Алматы экономика және статистика академиясы «Сібір бизнес, басқару және психология институты» мемлекеттік емес жоғары кәсіпкерлік білім беру мекемесі



жүктеу 2,87 Mb.
Pdf просмотр
бет41/119
Дата17.11.2018
өлшемі2,87 Mb.
#20440
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   119

88 
 
Үшіншіден,  орталықтандыру  мемлекеттік  меншік  туралы  орталықтандырылған 
және  агрегирлық  қаржылық  есептеме  әзірлеуде  маңызды  демеу  болып  табылады. 
Мемлекеттік  кәсіпорындар  бойынша  жалпы  және  агрегирлық  есептеменің  жоғары 
стандарттарын  белгілеген  аздаған  елдер    қатарына  меншік  қызметін  орталықтандырған 
немесе орталықтандырып жатқан елдер (Швеция, Франция и Норвегия) кіреді. 
 
Қолданылған дереккөздер тізімі 
1.Дэниэлс Д.Д.,  Радеба  JI.X.  Международный бизнес /  пер.  с  англ.  М.,  200 
 
2.  Стерлин А.Р.,  Тулин  И.В.  Стратегическое планирование в  промышленных 
корпорациях США: Опыт развития и новые явления. М., 1990. 
 
3. Студенцов В. Иностранные инвестиции и экономическая безопасность // 
Экономист. 2006. № . С. 56-62. 
 
4. Титов Е. "Иностранный легион" // Финансовая Россия,2013. № 11. - с. 7. 
 
 
 
УДК 371.044.3 
 
Мемлекеттік активтерді басқарудың шетелдік өтілі:  
шығыстық корпоративті менеджменті 
 
Ауезбекова Ж.А., магистрант 
Алматы экономика және статистика академиясы, Алматы қ. 
 E-mail: 
Mahinur_13@mail.ru
  
 
Мемлекеттік  активтерді  басқаруды  жетілдіру  мемлекеттік  қатысуы  бар 
компаниялардың  немесе  мемлекеттік  корпорациялардың  шетелдік  тәжірибесін  зерттеу 
негізінде мүмкін.  
Қытай  мемлекеттік  кәсіпорындарды  реформалау  бойынша  ӛзінің  талпынысының 
бір  бӛлігі  ретінде  1980  жылы  эксперименттік  негізде  мемлекеттік  кәсіпорындарды 
акциялауды енгізе бастады. 1990 жылы Шанхай қор биржасы құрылды, және 1991 жылы 
Шэньчжэнь  қор  биржасы  құрылды.  Кӛптеген  мемлекеттік  кәсіпорындар  акциясы  осы 
биржаларда бағаланды.  
1993  жылы  Қытай  Коммунистік  партиясының  (ҚКП)  14-ші  Орталық  комитетінің 
үшінші  толық  мәжілісінде  мемлекеттік  кәсіпорындардың  мақсатты  реформасы  ретінде 
осы  заманғы  бірлескен  жүйені  құру  бағдарламасын  қабылдады.  Кейіннен,  1994  жылы 
Компаниялар туралы Заң қабылдағаннан кейін, мемлекеттік кәсіпорындарды серіктестік, 
жауапкершілігі  шектелген  қоғамдық  компаниялар  және  акционерлік  қоғамдар  тәрізді 
ұйымдастырушылық – құқықтық үлгіге толық масштабты қайта құруды бастады [18]1. 
1997 жылы ҚКП-ның Он бесінші Ұлттық Конгресінде  акционерлік капиталда жеке 
сектордың қатысуымен мемлекеттік экономиканы қайта құру стратегиясы, сонымен қатар 
мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру жарияланды. Осы уақытта жеке капиталмен 
қаржыландырылатын компаниялар тез қарқынмен ӛсе бастады. 
Қытайда  нарықтық  экономикаға  ӛткеннен  кейін  мемлекеттік  кәсіпорындарды 
акционерлік  қоғамдарға  қайта  құру  1993  жылғы  мемлекеттік  кәсіпорындардағы 
реформаның  басты  бағыты  болып  есептелді.  Бұл  кәсіпорындардың  біразы  2003  жылдың 
соңында қор биржасында саны 1377 асқан, мемлекеттік кәсіпорындардан қайта құрылған 
болды.  Белгілі  мемлекеттік  кәсіпорындар  қор  биржасында  белсенді  бағаланды, 
акционерлік қоғамдардың бұл қайта құрылуына барлық акционерлер мүдделі болды.  
Мемлекеттік  кәсіпорындардың  мемлекеттік  қатысуы  бар  акционерлік  қоғамдарға 
ауысуы  туралы  сӛз  қозғалғанда,  тиімсіз  менеджмент  пен  мемлекеттік  кәсіпорынның 
меншік құрылымының ауысуы туралы да айтылады. АҚ-ға ауыстырылған Кәсіпорындар, 
Қытайдың  басты  мемлекеттік    кәсіпорындарының  белсенді  түрде  сатылатын  бірінші 
класты акциялары ретінде бағалана бастады.  


89 
 
Мемлекеттік  болып  қалған  кәсіпорындар  мен  түрлі  құрылтайшылары  құрамымен 
қалған  барлық  ӛндірісті  анық  ажыратып  атап  ӛту  керек.  Мемлекеттік  кәсіпорын  кейбір 
салаларда  баламаға  ие  емес.  Қытайда  реформаның  екі  онжылдық  ішіндегі    мемлекеттік 
кәсіпорындарды қайта құру «тӛменгі буындарға құқықтар мен пайданы беру»  саясатымен 
анықталды.  Бақылау  кӛзқарасы  тарапынан  мемлекеттік  кәсіпорын  құқығы  қандай  да  бір 
шамада Үкіметпен бақыланатын, басқа меншік үлгісіндегі шаруашылық 
субъектілерінен  мемлекеттік  кәсіпорындардың  айырықша  ерекшеліктерін  атап 
ӛткен жӛн.  
Қытайдағы  мемлекеттік  кәсіпорындар  коммерциялық  қана  емес,  сонымен  қатар 
коммерциялық  емес  мақсаттарға  ие:  халықтың  жұмыс  басшылығын  қамтамасыз  ету, 
әлеуметтік саланы қаржыландыру, тиімсіз және шығынды екені алдын ала белгілі ӛндіріс 
салаларында  қызмет  ету.  Пайда  алу  жағынан  мемлекеттік  кәсіпорындар  басқа  үлгідегі 
меншік  түріндегі  кәсіпорындардан  еш  айырмашылығы  жоқ.  Ұзақ  уақыт  бойы  Қытайда 
мемлекеттік  кәсіпорындар  жоспарлы  экономика  кезеңінде  басты  қолдау  ретінде 
қолданылды,  бұл  ретте  «мемлекеттік  кәсіпорын»  анықтамасы  ӛндіріс  қаражаты  жалпы 
халық  меншігіне  жататын,  және  мемлекет  иелік  ететін  қоғамдық  меншік  түріндегі 
құрылымдық үлгі ретінде берілді.  
Қытайдық  нарықтық  экономика  жүйесінде  мемлекеттік  кәсіпорын    бұл 
шаруашылық субъектілерінің түрлі нарқын алдын ала белгілеген кәсіпорындардың басқа 
үлгілерінен ерекшеленді. Мемлекеттік кәсіпорын — бұл ерекше мәнді субъект, ерекшелігі 
басты  түрде  мүліктік  құқықтарда  және  басқару  жүйесінде  кӛрінеді.  «Қалыпты  үкіметтік 
орган»  бола  отырып,  мемлекеттік  кәсіпорын  түрлі  кезеңдерде  және  ӛзінің  даму 
этаптарында  үкіметтің    саяси  және  экономикалық  міндеттері  мен  мақсаттарына  тәуелді 
болып келеді. Құру, қосу, бӛлу және жою — бәрін Үкімет шешеді.  
2006 жылғы желтоқсанда Қытай Мемлекеттік меншігін реттеу және әкімшілік ету 
жӛніндегі  комитеті  (SASAC)  шетел  инвестициялары  бойынша  жаңа  саясатты  баяндады, 
бұл  саясатқа  сәйкес  мемлекет  «абсолютті»  стратегиялық  бақылауды  тӛменде  келтірілген 
алты секторда сақтап қалды [1]:
 
  Ұлттық қорғаныс және әскери ӛнеркәсіп,  
  энергетика,  
  телекоммуникациялар,  
  мұнайгаз секторы,  
  авиация 
  кеме қатынасы.  
1 кесте - Қытайдың ірі мемлекеттік кәсіпорындары [20]. 
Атауы 
Сектор 
Sinopec 
Мұнай 
Национальная нефтяная Группа Китая (CNPC)* 
Мұнай 
State Grid 
Энергия бӛлу 
Индустриальный коммерческий банк Китая 
Банктік 
China Mobile 
Телекоммуникация 
China Southern Power Grid 
Энергия бӛлу 
China Life 
Сақтандыру 
China Telecom 
Телекоммуникация 
Agricultural Bank of China 
Банктік 
 
 
1 кестенің жалғасы 
 
Baosteel Group 
Болат 
China Railway Engineering 
Энергия бӛлу 
China Construction Bank 
Банктік 
China Railway Construction 
Энергия бӛлу 
* 90%-на PetroChina иелік етеді 
Дерек кӛзі: Қытайдың кәсіпорындар одағы  
 


жүктеу 2,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   119




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау