199
азайтады;
- Экономиканың барлық секторында меншікті қаражаты арқылы қаржыландыруға
басымдық беріледі;
- Үкімет егер, бюджеттік қаражаттар арқылы меншікті қаражаттарды қысқарта
алатын болса онда жеке секторды қолдай алады;
- Ұзақ мерзімді даму кезеңінде мемлекеттік инвестиция таарлар мен қызметтердің
импортын ауыстыруға бағытталуы тиіс.
2010 жылы оның үлесі 37,0 пайызды құраған болса, 2013 жылы оның үлесі 12,1
пайызды құрап 3 есе тӛмендеген. Шет елдік инвесторлардың белсенділігінің тӛмендегенін
байқауға болады.
Аймақтық деңгейде негізгі құралдарға инвестицияны қарастыратын болсақ, онда
жетекші орында Атырау облысы, инвестицияның 5 бӛлгендегі бір бӛлігін аталған ӛңір
алып отыр.сонымен қатар инвестицияның ӛсу қарқыны Солтүстік –Қазақстан (174%),
Шығыс –Қазақстан облысы 161%, Қарағанды облысы 135,7% және Астана қаласында
137,7% ӛсу қарқыныны ұстанып отыр.
Қазіргі кезде ішкі инвесторлар экономиканың бар саласын инвестициямен
қамтамасыз етуге қауқары болмай отыр, сондықтан шет ел инвесторларын тек қана
стратегиялық маңызы бар шикізат секторы сияқты салаларға ғана емес, сонымен бірге,
қайта ӛңдеу, ауыл шаруашылығы, құрылыс, байланыс және ақпараттандыру сияқты
экономитканың нақты секторларына салу қажеттігі туындайды.Ұлттық банктің мәлімдеуі
бойынша 2005-2013 жылдар аралығында Қазақстанға тартылған шет елдік инвестиция
мӛлшері 136,78 млн доллар тартылған, оның 53,0 пайызы соңғы 4 жылда тартылған.
2010 жылы инвестиция құйылымы қарқындаған, ол баршаға белгілі мұнай
запасының ірі орны болып табылатын Қашаған кен орнына құйылған инвестицияның
алатын орынның жоғары болуымен түсінілдіріледі.
Сурет 2- 2013 жылдағы нақты экономика салалары бойынша негізгі капиталға
салынған инвестиция үлесі, пайызбен
2011-2013 жылдар аралығындағы тартылған инвестициялардың құрылымына
келетін болсақ, кӛптеген ӛзгерістерге ұшыраған. Инвестицияның қомақты кӛлемі қайта
ӛңдеу саласына құйылған, олар, мұнай ӛңдеу және мұнайгаз скторына инфроқұрылымы,
тау-кен меттлургиялық кешен, атом және химиялық ӛнеркәсіп, машинақұрылыс,
формоцефтика, агроӛндірістік кешен, және т.б.
Ұлттық Банктің мәліметтері бойынша 2009-2013 жылдар аралығындағы шет елдік
иенвестициялардың жалпы сомасы 134 млрд долларды құраған. оның 34,4 пайызы
200
жылжымайтын мүлікпен операциялар және кәсіпорындарға жалға беру мен қызмет
кӛрсету саласына жұмсалған.
Басқа артықшылықтарын былай қойғанда, тікелей инвестиция елдің мойнына
қамыт болып ілінбейді. Ынталандыру механизмдері инвесторларға қолайлы жағдай
туғызу мақсатында үкімет тарапынан ынталандырудың үш қадамы ұсынылған:
1. Бизнесті жүргізу және инвестиция құюға тартымды ететін елдің имиджін
қалыптастыру.
2. Арнайы экономикалық аймақтарды құру, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз
етуді қосқанда, инвесторларға түрлі жеңілдіктер мен преференциялар ұсыну.
3. Трансұлттық компаниялар үшін фискалдық, қаржылық және қаржылық емес
механизмдер арқылы оңтайлы жағдай құру. Сондай-ақ шетелдік инвесторлар мемлекет
тарапынан бизнеске қолдау кӛрсететін тікелей тәсіл ретінде заңнамалық базаны жақсарту
жағына кӛп мән береді. Бүгінгі күні бұл бағытта атқарылған жұмыс жетерлік. Мәселен,
инвесторлардың мүддесін қорғайтын мемлекеттік кепілдеме, кәсіпорындарды тіркеудің
оңайлатылған рәсімі, экономиканың басымдық берілетін секторларында ӛз жұмысын
жүзеге асыру үшін инвесторларға жеңілдіктер беру тәрізді шаралар жиынтығын айтуға
болады. Шетелдік және отандық тікелей инвестицияларды тарту және қолдауда жалпы
мемлекеттік жүйені қалыптастырудың негізгі заңнамалық актілері Конституциядан басқа,
Азаматтық, Салық, Кеден кодекстері болып табылады. Сондай-ақ валютаны, құнды
қағаздар нарығын реттеу, сақтандыру нарығы мен инвестициялық қорлардың қызметін
реттеуге арналған нормативтік базалар үнемі жетілдіріліп отырады.
Осылайша
қазіргі
кезде
елімізде
кең
кӛлемді
инвестициялау
үшін
институционалдық негіздер құрылған. Қажетті инфрақұрылым жеткілікті. Жауапты және
бақылаушы мекемелер белгіленген. Алайда инвестициялық қызметті мемлекет тарапынан
қадағалау – үздіксіз жүргізілетін жұмыс.
Шетелдік инвесторларды экономиканың шикізаттық емес саласына тарту қиындау.
Ол үшін сол елдегі тұтынушылардың тӛлем қабілеті жоғары болатындай ішкі нарық
болуы қажет. Мысалы, Германия мен АҚШ кӛршілес Қытайдағы жеңіл автокӛлік
ӛндірісіне қаржыны аямай құйды. Неге десеңіз, ол елде нарықтың сыйымдылығы орасан,
демек, тауар да ӛтімді. Ал біздің елде шикізат саласына инвестор тарту оңайға түсті.
Мұнай-газ саласына келетін шетелдік инвестордың ӛз есебі болды. Олар ӛндіріске қажетті
құрал-жабдыққа дейін ӛздері алып келді.
Елдегі табиғи байлықтың кӛп болуы және оның кӛптеп ӛндірілуі, басқа ӛндіріс
орындарының жұмыс істеуіне жол бермейді. Олар уақыт ӛте келе қысқара береді. Бұл
шикізатты сыртқа шығарудың нәтижесінде келген табыс, ішкі экономиканың ӛнімділігін
арттырмайды. Тек ұлттық валюта курсының жоғарылауына алып келді Осының
салдарынан ұлттық ӛнімнің бәсекеге деген қабілеттілігі тӛмендеп, ол қысқара бастайды.
Жоғарыда айтылғандардың барлығын қорытындылай келе, экономиканың ӛсуі мен
капиталдың корлануының негізгі кӛрсеткіші - негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар
кӛлемінің ӛсумен сипатталатын экономикалық ӛсу үрдісінің дамуын кӛрсетеді.
Мемлекеттік инвестицияларды тиімді пайдалануға, ішкі жинақ ақшаны жұмылдыруға,
тікелей отандық және шетелдік инвестициялар түсімін ынталандыруға бағытталған
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоспарланған бағдарламасын іске асыру - болашақта
инвестициялық қызметте оң үрдістерді сақтауға мүмкіндік береді. Дегенмен, қазіргі кезде
инвестицияны қаржыландыру барысында кәсіпорындардың кӛпшілігі ӛз қаражаттарын
жұмсап отырғандығы байқалады.Осы жерден инвестициялық қаржыландыруды дамытуға
қатысты тұжырым жасауға болады:
-
Экономиканың дағдарыстық жағдайында экономиканың жеке секторлары мен
шет елдік секторлары банктерден қарыз алу арқылы қаржыландыруға деген ӛз ұсынысын
азайтады;
-
Басқа қаражаттарға қол жетімділік тӛмендегендіктен, экономиканың барлық
секторында меншікті қаражаты арқылы қаржыландыруға басымдық беріліп отыр;
Достарыңызбен бөлісу: |