Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет293/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   420

593 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



Сақтандыру немесе тәуекелді сақтандыру ұйымына беру деп тәуекелдің бір басқару 

субъектісінен (сақтанышудан) екіншісіне (сақтанушыға) ауысуын айтады. Несие тәуекелін 

сақтандыру сондай-ақ шұғыл нарықта туынды қаржы құралдарын (опцион, своп және т.б.) 

пайдалана отырып, мәміле жасаған кезде мүмкін болады.  

Несие тәуекелін ұстап тұру әдістері дегеніміз - несие беріп отырған жоба бойынша 

барлық  жауапкершілікті  банктің  өз  мойнына  алуы.  Менеджерлердің  кәсіби  біліктілігіне 

арқа сүйеп, тәуекелді өз күшімен төмендетеді. Несие тәуекелін белгілі бір деңгейде ұстап 

тұру мақсатында банк мынадай шараларды қолдануы мүмкін:  

-   

Жоғары тәуекелді қызметтерді уақытын тоқтата тұру;  



-   

Несие нарығының жаңа секторларын ұйымдастыру, жаңа несие өнімдерін жасау 

жұмысын жүргізу;  

Проблемалы  несиені  қайтарумен  шұғылданатын  кішкене  құрылымдық  бөлімше 



құру.  

Тәуекелді  ұстау  экономикалық  жағынан  егер  несие  бойынша  мүмкін  болатын 

залалдар  несиегердің  қаржылық  жағдайына  зиянын  тигізбейтін  меншікті  қаржы  арқылы 

жабылатын болса тиімді болып саналады.  

Сонымен  банк  несие  тәуекелін  басқару  проблемасы  басқару  объектісіне-  несие 

тәуекеліне  тікелей  және  жанама  әсер  ететін  шаралар  жүйесі  -  басқару  әдістерінің 

жиынтығы  ретінде  қаралғанда  басқаша  мазмұнға  ие  болатындығын  көрсетеді.  Бұл 

мәселелерді  зерттеу  отандық  банкілер  практикасында  жанама  әсер  ету  әдісіне  жататын 

басқарудың  жекелеген  әдістері  (ескерту,  сақтандыру,  тәуекелді  ұстап  қалу)  жеткіліксіз 

қолданылатынын  көрсетті.  Алайда  жанама  әдістерді  қолдану,  оның  негізін  құрайтын 

тәуекелді  ескерту  әдісі  белгілі  дәрежеде  банкте  несие  тәуекелділігі  туындаған  жағдайда 

оның пайда болуының алғы шарттарын жоюға мүмкіндік тудырады.  

Несиелік  тәуекел  бұл  қарыз  алушының  банктен  алған  несиесі  бойынша  қарызын 

немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің 

зиян шегуін сипаттайды.   

Қарыз  алушының  несиелік  тәуекелін  төмендетудің  келесі  тәсілі  бұл  мүдделердің 

қақтығыстарын  болдырмау.  Мүдделердің  қақтығыстарын  болдырмау  негізінен  банктің 

несиелік  қызметіне  байланысты  қойылатын  талаптарды  банк  қызметкерлерінің 

орындауын көздейді. Мүдделердің қақтығыстарын болдырмаудың мынадай жолдары бар:             

 



несиелік  үдеріске  қатысушы  несиелік  қызметкерлердің  несиелеуге  байланысты 

заңдар мен нормативтік актілерді қатаң сақтауы;  

несиелік  мәміле  туралы  шешім  қабылдаушылардың  арасында  құзіреттердің 



бөлінуі;  

жеке  басының  байланысы  бар  немесе  қаржылық  мүддесі  бар  банк  қызметкері 



аталған  ұйымды  немесе  тұлғаны  несиелеу  үдерісіне  қатыстырмау,  не  болмаса  ондай 

несиелік мәмілені өзге бір банк қызметкерінің қарауына беру және аталған қызметкердің 

ол іске араласуына тиым салу;  

несиелеу  үдерісі  барысында  алынған  клиенттер  немесе  олардың  коммерциялық 



қызметі  туралы  ақпараттарды  жеке  мүддеге  немесе  өзге  заңды  және  жеке  тұлғалардың 

мүдделеріне пайдалануға жол бермеу;  

несиелік  қызметке  қатысушы  қызметкерлерді  әдептілікке  үйрету  және  мүдделік 



қақтығыстарды болдырмауға шақыру;  

мүмкін болатын мүдделік қақтығыстарға қатаң тәуелсіз бақылау жасау.  



Қарыз  алушы  заңды  тұлғаның  несиелік  тәуекелін  бағалау  мынадай  тәсілдермен 

жүзеге асады [4, 87 б.]:  

1) қарыз алушының іскерлік тәуекелін бағалау;  

2) қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау;   

3) несиені қамтамасыз ету көздерін бағалау.  



594 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудағы басты 

факторға  оның  қаржылық  жағдайы  жатады.  Ол  қарыз  алушының  қызметін  көрсететін 

көрсеткіш ретінде қызмет ете отырып, меншікті және заемдық қаражаттарды орналастыру 

және  пайдалану  құрылымдарымен,  сондай-ақ  пайданы  алу,  бөлу,  және  тиімді 

пайдаланумен сипатталады. 

Екінші деңгейдегі банктердің тәжірибесінде ірі бизнес-жобалар бойынша несиелеуде 

қарыз  алушылардың  өтініштерін  талдауда  Project  Expert  бағдарламасы  пайдаланылады. 

Бұл  бағдарлама  жобаның  тиімділігін  қайта  есептеуге  мүмкіндік  жасаумен  қатар,  қарыз 

алушының  несиелік  тәуекелін  анықтауға  және  оған  ықпал  етуші  факторларды  сандық 

тұрғыдан талдауға мүмкіндік береді. 

Қарыз  алушы  жеке  тұлғаның  несиелік  тәуекелін  бағалау  мынадай  тәсілдермен 

жүзеге асады [5, 273 б.]: 

қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау, cоның ішінде: 



сауалнама негізінде бағалау; 

скоринг жүйесі көмегімен бағалау; 



несиелік тарихын білу негізінде бағалау; 

төлем қабілетін сипаттайтын көрсеткіштер негізінде бағалау. 



скоринг  бұл - банкке «бұрынғы» клиенттердің несиелік тарихы негізінде әлеуетті 

қарыз  алушының  несиені  уақытында  қайтармау  ықтималдығының  қаншалықты  жоғары  

екенін  анықтауда  көмек  беретін  математикалық  немесе  статистикалық  үлгі.  Несиелік 

скорингті  жүргізу  барысында  қарыз  алушының  қаржылық  қызметін  сипаттайтын  бес 

параметр пайдаланады.  

Несиелік  қоржынды  секьюритизациялаудың  мынадай  тиімділіктерін  айту  қажет: 

қарыз  алушылардың  негізгі  қарыздары  бойынша  пайыздарды  төлеуіне  бақылауды 

күшейтіп,  коммерциялық  банктерде  қаржылық  менеджменттің  тиімділігін  арттырады, 

облигацияларды  шығарушы  эмитенттер  мен  оларды  сатып  алушы  банктер  үшін 

облигацияның  тиімділігі  арта  түседі,  банктердің  активтердің  өтімділігін  реттеу  құралы 

ретінде  қызмет  етеді,  сондай-ақ    банктердің  несиелік  қоржындарының  тиімді  басқару 

құралдарының біріне жатады.  

Несиелік  тәуекелді  басқару  үдерісінің  соңғы  кезеңі  несиелік  тәуекел  деңгейіне 

бақылау және мониторинг жүргізу. Несиелік тәуекел деңгейіне жасалатын бақылау және 

несиелік  мониторинг  шаралары  несиені  берген  күннен  бастап,  оны  толық  қайтарған 

уақытқа дейін жүзеге асады.  

Қолданылған дереккөздер тізімі 

11 


Голубович  А.Д.,  Ситнич  А.В.Управления  рисками.  -  М.:  Менатеп-информ, 

201


5. 264 с. 

12 


Мақыш С.Б. Банк ісі: Оқулық. - Алматы: Жеті жарғы, 2009. - 552 б. 

13 


Управления  банковской  деятельностью  коммерческого  банка  (банковский 

менеджмент) / под. ред. О.И. Лаврушина. - М.: Юристь, 2014. - 688 с. 

4.  Соколинская Н.Э. Экономические риски в деятельности коммерческих банков. - М.,     

     2013. – 

312 с. 

5.    Банковское  дело  /под  ред.  Г.Н.  Белоглазовой,  Л.П.,  Кроливецкой.    -  СПб.: 



Питер,         

     2012. – 

400 с. 

 

 



 

 

 



 

 


жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау