603
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
жүйесінің ең жоғарғы деңгейін көрсетеді. Ұлттық банктің міндеттері, қызметтерінің
қағидалары, құқықтық статусы мен құзіреті 1995 жылғы 30 наурыздағы №2155
«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңымен анықталады /6/. Қалған
банктердің
барлығы
банк
жүйесінің
төменгі
деңгейін
көрсетеді.
Қазіргі таңда тауарлық және қаржылық нарықтың даму жағдайында банктік жүйенің
құрылымы бірден қиындайды. Қаржылық мекемелердің жаңа түрлері, жаңа несиелік
құралдар мен клиенттерге қызмет етудің жаңа түрлері пайда болды. Коммерциялық
құрылымға қызмет көрсетудің жаңа әдістері мен капитал нарығынд атиімді жұмыс
істейтін механизмнің несие жүйесінің институционалды құрылғысының оптималды
нысандары ізделуде. Тұрақты, әрі икемді және тиімді банк инфрақұрылымының құрылуы
– Қазақстандағы экономикалық реформаның маңызды (әрікүрделі) мәселелерінің бірі.
Қазақстанның бүгінгі қаржы және банк секторы ТМД мемлекеттері арасында
мойындалып отырған, барынша бәсекеге қабілетті саласы. Дей тұрсақ та,
антимонополиялық заңнамаға енгізілген толықтырулар мен өзгертулер елдегі екінші
деңгейлі банктер мен шетелдік банктердің еншілестерінің қызметіне қолайсыздық
тудыруда.
ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында жанбасына шаққандағы инвестиция
тарту бойынша алдыңғы орында тұрған Қазақстанның ішіндегі банктер арасында үлкен
бәсекелестік бар. Бұл мемлекет үшін аса қолайлы жағдай, елдегі инвестициялық климатты
әлі де жақсарта түсу керек.[4]
Кез келген елдің экономикасының дамуы несие нарығының тиімді дамуымен тығыз
байланысты. Осыған байланысты, нарыққа өту жағдайында коммерциялық банктердің
несие саясатын жетілдіру мәселесі өте маңызды болып табылады. Ол ақша
ресурстарының тиімді қозғалысына, халық жинақтарының, банк жүйесінің несие
ресурстарына құйылуына болысады.
Қазіргі экономикалық даму барысындабанк жүйесі еліміздің экономикалық
сұраныстарын қанағаттандыра алмай отыр.Қазақстанды халықаралық ұйымдармен
бірлесіп жұмыс істеуге енгізу қаржы саласындағы ұлттық мүддені қорғау жөніндегі
шараларды қабылдауды талап етеді. Ол бірінші кезекте банк жүйесінде жасалуы тиіс.
Сонымен бірге банк жүйесінің ауқымы елдің экономикалық сұранысына сәйкес келмейді
және дамыған нарықтық экономикасы бар елдердегі банк жүйелерінің ауқымынан
айтарлықтай аз. [2]
Банк жүйесінің еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына қолдау
жасаудың орнына, қайта оны шабандататынын байқау қиын емес қой деп ойлаймын.
Сонымен, қатар қазақстандық банктердің шет ел капиталына тәуелділігі өсу үстінде. Бұл
олардың инвестициялық шешімдер қабылдаудағы дербестігін шектейді де. Менің
ойымша, Елбасының 50 бәсекеге қабілетті елдің қатарына кіру туралы ұсынысын іске
асыру үшін алдымен банк қауымдастығынан «Қазақстан Республикасы ұлттық банк
жүйесінің бәсекеге қабілетін дамыту бағдарламасын» жасап, қабылдауын талап етеді. Ол
бағдарлама Үкімет, ҚР Ұлттық банк, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен бақылау агенттігі және банк қауымдастығының ортақ мәселелерді шешуде бәсекеге
қабілетті бірлесе жұмыс істеуінің үлгісі болуы тиіс. Банк жүйесінің дамуына тосқауыл
болып тұрған мына мәселелерге жіті назар аударылса деймін. Олар: • Банк заңдарының
бүгінгі талапқа банк жүйесін мемлекеттік басқару құралы ретінде сай келмеуі; •
мемлекеттік экономикалық саясат элементі ретінде ақша-несие және валюталық саясат
рөліне байланысты мәселелер; • банк секторындағы бәсеке мен монополизмге қатысты
реттеу деңгейінің жеткіліксіздігі; • тұрғындар мен кәсіпкерлер үшін банк қызметі
бағасының жоғары болуы; • аймақтар, әсіресе, ауыл тұрғындарының банк қызметіне қолы
жетпейтіндігі;
•
қайта
қаржыландыру
жүйесінің
сылбыр
дамуы
Әлемдік практикада банк қызметін реттейтін органдар жүргізетін негізгі 3 концепция бар.
Атап айтсақ, олар – қоғамдық мүдделер теориясы, «бітісу» теориясы және қоғамдық
604
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
таңдау теориясы. Реттеудің алғашқы концепцияларының бірі қоғамдық мүдделер
теориясы болып табылады. Бұл теорияны басшылыққа алған реттеуші органдар бүкіл
қоғам игілігі үшін жұмыс істейді. Өйткені оның басшыларын жариялы түрде заңдық
ұйымдардың депутаттары сайлап, реттеуші ұйымдар қоғам мүддесін басшылыққа ала
отырып шешім қабылдайды. Бұл теория қоғамдық мүдделердің сақталуын бақылап
отырған әр түрлі комиссия, комитеттердің тәуелсіз қоғамдық мүддесіне қолдау ретінде
жұмыс істеді. Ал рыноктық құралдар бұл теорияға сай жұмыс істемеген жағдайда
бақылау органдары араласады да, банк қызметін пайдаланушылар мүддесін
қанағаттандыратын мәселелерді жүзеге асырады. Екінші реттеу теориясы – «бітісу»
теориясы деп аталады. Оның авторы Нобель сыйлығының лауреаты Джордж Стиглер
деген ғалым. Ол мұндай реттеу теориясын ұстанған елдерде реттеуші органдар қоғамның
емес, өзінің мүддесі үшін жұмыс істеп кететінін дәлелдеп шыққан. Қоғамға мұндай реттеу
тиімді емес, оның пайдасын тек ат төбеліндей ғана бақылау объектілері ғана көреді. Ал
шығынды оның өнімін тұтынушылар шегеді. Бұл тұжырымдама бойынша реттелетін
субъектілер бақылау шараларынан пайда көру үшін бақылау органдарымен бітісіп кетуге
тырысады. Концепцияның тағы бір ерекшелігі – бақылау органдарының шенеуніктері
мемлекеттік органдардағы өздерінің қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін келісімге
байланысты өздерінің бұрынғы реттеп келген субъектілеріне ауысып ала қояды. Үшінші
теория – қоғамдық таңдау теориясы. Бұл теорияның жақтастары қоғамдық мүдде
концепциясын ұстануды мақсат етеді, бірақ тербелмелі уақыт келе қалса, бітісу
теориясына ауысып кетулері оңай. Олар реттеуші органдар алдында балама бар деп
есептейді. Екі теңнің басы бірдей кезде олар қоғам үшін игілікті болатын істі жасауы
мүмкін. Әйтсе де олар көбіне өздері реттеп отырған субъектілердің қойған бағасын
қорғауға бет бұрып кетеді. [3]
Қоғамдық таңдау теориясында шын мәніндегі қоғамдағы тұтынушылардың емес,
қоғамдағы банктердің мүддесі көбірек қорғалады. Нәтижесінде, бақылау органдары
субъектілердің бәсеке рыногы деңгейінен бірнеше есе жоғары, бірақ бекітілген
монополиялық бағаларды қамтамасыз ететін деңгейден бірнеше есе төмен табыс алуына
жол
ашатын
рынок
жасап,
соны
реттеп
отырады.
Жәнемұндайтеорияныұстанатынбақылауоргандарыбәсекерыногына да, таза монополия
рыногына да артықшылықбермейді
Қолданылған дереккөздер тізімі
1) ”ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы” ҚР 30.08.1995заңы [23 б.]
2) Мақыш С.Б. «Банк ісі»:Оқу құралы. - Алматы: Жеті жарғы 2009 ж.-[5,52б.]
3) Жуков Е.Ф. Банки и банковские операции: Учеб. для ВУЗов. - М.:Банки и
биржи: ЮНИТИ, 1997. –[471 б.]
4)
www.bunkclub.kz