597
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
1.
Несиелік тәуекелдің мәнін түсінуге екі тәсіл тұрғысынан келу қажет. Оның
біріншісі, банктік несиелік тәуекелін мынадай тар мағынада қарастыру болып табылады:
а) несие бойынша төлемдердің төленбей қалу қаупі; б) банктің несиелік әрекетінің оның
активтерінің құнын жоғалту мүмкіндігін және кепілдік міндеттемелерінің орындалмауын
көрсететін оқиғалық сипаттамасы. Осы мақсатта несиелік тәуекелдің типтерін мына
белгілерге қарап анықтаймыз: талдауды жүзеге асыру деңгейімен; пайда болу саласымен;
қарыз алушының типімен; тәуекелдің пайда болу сипатымен; операцияның түрлерімен;
қарыз алушының іс-әрекеті сипатымен, тәуекелдің қауіптілік деңгейімен және тәуекелдің
басқарылу деңгейімен.
2.
Талдауды жүзеге асыру деңгейіне қарай несие тәуекелін жиынтық (жалпы) және
жеке типтеріне бөлуге болады. Жиынтық (банктік несие қоржыны мөлшеріндегі) несие
тәуекелі банктің барлық несие қоржынынің сапасы жағынан берілген барлық несиенің
көлемін бағалаудан туындайды. Жиынтық несие тәуекелінің сараптамасы несиелердің
әртүрлі категориялары бойынша төленбеген қаражаттың көлемін сипаттайтын бірқатар
көрсеткіштердің есебі негізінде өткізіледі. Жеке (әр нақты несиенің деңгейінде) несие
тәуекелі жекелеген қарыз алушыға тән тәуекел мөлшерін сипаттайды. Жеке несие
тәуекелін талдау коммерциялық, саяси және басқа да сыртқы әсерлерді ескере отырып,
оның көп нұсқалы үлгісін жасауды талап етеді.
3.
Банк несие тәуекелінің факторларын жинақтай келгенде оның төмендегідей
түрлерін атап айту маңызды: жеке несие тәуекелінің факторлары: жеке тұлғаға несие беру
кезіндегі несие тәуекелінің факторлары; заңды тұлғаларға несие беру кезіндегі несие
тәуекелдігі факторлары; банк несие тәуекелінің жиынтық факторлары: банк несие
қоржыны тәуекелдігі факторлары. Мәселен, банкке қатысы жөнінен сыртқы факторлар
болып саналатын несие операцияларын жүргізетін 1,2 факторлар банк ішкі 3 және 4
факторлармен салыстырғанда алар орны 58,9 пайыз, ал банк ішкі факторлар тиісінше 41,1
пайызды құрайды. Алынған нәтижелер банк несие тәуекелін басқаруға қатысты
шешімдерді жоспарлап жүзеге асыру үшін белгілі ақпараттық базаны көрсетеді.
4.
Көптеген банкілерде несиені қайтаруды қамтамасыз ету мәселесі жоғары
маңыздылыққа ие болып тұрғанымен, әлі де несиелік тәуекелді басқару жүйесін құруға
онша мән берілмейді. Мұндай жағдайда банктің несие тәуекелін басқару жүйесін
өзгертудің негізгі бағыттары ретінде төмендегі бағыттарды алған жөн. Бұл бағыттар
несиелік тәуекелді басқару жүйесін жетілдіре түседі . Негізгі бағыттар:
-
отандық банк тәжірибесіне халықаралық несие беру тәжірибесін кіргізіп,
бейімделу;
-
банктің несие тәуекелін басқару жүйесін несиенің мәнді шегін және банктің
несие тәуекелінің өзгешелігін есепке ала отырып құру;
-
несие принциптерінің орындалуын қамтамасыз ету (қайтарымдылығы,
еріктілігі, жеделдігі, ақылы, қаржының мақсатты бағытқа берілуін қамтамасыз ету);
-
банк қызметі рыногының сұранысына сәйкес несие берудің жаңа формаларын
дамыту, сондай-ақ бұл жерде несие беруші банктің және несие алушының мүддесі есепке
алынуы тиіс;
-
несие тәуекелдігі басқару құрылымын өзгеру және несие процесін ықшамдау;
-
банк несиесін пайдалануды қадағалау функциясын банк тарапынан күшейту.
5. Қазіргі кезде банк тәуекелін бақылау тәуекелді өлшеу және есептеу әдістемесі
саласына кірген жаңалықтар әсерінен үлкен өзгерістерге ұшырады. Осының ішіндегі
маңызды бір ноу-хау банк қызметіндегі тәуекелді өлшеудің жаңа әдіснамасы болды, ол
VaR (Value at Risk -
тәуекел астындағы құн) деп аталады. VaR-ды банкті қадағалау
жөніндегі Базель комитеті қаржы нарығындағы конъюнктураның жағымсыз жаққа өзгеруі
нәтижесінде пайда болатын әлеуетті шығындар тәуекелін бағалау үшін кіргізді. VaR
әдіснамасының негізгі мәні – ол инвесторларға несие тәуекелінің көлемін өлшеуге,
капиталдың жалпы табысындағы әр несиенің үлесін көрсетуге, банктің несие
598
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
қоржынындағы әр жекелеген позицияны тәуекелдіктен қорғауын қамтамасыз ету үшін
қажетті мөлшердегі капиталды анықтауға мүмкіндік береді.
6. Тәуекелдік жағдайдың туындау мүмкіндігін математикалық ықтималдық теориясы
әдістерінің көмегімен анықтауға болады. Несие тәуекелін өлшеудің бірін бірі
толықтыратын үш әдісін бөліп айтуға болады. Тура ықтималдық әдіс. Ол жағдайдың
дамуы және оның ықтималдығы туралы барлық сценарийлер туралы сенімді ақпарат
болғанда пайдалануға оңтайлы деп есептеледі. Жақындатылған ықтималдық әдіс. Кейбір
себептермен барлық көптеген сценарийлер үшін ықтималдылықтың белгіленген шамасын
анықтау мүмкін болмаған жағдайда бұл көптеген жағдайды есептеуді сапалы түрде
жеңілдету нәтижесінде алынған модель дөрекі болса да өзін өзі ақтайды. Жанама (сапалы)
әдіс. Егер дәл ықтималдық әдістер практикалық түрде мүмкін болмаса, тәуекелді сандық
өлшеуге қол жеткізу мүмкін емес. Бұл жағдайда аталған тәуекелді жанама сипаттайтын
және практика жүзінде қолдануға қол жетімді басқа көрсеткіштермен шектелу дұрыс
болады. Аталған әдіс бар болғаны сапалық баға бергенімен, біраз жағдайларда ол бірден-
бір мүмкін әдіс саналады .
Қарастырылған экономикалық–математикалық әдістер тәуекелдің объективті
ықтималдығын көрсетеді және несие бойынша шығын немесе банкроттық статистика
туралы ақпарат болған кезде пайдаланылады. Егер қолда ондай деректер болмаса,
тәуекелдік жағдайының объективті ықтималдығын есептеу мүмкін болмағанда тәуекелді
субъективті бағалауға негізделген әдістерді қолдану қажет болады. Банк несие тәуекелін
өлшеудің жанама (сапалық) әдістері негізінен экспорттық бағалау әдісі негізінде
құрылады. Бұл әдіс күрделі, стандартты емес экономикалық жағдайларды шешу үшін
кәсіби біліктілігі жоғары мамандардың интеллектуалдық әлеуетін қажет еткен кезде
сондай-ақ эксперттер пікірі практикалық жақтан жалғыз ақпарат көзі болған кезде
пайдаланылады.
Қолданылған дереккөздер тізімі
14
Мақыш С.Б. Банк ісі: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2009. – 552 б.
2.
Баймұратов О. Қазақстан қаржы нарығы. – Алматы: Экономика, 2007. –
296 б.
3.
www.forex.ru
Факторингтік операциялар нарығын дамыту
Сақтағанова Ә.М.
Алматы экономика және статистика академиясы
E-mail: asel_01.06.95
@mail.ru
Қазақстандық факторинг рыногы қазіргі таңда ұлттық қаржы жүйелерінің
дүниежүзілік қаржы рыногына интеграциялану процесіндегі ролін одан әрі күшейту үшін
үлкен мүмкіндіктер ұсынатын бастапқы сатыда тұр. Отандық несие институттарының
басым көпшілігінің факторингтік қызмет көрсетуді дамытуға дайын еместігі негізгі
проблема болып қалып отыр. Мұндағы негізгі проблема – таза әдістемелік проблема:
факторингті бірде несиелік, бірде дисконттық немесе басқа банктік операцияларға
жатқызып келеді. Солай болғанмен де, факторинг банк ісінің бір бөлігі еместігімен қатар,
оған қатысты «операциялар» деп айту да дұрыс емес, себебі ол бір реттік мәміле емес,
тұрақты қызмет көрсетуді білдіреді. Мұның барлығы шешімдер қабылдау мен
тәуекелдерді басқарудың арнайы процедураларының болуын талап етеді. Қазақстандық
факторинг рыногының дамуы негізгі екі фактордың жұмысымен байланысты –
біріншіден, қаржы рыногының жағдайымен және тәуекелдерді басқарудың барынша