……………………………………………………………………….………………… 

16 

 

 

Бөлім С. Мамандықтар……………………………………………………………………..………………...  18 

 

 

Бөлім D. Неке, жыныстық қатынастар……………………………………..………………………..  21 

 

 

Бөлім Е. БАҚ……….………………………………………………………………....………..….......................  28 

 

 

Бөлім F. Гендерлік білім……………………………………………………………………..………………  29 

 

 

Бөлім G. Денсаулық………………………………………………………………………………….…………  30 

 

 

Бөлім H. Зорлық-зомбылық…………………………………………………………………..…………..  33 

 

 

Бөлім J. Болжамдар..………………………………………………………………………………..…………  36 

 

 

Жалпы тұжырым……………………………………………………………………………………...............  37 

 

 

Ұсыныстар.……………………………………………………………………..……….…………………………..                                                                              

43 

 

 

Қорытынды.......................................................................................................................................  45 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




 

 

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ 

2

 



 

 

Кіріспе 



 

Қазіргі 


Қазақстан 

қоғамында 

мемлекеттің 

гендерлік  саясатын  қалыптастыру  және  оны 

жүзеге  асыру  мәселелері  бұқаралық  санада 

жағымды 


демократиялық 

қағидалардың, 

ғұрыптардың жүйеленуі мен нығаюы салдарынан 

өзекті сипатқа ие болып отыр. Гендерлік саясатқа 

немқұрайлы  қарау  мемлекет  пен  қоғамның  

демократиялық құрылымының негіздерін бұзады, 

азаматтық  қоғам  институтының  тиімділігін 

азайтады, құндылықтар демократиялық жүйесінің 

мәртебесін  төмендетеді  және  сонымен  қатар 

саяси  жүйені  демократияландыру  барысына 

сенімсіздік  тудырады.  Гендерлік  саясаттың 

мақсаты  –  нақты  гендерлік  теңдікке  қол  жеткізу. 

Бұл  барлық  адамдар  таптаурын  салттар  мен 

дәстүрлі 

гендерлік 

жүйеден 


туындайтын 

шектеулерден  тәуелсіз  түрде  таңдау  еркіндігіне 

және  өздерінің  жеке  қабілеттерін  дамыту 

еркіндігіне ие деген сөз.   

 

Гендерлік  теңдік  екі  жыныс  өкілдерінің  тең 



құқықтары  мен  тең  мүмкіндіктерін  біркелкі 

деңгейде  жүзеге  асыру  мәселесін  қозғайды. 

Ерлерге 

қатысты 


гендерлік 

кемсітушілік 

деректерін – ондай жайттар Қазақстан қоғамында 

орын  алып  тұрады  –  назардан  тыс  қалдыру 

орынсыз  болып  табылады.  Сөйтіп  мемлекеттік 

гендерлік  саясат  әйелдердің  ғана  жағдайын 

жақсартуға емес, екі жыныстың да мүдделері мен 

мүмкіндіктерін  тең  дәрежеде  ескере  отырып,  

нақты 

гендерлік 



теңдікке 

қол 


жеткізуге 

бағытталуға  тиіс.  Әйтпесе  теңдік  мәселесіне 

қатысты  гендерлік  саясаттың  саралануы  толық 

болмайды  әрі  әйелдік  субъективтік  көзқараспен 

ерекшеленетін болады.

  

 



Қазіргі  Қазақстандағы  гендерлік  саясаттың 

бірқатар  өзіндік  ерекшеліктері  бар.  Мұнда 

қазақстандық 

саяси 


көшбасшылардың 

мемлекеттік қызметтің осы бағытына деген саяси 

мүддесінің 

әлсіздігін, 

саяси 

дәстүршілдікті, 



бұқаралық саясат кеңістігінің әйелдер үшін шұғыл 

тараюын,  гендерлік  саясат  нысандарының 

материалдық теңсіздігін атауға болады. Іс жүзінде 

қазақстандық 

әйелдердің 

экономикалық 

мәртебесі  қазақстандық  ерлерге  қарағанда 

төмен.  Соның  нәтижесінде  бизнесте,  сонымен 

қатар басты қаржылай қорлар шоғырланған және 

саяси 


элита 

қалыптасатын 

салалар 

мен 


мамандықтарда 

әйелдердің 

аз 

екендігі, 



азаматтардың 

тең 


құндылығын 

түсінудің 

бұзылғандығы,  халықтың  ер  және  әйел  тобының 

өзіндік 


психологиялық 

ерекшеліктері 

мен  

моральдық  құндылықтары  және  сонымен  қатар 



қазақстандық 

қоғамда 


тарих 

барысында 

қалыптасқан  салт-дәстүрлер  мен  таптаурындар 

байқалады.  

 

Сонымен  қатар  Қазақстанның  КСРО  құрамында 



болған  тарихын  да  естен  шығармау  керек.  Кеңес 

үкіметінің  тұсында  мемлекет  жылдар  бойы  

гендерлік саясаттың монополиялық объектісі мен 

субъектісі  рөлін  атқарды.  Кеңестік  отбасылық 

саясатта  тек  әйел-ана  мен  оның  балалары  ғана 

нысан 


ретінде 

қарастырылды. 

Мемлекет  

ерлердің  отбасылық  немесе  әкелік  рөлін  өзінің 

басымдылығы ретінде танып, білмеді. Ерлерді ақы 

төленбейтін  үй  шаруасына  тарту  кеңестік 

отбасылық 

саясаттың 

мақсат-міндеттерінің 

қатарына  тіпті  енген  де  жоқ.  Кеңестік  отбасылық 

саясаттың  нәтижесі  мемлекеттік  патриархаттың 

нығаюына  алып  келді.  Онда  мемлекет  пен 

әйелдердің  құрған  одағы  бойынша  мемлекетке 

ниеттестік  танытып,

 

«жұмыс  істейтін  аналар» 



гендерлік  келісімінің  жарлықтарын  орындаған 

жағдайда әйелдер мемлекет тарапынан қолдауға 

ие болатын.  

 

Қазақстанда  жаңа  экономикалық  қатынастарға 



өту  барысында  әлеуметтік  салада  маңызды 

өзгерістер  орын  алуда.  1990  жылдардың  екінші 

жартысында 

гендерлік 

саясаттың 

жалпы 


болмысын  қайта  қарастырудың  қажеттілігі 

туындады.  Бүгінгі  таңда  біз  қазіргі  Қазақстанда 

гендерлік 

қатынастар 

трансформациясының 

берік  беталысы  ретінде  неотрадиционализм 

құбылысының  қайта  жандануын  байқаймыз.  Бұл 

беталыс  үстемдік  сипатта.  Сонымен  қатар 

гендерлік 

саясаттың 

идеологиясы 

мен 


құралдарында  дәстүршіл  дискурстың  жүйелене 

түсуі байқалады.  Трансформацияға түсіп отырған  

қазақстандық 

қоғамда 


гендерлік 

саясатқа  

дәстүрлі,  пронаталистік  және  фамилистік  –  бұл 

сипат  отбасылық  (әке,  ана  және  балалар)  үлгіге 

бет  түзейді  –  сипат  беруге  болады.    Іс  жүзінде 

қазақстандық 

неотрадиционализм  

трансформацияланған 

қоғамда 

мемлекеттік 

идеологияға айналуда.  

 

Қазақстанда  гендерлік  саясатты  жүзеге  асыруды 



реттейтін  бағдарламалық  құжат  2005  жылы  29 

қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің 

№  1677  жарлығымен  қабылданған  «Қазақстан 

Республикасында  2006-2016  жылдарға  арналған 




жүктеу 1,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау