190
3. Инструкция о нормативных значениях и методике расчетов пруденциальных
нормативов для БВУ в части исключения из расчета коэффициента «Максимальный
размер риска на одного заемщика» (k3) требований банка к заемщику, списанных с
баланса банка, и требований, по которым сформировано 100% провизий (резервов)
4. Постановление Правления АФН от 30 сентября 2005 года № 359 «Инструкция о
требованиях к наличию систем управления рисками и внутреннего контроля в банках
второго уровня»
5. Постановление Правления АФН от 28 ноября 2008 года № 200 «Правила
применения мер раннего реагирования и методика определения факторов, влияющих на
ухудшение финансового положения банка второго уровня, накопительного пенсионного
фонда и (или) организации, осуществляющей инвестиционное управление пенсионными
активами, страховой (перестраховочной) организации»
УДК 336
Салық жүйесі - аймақтық саясатты қалыптастыру және жүзеге
асырудың маңызды буыны ретінде
Байдаулетова Г.О. «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы
Алматы эономика және статистика академиясы, Алматы қ.
Е-mail:
toti.kana@mail.ru
Салық жүйесі – дәл қазіргі кезде, ел аумағында қызмет ететін, ставкалары,
тӛлеушілері мен алынатын объектілері, шарттары мен тӛлеу уақыты, есептеу әдісі,
сонымен қатар жинақтап алғанда салықтарды басқаруды құрайтын қажетті әкімшілік
ережелері кӛрсетілген салықтар және ӛзге бюджетке тӛленетін міндетті тӛлемдердің
заңмен бекітілген тәртіп және соны жүзеге асыратын салық қызметі органдарынан
тұратын күрделі жүйе.
Салық жүйесі – концептуалдық ӛзара байланысты және жедел даму үстіндегі,
кӛпкомпонентті және кӛпқызметті салықтық құрылым. Ол әртүрлі салық түрлерінің
белгілі бір жинағынан және бір салық заңының, бір салық кеңістігінің аясында, біртұтас
салық саясаты үшін қызмет ететін, бюджетке тӛленетін міндетті тӛлемдерден тұрады.
Қазіргі күні біздің мемлекетеміз үшін де салық жүйесі, оны реформалау мәселесі
үлкен мәнге ие. Егемендік алған 20 жыл ішінде Қазақстан Республикасының салық жүйесі
бірнеше ӛзгеріске түсті. Жалпы салық жүйесі (грек тілінен аударғанда бӛліктерден
құралған бүтін деген ұғымды білдіреді) - бұл салық белгілі бір біртұтастық немесе кешен,
ол салықтӛлеуші мен мемлекеттің мүддесін қорғау мақсатында бір-бірімен ӛзара
байланыстағы салықтардың жиынтығынан тұрады.
Жалпы «Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты.
Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің,
салық қзыметі органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды,- деп
атап кӛрсетеді қазақстандық ғалым-экономистер С.Құлпыбаев, В.Д.Мельников[1].
Сонымен қатар салық жүйесіне берілген анықтамалардың ең кең түрін ӛз еңбегінде
А.А.Нұрымов қарастырған болатын, онда салық жүйесінің құрамына мыналар кіреді:
-
салық қатынасын реттейтін құқықтық және нормативті база (салық кодексі,
жарлық, инструкциялар т.с.с);
-
салықты және басқада міндетті тӛлемдерді жинау және құрау тәсілі.
Олардың әртүрлілігі, салық салу принципі, салық элементтері;
191
-
салық бақылауын жүргізудің түрлері мен формалары (салық есебінің
камеральды бақылау, салық тӛлеушінің мониторингі, құжаттық және рейдтік салықты
тексеру және т.б);
-
салықты және басқа міндетті тӛлемдерді жинау қызметі кіретін, ұйымдар
атап айтқанда, салық органдары, қаржы полициясы[2].
Салық салу - әлеуметтік-саяси проблема, ол мемлекет таңдап алған ұзақ мерзімдік
даму стратегиясына тікелей байланысты.
Қазақстандағы салық жүйесінің ерекшелігі сонда, ол негізінен шаруашылықтың
нарықтық үлгісіне орайластырылған, тұрмысы нашар азаматтарды әлеуметтік қорғау мен
жеңілдік жүйесі бойынша әлеуметтік-орайластырылған үлгіге тән[3].
Кез келген мемлекетті салық сферасындағы құқықтық білімнің маңызы зор екендігі
белгілі. Себебі салық саясаты мемлекет пен әрбір адам, мелекет пен мекеме арасындағы әр
түрлі мекемелер арасындағы, мемлекетаралық, адамдар арасындағы қарым қатынасқа
тығыз байланысты. Салық жүйесін жүзеге асыратын салық саясаты аталған ұғыммен
тығыз байланысты.
Қазақстандағы салық жүйесінің ерекшелігі сонда, ол негізінен шаруашылықтың
нарықтық үлгісіне орайластырылған, тұрмысы нашар азаматтарды әлеуметтік қорғау мен
жеңілдік жүйесі бойынша әлеуметтік-орайластырылған үлгіге тән[3].
Кез келген мемлекетті салық сферасындағы құқықтық білімнің маңызы зор екендігі
белгілі. Себебі салық саясаты мемлекет пен әрбір адам, мелекет пен мекеме арасындағы әр
түрлі мекемелер арасындағы, мемлекетаралық, адамдар арасындағы қарым қатынасқа
тығыз байланысты. Салық жүйесін жүзеге асыратын салық саясаты аталған ұғыммен
тығыз байланысты.
Нарықтық қатынастар кезінде, әсіресе нарықтық қатынастарға ӛту кезінде, салық
жүйесінің қалыптасу процесі болып ең басты әлеуметтік-экономикалық реттеуші
табылады. Реттеуші тетік – мемлекеттік реттеудің қаржы-несиелік механизімін
192
ұйымдастыру негізі болып табылады. Салық саясаты және салық жүйесі қаншалықты
дұрыс жасалса, соншалықты мемлекеттің экономикасының қызметі тиімді болады.
Мемлекеттік жүйені бақылаудағы әлеметтік-экономикалық процестердің салық саясаты
қоғамды тұрақтандырудағы ең басты бӛлігі ртетінде, экономикалық ӛсудің ең басты
шарты ретінде және Қазақстанның экономикалық кеңістігін, бірлігін сақтау ретінде
қарастырылуы керек. Тұрақты ілгермелі нормадағы салық механизмінің құрылуында
ӛтпелі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық үрдістердің ең басты ерекшеліктерін ұмытпау
керек[4].
Экономикадағы реформалар, оның нарықтық экономикаға кӛшуі, әрине,
Қазақстанда ӛзінің салық жүйесін құруды талап етті. Сонымен қатар, салық саясатында
мемлекеттің ӛзіндік қасиеті де кӛрінеді. Мемлекет салық механизмін пайдалана отырып,
салық саясатын ӛзгертуде экономикалық дамуды ынталандыруға және оны сақтап қалуға
үлкен мүмкіндік алады. Салық саясатын жалпы салық саласында мемлекеттің жүргізетін
шаралар жүйесі ретінде қарастырады. Бұл процесс ұзақ уақыт алуына байланысты ҚР-да
салық саясаты біртіндеп құрылды.
Осыдан барып, ҚР-ғы салық реформаларының басты мақсаттары ретінде келесі
кезеңдер пайда болды:
1)
Нарықтық қатынастарды ынталандыру, әсіресе:
-
кәсіпкерлікті қолдау;
-
мемлекеттік бюджет жүйесінің тек қажетті қажеттіліктерін қанағаттандыру;
-
жеке салық тӛлеушінің кәсіпкерлікке ынталандырылуы;
-
салық салу бойынша кең заң шығарушылық базалар тәртібі;
-
екі-үш еселік салық салудан пайданы қорғау механизмін құру.
2)
Салық салуда анықталған әділеттілікке жету:
-
халықтың ауқатты емес жіктеріне әлеуметтік қорғаумен қамтасыз ету, табыс
алу кӛзіне қарамастан, салық салудың бірдей шкаласын құру;
-
мемлекеттің ұлттық және жергілікті мүдделерін есепке алу;
-
салық салу жүйесін құрудың әлемдік деңгейде пайдалануға ынталандыру[5].
Салықтарды басқару жүйесі – жалпы салық жүйесінің тиімді қызметі секілді, оның
әрбір құрамдас бӛлігінің үйлесімді қызметін, салықтық реформаның бағдарламада
кӛрсетілген мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес салықтық күштермен қамтамасыз ететін,
соның ішінде қазіргі техникалық құралдарды қолданатын, ӛзара байланысты
ұйымдастырылған және әдістемелік кешенді шаралар жүйесі. Бұл шараларды келесі
суреттен кӛруімізге болады (2-cурет).
Жалпы алғанда, біздің ойымызша, салық жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттары
келесідей:
-
Салық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
Достарыңызбен бөлісу: |