197
Қазақстандағы заңдылықтар оффшорлық аймақтағы компанияның іс-әрекетін
қарастыруға ӛкілеттілігі жетпейді. Осы жағдайға батыс бизнесменінің кӛздерімен
қарайтын болсақ, онда секретарлық компаниялардың қызметі арқылы шешу мүмкіншілігі
болады. Мұндай мүмкіншілік болмаған жағдайда сыртқы істер министрлігінің, елшіліктің
арнайы бӛліміне немесе біздің елдің сауда ӛкілділігімен бірлесе іздестіру жұмыстарын
жүргізуге болады. Сонымен қатар секретарлық компаниялардың қызмет кӛрсетуін үнемі
қолдануға болмайды.
Іс-әрекетінің ӛзгешелігі бойынша секретарлық компаниялар клиенттерінің іс-
әрекеттерінде делдалдык қызмет кӛрсетеді және кейде құпиялықты бұзу жағдайларында,
сәйкесінше ақша қаражатын жоғалтуына әкеліп соғуы мүмкін. Сонымен бірге оффшорлық
компанияның құрылтайшылары туралы ақиқат мәліметін жария ету мүмкіншілігін
арттыратын құрылымдардың тізбегі артық буынды құрайды. Құпиялықты қамтамасыз
етудің тәсілдерін пайдалануға арнайы механизмдер бар. Әдетте, құпиялықтың қамтамасыз
етілуі қабылданған схемалардың бағасы салықтық емес аймақтағы оффшорлық
компанияны қолданудан түсетін табыстың сомасына сәйкес болу қажет.
Сонымен оффшорлық бизнес – бұл құпиялықты және қаражаттарды басқару
икемділігін сақтаудың жақсы тәсілі. Оффшорлық іс-әрекет салықтарды белгілеудің заңды,
бүкіл әлемде кӛпшілік мақұлдаған әдістерін қарастырады[1].
Қолданылған дереккөздер тізімі
1.Исабек Бауыржан. «Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің инновациялық
түрлерін жетілдірудің нарықтық механизмдері». Оқу құралы
2. Кәмшат Сәтиева. «Арнайы экономикалық аймақтар аяқтанып келеді» мақаласы.
3.Сахи Ибрагимұлы, Тоқтар Жақаш . «Алыстағы оффшор – ел қазынасына сор…»
УДК 336
Қазақстандағы инвестициялық қызметті қаржыландырудың
қазіргі кездегі даму бағыттары
Исаева А.Т. э.ғ.к., доцент
Алматы экономика және статистика академиясы, Алматы қ.
Еліміздегі инвестициялық жағдай Елбасының жыл сайынға жолдауында және
қабылданып жатқан түрлі үкіметтік бағдарламаларда шетелдік инвесторларды
индустриялық-инновациялық бағдарламаларға белсенді атсалысуға ынталандыру мәселесі
үнемі басты мәселелердің бірі болып отыр. Бұл тек қаржы құюмен шектелмейді, сонымен
бірге жаңа технологияларды енгізу, мамандарды оқытып-үйрету жағын да ұмыт
қалдырмау дегенді білдіреді.
Биылғы жылы экономиканың шикізаттық емес бӛлігіне құйылған қаржы 1,25 млрд
долларды құрайды. Бұл ӛткен жылғы кӛрсеткішпен салыстырғанда екі есе кӛп. Негізгі
инвестор-елдер – Нидерландия, АҚШ, Ұлыбритания, Виргин аралдары, Франция және
Италия. Сондай-ақ алғашқы ондықта Ресей, Оңтүстік Корея, Канада және Қытай да
кӛрінеді. Соңғы жылдары Таяу және Қиыр Шығыс елдері тарапынан қызығушылық бар.
Бұрын Еуропа мен АҚШ-қа ақша салуға үйренген бақуатты араб елдері, Қытай,
Жапония, Оңтүстік Корея сияқты мемлекеттер біздің жаққа мойын бұра бастады. Ел
экономикасының қолтығынан демейтін инвестиция кӛлемінің ӛсуі мемлекеттің жүргізген
саясатына байланысты екенін кез келген сарапшы мойындайды.
Қазақстан инвестиция тарту бойынша ТМД елдерінің ішінде алдыңғы орындардың
бірін алады, шетелдік тікелей инвестицияның жан басына шаққандағы мӛлшері 1350
198
долларды құрайды, ол 2005 жылдағы кӛрсеткіштен 2,5 пайыз жоғары. Мұндай үлес
Беларус Республикасы бойынша жан басына шаққанда 1090 доллар болса, Ресей бойынша
130 долларды құрап отыр.
Қазақстанда инвестициялық белсенділік жоғары болып отыр. инвестицияның
маңызды бӛлігі негізгі капиталға салынған, оның кӛлемі жыл сайын ӛсіп отыр. 2013 жылы
оның кӛемі 5473,1 млрд теңгені құрап отыр. 5 жылдың ішінде 1262,2 мрлд теңгеге
жоғарылаған. 2012 жылмен салыстырғанда 9,2 пайызға ӛскен[1].
Негізгі капилаға салынған инвестициялар кӛбінесе ӛнеркәсіп ӛндірісіне салынады.
Сонымен қатар, инвестицияның үлесіндегі оның мӛлшері 52% құрайды, ол ӛндірістегі
инфроструктуралық жобалардың жүзеге асырылуымен түсіндіріледі, кӛлік құралдары мен
қоймалауға құйылатын инвестиция жоғарылап отыр.
Негізгі капиталға салынатын инвестициялардың құрамы республикалық және
жергідлікті бюджеттен, сондай-ақ, кәсіпорындардың ӛзіндік қаражаты мен тартылған
қаражаттарынана және шет елдік инвестициялардан жүзеге асырылады.
Статистикалық мәліметер негізінде алып қарайтын болсақ, шаруашылық жүргізуші
субъектілердің негізгі капиталға инвестиция бойынша салымдары олардың ӛз
қаражаттары есебінен салынып отырады. Кесте мәліметтерінен байқап отырғанымыздай,
басқа қаржыландыру кӛздерімен салыстыранда меншікті қаражаттырының үлесі барлық
100 пайыздың жартысынан асып, 2013 жылы 53,7 пайызды құрап отыр.
Сурет 1-Қазақстандағы негізгі капиталды қаржыландыру кӛздерінің құрылымы
Ал, қарыз қаражаттарынының үлесі ақырындап ӛсіп отырған, бірақ үлес салмағы
жоғары емес. Сонымен қатар шет елдік инвестицияның үлес салмағы жылдан жылға
тӛмендеп отырғандығы байқалады.
Берілген кестеден кӛріп отырғанымыздай, инвестицияның қаржыландыру кӛзінің
біркелкі емес екенін кӛруге болады. 2008 жылы мысалы инвестициялаудың меншікті
қаражатпен қаржыландырылу тӛмен болған, оның орнына сырттан тартылған
қаражаттардың үлесі жоғары болған. Экономика «қызып» инвестициялаудың масштабы ӛз
мүмкіндіктерінен жоғары асып түсті. Ал, соңғы жылдары 2009-2012 жылдың аралығында
кәсіпорыдардың ӛз меншікті қаражатынана қаржыландыруды ұлғайтып отырғандығын
байқауға болады, яғни, ӛз мүмкіндіктерінен жоғарылай алмай қалғаны білінеді. Тек қана
мемлекеттік сектор ғана инвестициялау кӛздері бойынша тепе теңдік сақтап отырған[2].
Осы жерден инвестициялық қаржыландыруды дамытуға қатысты тұжырым жасауға
болады:
- Экономиканың дағдарыстық жағдайында экономиканың жеке секторлары мен
шет елдік секторлары банктерден қарыз алу арқылы қаржыландыруға деген ӛз ұсынысын
Достарыңызбен бөлісу: |