658
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Сонымен, ақпарат бухгалтерлік есеп іргелі тұжырымдамалық негіздер және
методологиялық нұсқаулардың және басқа да бухгалтерлік есеп тәсілдерінің тепе-
теңдігіне негізделеді.
Тұжырымдамалық негіздеме – бұл бухгалтерлік есеп стандарттарын
қалыптастыратын негізгі ережелер үшін конституцияны құруға арналған қазіргі заманғы
талаптың бірі. Тұжырымдамалық негіздеме стандарттарын белгілеу процесі осы
активтерге талаптардың тиісті ұсынуына септігін тигізуі қажет. Баланс есебі немесе
бухгалтерлік баланс белгілі бір уақыт кезеңіндегі ұйымның қаржылық жағдайының суреті
ретінде қаралуы мүмкін. Балансқа шоттар сальдосы, оның ішінде активтер, пассивтер мен
капитал кіреді. Бухгалтерлік есептің жекелеген шоттарында жиналған ақпарат қаржылық
есептіліктің тұтынушыларына әрдайым қажет емес; себебі оқылуын жеңілдету үшін
шоттарды топтастыру тәсілі қолданылады. Нәтижесінде инвесторлар мен несие
берушілер, сондай-ақ басқа да қаржылық есептің пайдаланушылары шоттар топтары
арасындағы қатынастарды зерделейді және бағалайды. Осыған байланысты, жалпы
мақсаттағы сыртқы қаржылық есептілік бухгалтерлік есеп шоттары бойынша
шоғырланған деректер негізінде жасалады және ол жүйеленген қаржылық есептілік деп
аталады. Баланс бухгалтерлік есеп әдістері мен рәсімдерін дұрыс және нақты қолдану
арқылы құрылады.
Пайда мен шығындар туралы есеп. Есептік бағалардағы өзгерістерді көрсетеді,
бұған қарапайым шаруашылық қызметінен түскен пайда немесе зиян кіргізілуі тиіс.
Сыртқы пайдаланушылар үшін кірістер мен шығыстар туралы есеп қысқаша жасалады.
Кірістер мен шығыстар туралы есеп есептеу жүйесі негізінде жасалады. Сондықтан
ақша қаражаттарының жай-күйі мен өтімділігіне ағымдағы қызмет әсері көрсетілмейді.
Кірістер мен шығыстар міндетте түрде ақша қаражаттарының ұлғаюымен немесе
азаюымен ілесіп жүрмейді. Ақша қаражаттарының ұлғаюы немесе азаюы бухгалтерлік
шоттардың «активтердің» өзгеруіне алып келеді. Кірістер мен шығыстар сомасының
өзгеруі «Капитал» шотының өзгерісіне алып келеді. Сол себептен, тағы бір есеп қажет, ол
«Ақша қозғалысы туралы есеп»деп аталады. Осы есептің негізгі мақсаты сыртқы және
ішкі пайдаланушыларға ақша қозғалысы туралы ақпаратты беру болып табылады. Ұйым
ақшасының жай-күйі мен қозғалысына оның ағымдағы, инвестициялық және қаржылық
қызметіне ықпалын тигізеді және осы кезең үшін ақша қаражаттарының өзгерісіне
түсініктеме беруге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, әкімшілік осы есепті өтімділікті есептеу
кезінде, дивидендтерді анықтау кезінде, басқа ұйымдарға қосымша инвестициялар және
қандай да бір бағдарламаны қаржыландыру туралы ұйымның жалпы жай-күйіне әсерін
бағалау кезінде пайдаланылады. Сонымен, осы есептің мақсаты ағымдағы есепті кезеңдегі
ақша қаражаттарының ағындары бойынша есеп беру болып табылады.
Қаржылық есептіліктің жалпы мақсаты Халықаралық Стандарттар Есебі жөніндегі
комитет (ХСЕК) атап көрсеткендей, тиімді экономикалық шешімдерді қабылдау болып
саналады.
Яғни, қаржылық бақылау шешімдерді қабылдау процесіндегі айтарлықтай
маңызды шарттардың бірі ретінде шығады. Алайда, қаржылық бақылау және бухгалтерлік
есептің әдістері мен қағидаларын қолдану дұрыстығы талданатын және қабылданатын
шешім деректерінің сапасына тәуелді. Осыған байланысты қаржылық есептілік туралы
ақпаратты түсінік беру және дұрыс пайдалану мәселесі шешім қабылдаушыға жүктеледі.
Бухгалтер пайдалы және сапалы ақпаратты ұсынады, ал пайдаланушы шешімдерді әзірлеу
кезінде оны түсініп қолдануы қажет.
Қазақстанның Тұжырымдамалық негіздемелерінде халықаралық тәжірибеде
қабылданған қаржылық есептіліктің тұжырымдамалық ережелерін құру және оның
мазмұны қаралады. Қаржылық есептіліктің тұжырымдамасы елімізде қалыптасқан нақты
экономикалық жағдайлардағы бухгалтерлік есеп жүйесінің құрылу негіздерін баяндауды
ұсынады.
659
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Сондықтан да, Қаржылық есептілік тұжырымдамасының мәнін жете бағаламауға
болмайды. Әлемдік тәжірибе тұжырымдамасыз тәжірибеде қаржылық есептілік
стандарттарын әзірлеу мен пайдалану, сондай-ақ нарықтық қатынастардың тиімді жұмыс
істеуі мүмкін емес екендігін көрсетті.
Егер ақпарат барлық нарық қатысушылары үшін сапалы және оны қол жетімді,
түсінікті және анық жасалған болса, онда осындай санаттардың жиынтығы қаржылық
есептіліктің мөлдірлігі деп аталады. Қаржылық есептіліктің мөлдірлігі мынадай:
ашықтылықжәнеесеп берушілік түсініктерімен толықтырылады.
Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарында ашықтылық ақпаратты
қолдану мен ұсыну методологиясына жатады, сондай-ақ ашықтылық қазіргі заманғы және
оларды ашық тарату арқылы стратегиялық шешімдерді қабылдау үшін болжамды
құндылыққа ие. Болжамды құндылық кері байланысқа негізделген. Өз кезегінде кері
байланыс пайдаланушыға қажет уақытында келіп түсетін алдағы күтулер қаншалықты
анық болып шығатындығы туралы ақпараттан тұрады деп болжанады. Егер уақыттылық
сақталмаса, онда мәндер келесі әрекеттер үшін маңызды болып табылмайды.
Есеп берушілік – бұл есептің дұрыс жасалуына жауапкершілік және нарық
қатысушыларының, оның фискальдық органдарының қажеттіліктеріне жатады. Есеп
берушілік тұжырымдамасы негізінен нарық қатысушыларының үш негізгі топтарына, атап
айтқанда қарыз жинаушы, эмитенттер мен инвесторлар, және мемлекеттік органдар мен
басқа да қаржылық институттар үшін бағытталған. Сыртқы пайдаланушылар үшін
қаржылық есептердегі деректерді әдейі бұрмалау жасанды қаржылық есептілік деп
аталатынын ескерген жөн.
Ашықтылық пен есеп берушілік өзара байланысты және қаржылық есептіліктің
фактілерін нығайтатын санаттары. Ашықтылық мониторингті жеңілдету арқылы есеп
берушіліктің деңгейін арттырады, ал есеп берушілік бастапқы себептер немесе
ауытқушылықтар жарияланғанын және түсіндірілгенін растайтын актіні ұйымдардың
өздері беру арқылы ашықтылықтың деңгейін арттырады. Өзара негізделген категориялар
ашықтылық, есеп берушілік ретінде жоғары деңгейде қабылданған шешімдердің
сапалылығын растайтын есептік ақпараттың тәртібін анықтайды. Бұл категориялар
экономикалық қайтарымды арттыруға көмектеседі, сондай-ақ инвестициялық саясаттың
жай-күйін және қаржылық тәуекелдерді басқаруды жақсартады. Ашықтылық қаржылық
жүйелердің ішкі табиғатын өзгертпейтінін ескерген жөн. Алайда, ашықтылық алдын ала
жағымсыз жаңалықтарға нарық қатысушыларының ұстамдылық реакциясын
қалыптастырады.
Сонымен, қаржылық есептіліктің ашықтығы ұйымның қаржылық жағдайы
(бухгалтерлік баланс), қаржылық нәтижелер (кірістер мен шығыстар туралы есеп),
меншікті капиталдағы өзгерістер туралы (ақша қоғалысының есебі) ақпаратты беруден
тұрады.
Қаржылық
есептіліктің
негізгі
сапалық
сипаттамалары.
Негіздемеде
пайдаланушылар шешімдер қабылдауда әсер ететін қаржылық есептіліктің сапалық
сипаттамаларға ерекше назар аударылған.
Негізгі түсініктерді қарастырайық. Ең алдымен, тұжырымдама қаржылық есептілік
туралы ақпарат пайдалы ретінде қаралуы мүмкін шекараларды анықтайды. Бұл үшін оны
алуына байланысты шығындарға қарағанда барынша пайда әкелетін ақпарат
пайдаланылады. Сондықтан да барлық пайдаланушылар егер ақпарат түсінікті болса, оны
дұрыс бағалап, қолдана алады.
Қаржылық есептіліктің тұжырымдамалық негіздемелері - негізінде бухгалтерлік
есеп және есептілік стандарттары әзірленетін логикалық тәсілдер мен талаптарды анықтау
қажеттілігі болып табылады.
Тұжырымдамалық негіздеме өз алдына стандарттар болып табылмайды, оны
бекітпейді, ауыстырмайды және жоймайды.