Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет296/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   420

599 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



қажеттілігімен,  екіншіден,  факторинг  рыногында  жаңа  қаржылық  қызметтердің  және 

құралдар мен жаңа технологиялардың енгізілуімен. 

 

Мұндағы  негізгі  кедергі  факторингтік  қаржыландыру  емес  (ол  анықтамасы 



бойынша «қысқа» ақшаларды білдіреді), ол кәсіби команда болғанның өзінде 6 айдан 12 

айға дейінгі уақытты алатын істі жолға қоюмен байланысты, ұзаққа созылатын және көп 

шығынды талап ететін  «нольдік цикл» болып табылады. Екінші   проблема –  еліміздің 

банктерінің  басым  бөлігінің  өздері  үшін  жаңа  қызмет  саласына  орташа  мерзімді 

инвестиция салуға дайын еместігі. 

 

Қазақстандағы  факторингтің  жалпы  келешегін  қалыпты-оптимистік деп  бағалауға 



болады.  Бұған,  жекелеп  алғанда,  әр  алуан  тауар  рыноктарында  бірнеше  мыңдаған 

тауарлар  жеткізілімін  қамтамасыз  ететін  банктердің  жекелеген  факторингтік 

операциялары  дәлел  бола  алады.  Қазақстан  Республикасындағы  қаржы  жағдайының 

тұрақтылығы да факторингтің одан әрі дамуына қызмет ете алады [1, 70-72 б.]. 

Қазіргі кезде Қазақстандағы факторинг баяу дамуда. Бұл, бірінші кезекте, банктердің 

тұрақсыздық  жағдайында  ақталуы  қиын  жоғары  тәуекел  жүктеп  отырғандықтарымен 

байланысты.  Ал  екінші  себебі  –  бұл  факторингтік  несиелеу  недәуір  тиімді  болып 

табылатын  экономиканың  нақты  секторының  жеткіліксіз  дамуы.  Бірақ  біздің 

экономикамыз  тұрақтану  тенденциясына  және  өндірістің  барлық  салаларының  даму 

потенциалына  ие.  Әрине,  экономиканың  тұрақтануымен  бірге  факторинг  те 

кәсіпорындарды  несиелеудің  ерекше  формасы  ретінде  қарқынды  дамиды  деп  сенгіміз 

келеді. Бұл оған қатысатын барлық тараптар үшін тартымды болар еді.             

2015-2016 

жылдардағы  факторингтік  қызмет  көрсетуге  арналған  басым  салаларды 

атап өтуге болады: 

–  


тамақ өнеркәсібі; 

–  


телекоммуникациялар; 

–  


химия 

өнеркәсібі 

(фармацевтика, 

тұрмыстық 

химия 

тауарлары, 



косметика, парфюмерия); 

–  


транспорт; 

–  


жеңіл өнеркәсіп; 

–  


сыртқы сауда; 

–  


көтерме сауда. 

Біздің еліміздегі факторинг тәжірибесінің одан әрі дамуының негізгі алғы шарттарын 

да сипаттауға болады: 

– 

факторингті кең масштабты пайдалану, оның толық потенциалын іске қосу басқару 



есебін сапалық тұрғыдан жақсартусыз және банктер мен фактор-фирмалардың тарапынан 

клиентурамен,  сондай-ақ  факторинг  бойынша  серіктестердің  –  кәсіпорындар  мен 

ұйымдардың өзінде талдау жұмыстарын жүргізусіз мүмкін емес; 

–  


халықаралық  факторингпен  қатар  мүмкіндігі  өте  аз  пайдаланылып  келе  жатқан 

ішкі  факторингті  де  белсенді  түрде  дамытуға  баса  көңіл  бөлу  қажет.  Бұл  факторингтік 

қызмет  көрсету  шеңберінле  (ең  әуелі,  консалтингте)  қамтамасыз  етілетін  қызмет 

көрсетулер спектрін едәуір дамытуда жүзеге асырылуы мүмкін; 

–  

факторингтік  операцияларды  бір  мезгілде  басқа  да  шаруашылық  операцияларды 



жүзеге  асыруға  жауапкершілік  жүктейтін  банк  аппаратының  орындауы  өзін-өзі 

ақтамағандықтан, күнделікті жұмысқа факторингке маманданған, өзін-өзі қаржыландыру 

негізінде  әрекет  ететін,  сондай-ақ  тек  қана  ұйымдардың  факторингтік  операцияларына 

маманданған  арнайы  банк  бөлімшелерін  кеңірек  енгізу  керек,  олар  басқарудың  бұл 

құралының барлық мүмкіндіктерін толық пайдалана және дамыта алар еді (әдетте бұлар – 

коммерциялық банктерден бөлініп шыққан факторинг бөлімдері); 

–  

банктер  мен  фактор-фирмалардың  факторингтік  буындары  өз  бизнесін  қызмет 



көрсетілетін кәсіпорындар мен ұйымдардың қажеттіліктеріне сәйкес, осы саладағы жаңа 

потенциалдарды  айқындау  және  сыртқы  салада  жүріп  жатқан  өзгерістерді  толық  есепке 




600 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



алу негізінде диверсификациялау мен қайта инжинирингтеу есебінен өздерінің нарықтық 

қызметтерінің нәтижелілігін арттырудың үлкен резервіне ие; 

– 

факторинг тәжірибесіне бизнесті программалық жарақтандыруды біртіндеп енгізу, 



оны  үнемі  жетілдіріп  отыру  өте  маңызды  және  ол  шығындарды  қысқартуға  және 

жинақтарды  арттыра  түсуге  көмектеседі.  Бұл  процестерге  қызмет  көрсететін  маман-

программистерді даярлау және қайта даярлау да үлкен мәнге ие; 

–  


факторинг тәжірибесінің құқықтық негізін де, оны жетілдіруге кедергі келтіретін 

нәрселердің бәрін жоя отырып, үнемі жақсартып отыру қажет.. 

Факторингтік  қызмет  көрсетумен  жеткізушінің  мынадай  қосымша  табыстары  мен  

пайдасы байланысты: 

фактордан  қажетті  айналым  құралын  алғаннан  кейін,  сауда  көлемін  ұлғайту 



мүмкіндігі есебінен қосымша пайда алу; 

банктік несие алумен байланысты ақталмайтын шығындарды үнемдеу; 



тауарды  өз  жеткізушілерінен  төмен  бағамен  алу  мүмкіндігінің  пайда  болуы 

есебінен үнемдеу. Мұндай мүмкіндік факторинг клиентінің жеткізілім сомасының басым 

бөлігін жеткізілім жүзеге асырылған күні ала отырып, сол арқылы дебиторларының төлем 

тәртібін  сақтауынан  тәуелсіз  бола  отырып,  тауарларды  сатып  алу  барысында  төлемді 

кейінге  қалдыру  мерзімін  қысқарту  және  өз  жеткізушілерінен  сатып  алынатын  тауарға 

үздік  баға  шартын  талап  ете  алу  мүмкіндігіне  ие  болуы  есебінен  пайда  болады.  Оның 

үстіне,  ол  кредиторлармен  касса  үзілісі  салдарынан  дер  кезінде  есептесе  алмаған  кезде 

қолданылатын айып санкциясынан қорғаныс алады; 

дебиторлар  оларға  жеткізілген  тауарды  төлемеген  немесе  дер  кезінде  төлемеген 



кезде туындайтын зияннан қорғаныс; 

қосымша  орындар  үшін  (офистік  құрал-жабдықтарды  қоса  алғанда)  және 



дебиторлық  қарызды  бақылауға,  қаржы  ресурстарын  тартуға  жауапты  қызметкерлердің 

қосымша жұмыс уақыты үшін төлем жасаудағы үнем;  

айналым  құралдарының  тапшылығы  салдарынан  сатып  алушыларға  төлемді 



бәсекелестік  кейінге  қалдыру  ұсына  алмау  және  қоймада  тауарларды  жеткілікті 

ассортиментін  ұстай  алмау  нәтижесінде  клиенттерді  жоғалту  есебінен  жіберіліп 

қойылатын пайдадан қорғаныс; 

саудаға  және  төлемдерге  бақылаудың  жоқтығы  немесе  жеткіліксіздігіне 



байланысты жоғалтулардан қорғаныс. Тіпті егер жеткізуші өзінде бүгін ағымдағы қызмет 

үшін    адам  және  қаржы  ресурстары  жеткілікті  деп  есептесе  де,  айналым  өскен  кезде 

ресурстардың  жеткіліксіздігі  факторинг  компаниясының  қолдауынсыз  дамудың  басты 

кедергісіне айналуы мүмкін. 

Қазіргі  кезде,  факторинг  –  бұл  төрт  (кем  дегенде  –  екі)  қосындының  жиынтығы: 

қаржыландыру,  тәуекелдерден  қорғау  (сақтандыру),  дебиторлық  қарызды  басқару  және 

ақпараттық қызмет көрсету.  Бұл жерде факторингтік компанияның өз клиентінің өсуіне 

мүдделі  екендігі  түсінікті,  себебі  тек  осылайша  ғана  өз  табысын  арттыра  алады. 

Факторинг  шеңберінде  қаржыландыру  кезінде  тек  дебиторлық  қарыз  ғана  кепіл  ретінде 

әрекет  ететін  болғандықтан,  факторинг  компаниясы  өз  клиентінің  сапалық  өсуіне  де 

мүдделі. Ал мүліктік және басқа да материалдық кепілдермен қорғанысқа үйренген несие 

институттары болса, факторингтік қызмет көрсету кезінде несиелік операцияларға ұқсас 

шешім  қабылдайды  және,  ең  әуелі,    факторинг  шеңберінде  қаржыландыруға 

бағдарлананып, оның басқа құрамдас бөліктерін назардан тыс қалдырады. Факторингтік 

операцияларды  әмбебап  несие  ұйымы  формасында  жұмыс  істемейтін  арнайы  факторинг 

компаниялары  жүзеге  асыратын  елдерде  факторингтік  операциялардың  недәуір  өсуі, 

факторингтік ЖІӨ-ге қатынас көлемінің жоғарылағандығы байқалады [2, 48-50 б. ].  

Факторингтік  операциялардың  әмбебап  коммерциялық  банктерден,  кем  дегенде, 

мамандандырылған  банктің  факторинг  компаниясы  формасында  (мұны  заң  талап  ететін 

болса)  бөлініп  шығуы  жалпыәлемдік  тренд  болып  табылады.  Бұл,  сондай-ақ,  факторинг 




жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау