ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ
30
F.39. Сізге мектепте, колледжде, жоғары
оқу орнында гендерлік білім (ер мен
әйелдің жағдайын зерттеуге бағытталған
арнайы пәндер, курстар) берілді ме?
Сауалнамаға қатысушылардың 56 % гендерлік
білім алмаған. Тек 15 % «Иә» деген жауапты атап
көрсетті. 29 % гендерлік бағыттағы пәндерді
оқыған, оқымағанын естеріне түсіре алмады.
Гендерлік бағыттағы білімнен ең хабардар топ –
Павлодар (23,6 %) және Алматы (23,4 %)
қалаларының тұрғындары. Ал ең бейхабары
Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты
(76 %). Гендерлік курс өткен, өтпегенін ұмытып
қалғандардың ең жоғары үлесі Астана қаласында
(44 %). Әйелдердің де (58,6 %), ерлердің де (51,6
%) көп бөлігі мектепте де, колледжде де, жоғары
оқу орнында да гендерлік бағыттағы курстар
өтпегенін
алға
тартты.
Жауаптарды
жас
мөлшеріне қатысты саралау барысында да
респонденттердің
басым
бөлігінің
оқу
ордаларында гендерлік бағыттағы курстарды
өтпегеніне көз жеткіздік. Орта және арнайы орта
білімі бар респонденттердің 57,2 %, ал жоғары
және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар
респонденттердің 55,3 % ондай курстар өтпеген.
Өзге ұлт өкілдерінің 58,5 %, қазақтардың 57, 7 %,
орыстардың 51,4 %, сонымен қатар ауыл
тұрғындарының
60,2
%
және
қала
тұрғындарының 54,6 % гендерлік бағыттағы
курстар болмаған. Сауалнамаға қатысқандардың
үлкен бөлігі (ауылдықтар 30,4 %, қалалықтар 29,2
%) оқу ордаларында ондай курстарды оқыған,
оқымағандарын ұмытып қалған.
F.40. Сіз ондай білімді қандай
пәннің аясында алдыңыз?
Сауалнамаға қатысушылардың 84,8 % гендерлік
теорияны қандай пәннің немесе курстың аясында
оқығандарын айта алмады. Бұл дерек бізге
алдыңғы сұрақ нәтижелерінің дәлеліндей болды.
Гендерлік
білім
алғаны
есінде
қалған
респонденттердің көбі социология (4,9 %) мен
психологияны (4,5 %) атап көрсетті. Гендерлік
білім саясаттану пәнінің аясында ең аз
қарастырылған екен (2,6 %). Гендерлік білімді
жоғары
білімді
респонденттердің
5,7
%
психология, 5,3 % социология, орта және арнайы
орта білімді респонденттердің 4,1 % социология
пәнінің аясында алған. Этникалық деңгейде
алғанда респонденттердің басым бөлігі аталмыш
сұраққа жауап бере алмады (87,1 %, 86,4 %, 79,3
%). Сондай-ақ қала тұрғындарының да (82,8 %),
ауыл тұрғындарының да (91,6 %) көпшілігі бұл
сұраққа жауап бермеді.
ҚР гендерлік теңдік стратегиясында гендерлік
білімге оқытудың қажеттілігі атап көрсетілген.
Онда тіпті БАҚ-тың гендерлік сезімталдығын өсіру
шараларын қабылдаудың қажеттілігі де айтылған.
Бірақ іс жүзінде қазақстандықтардың басым
көпшілігі гендерлік білімге қол жеткізе алмайды,
ол Қазақстанның ЖОО-да, колледждерінде,
мектептерінде пән немесе курс, тіпті тақырыптық
лекция түрінде де оқытылмайды. Гендерлік
білімнің
жоқтығының
салдары
ретінде
«гендерлік линзалардың» қалыптаспағандығын
көреміз. Бар болса, адам ондай көзілдірік арқылы
шектеулерді,
мұқтаждықтарды,
ерлер
мен
әйелдердің құқықтарын көре алған болар еді.
Блок G. Денсаулық
G.41. Сіздің ойыңызша
кім жиірек науқастанады –
ер адам ба, әлде әйел ме?
27,8 %
42,8 %
12,8 %
Сауалнамаға қатысушылардың көпшілігі (42,8 %)
ерлер мен әйелдер тең шамада жиі ауыратынын
айтады. Сөйте тұра 27,8 % ерлерге қарағанда
әйелдердің жиірек ауыратынын айтса, 12,8 %
әйелдерге қарағанда ерлердің ауруға бейімдірек
келетінін айтты.
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ
31
Жауаптарды
респонденттердің
тұрғылықты
өңіріне
қарай
саралау
барысында
қарағандылықтардың 67,5 %, павлодарлықтардың
48,5 %, оралдықтардың 46,2 % ерлер мен әйелдер
тең дәрежеде жиі ауырады деп санайтындарын
білдік.
Ерлер
жиірек
ауырады
деп
ойлайтындардың көбі – Павлодар (20,6 %) және
Алматы (20,6 %) қалаларының тұрғындары.
Әйелдердің 46,1 %, ерлердің 37,4 % екеуі бірдей
дәрежеде ауырады деген пікірді қолдайды.
Әйелдер өздерінің ерлерге қарағанда көбірек
науқастанатындықтарына (32,2 %), ал ерлер
әйелдерге
қарағанда
көбірек
науқастанатындықтарына
(13,6
%) сенімді.
Сонымен қатар ерлер қауымының айтарлықтай
бөлігінің бұл мәселе туралы ойланып көрмегенін
айта кету керек (28,7 %). Жоғары және жоғары
оқу орнынан кейінгі білімі бар респонденттер
(42,2 %) мен орта және арнайы орта білімі бар
респонденттер (43,9 %) ерлер мен әйелдер тең
шамада біркелкі сырқаттанады деген пікірлерін
білдірді. Жоғары білімі бар ерлер қауымы да ер
адамдар
әйелдерге
қарағанда
көбірек
сырқаттанады деген пікірде (14,2 %). 17,7 % орта
және арнайы орта білімі бар, 15,9 % жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар
респонденттер
бұл
мәселе
туралы
ойланбағандықтан сұраққа қалай жауап беруді
білмеді. Жауаптарды тұрғылықты жерлеріне
қарай саралау қалалықтардың да (40,6 %),
ауылдықтардың да (50,6 %) ер мен әйелдің бірдей
деңгейде сырқаттанатындығына сенімді екенін
көрсетті. Ауылдық әйелдер де, қалалық әйелдер
де өздерінің ерлер қауымына қарағанда жиі
ауыратынын (35,2 % / 25,3 % 7,2% / 14,4 %-ға
қарсы) тілге тиек етеді. Бұл мәселе туралы
ойланбағандардың көпшілігі – қалада тұратындар
(19,7 %).
G.42. Әйелдердің науқасқа шалдығуы
сиреу үшін қандай шаралар
қолданар едіңіз?
жауап бере алмады
64,1 %
салауатты өмір салтын ұстану
керек
16,2 %
тегін медициналық тексеру
12,8 %
Еңбек кодексінің ережелерін
сақтау
4,4 %
ішімдік, темекі сатуға тыйым
салу
2 %
Әйелдердің неғұрлым сирек ауруы үшін қандай
шаралар қолдануға болатындығы туралы сұраққа
сауалнамаға қатысушылардың 64,1 % ешқандай
түсініктеме бере алмады. 16,2 % әйелдердің
салауатты өмір салтын ұстануы қажет екендігін
айтса, 12,8 % тегін медициналық тексеру мен
жылына бір рет міндетті профилактикалық
тексеру шараларын енгізуді ұсынды. 4,4 %
әйелдердің сирек ауруына Еңбек кодексінің
ережелерін сақтау оң әсерін тигізеді деген
пікірде. Ал 2% ішімдік пен темекі өнімдерін сатуға
тыйым салынса, әйелдердің сырқатқа ұшырау
деңгейі төмендер еді деп біледі.
Аталмыш
сұраққа
берілген
жауаптарды
респонденттердің тұрғылықты өңіріне қарай
саралау олардың көпшілігі әйелдердің аз
сырқаттануы үшін қандай шаралар ұсынуға
болатынын білмейтінін көрсетті. Сауалнама
нәтижелерін респонденттердің жынысына қарай
саралап қарастыру ерлердің 72,4 %, әйелдердің
59,1
%
бұл
сұрақтың
жауабы
туралы
ойланбағанын көрсетті. Сауалнама нәтижелері
барлық жастағы респонденттердің 60 % үшін бұл