591
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
көрінісіне де арналған.
Осыған орай, банк несие тәуекелін басқару теориясындағы осы олқылықтың орынын
толтыру үшін банктер пайдаланатын несие тәуекелін басқару әдістерін ашып көрсету,
оның мазмұны мен ұйымдық формасын ашу жөн болады.
Несие тәуекелінің пайда болу себептерін зерттегенде әкімшілік және дербес
себептердің салдарынан тәуекел пайда болатыны анықталған.
Банктер дәстүр бойынша тәуекелді хеджерлеудің нақты құралдарына лимиттерді
есептеу, оларды бақылауға, орталық банк тарапынан болатын бақылаудың жаңа
тәсілдеріне, ішкі бақылау жүйесін әзірлеуге көп мән береді.
Ал несие тәуекелін басқаруды ұйымдастыру мамандарды басқарумен
байланыстырылып қарастырылмайды.
Дәл осы несиелік қарым-қатынастар саласы банктің несие тәуекелін ескерту әдісі
арқылы реттелетін объект болып табылады (1 кесте).
1 кесте - Банктің несие тәуекелін басқару әдісінің жүйесі
Әдістер
Бағыттары
Ұйымдық форма
Тәуекелді ескерту
Несие тәуекелі + операциялық
тәуекел
Жанама әсер ету
Тәуекелді бағалау, өлшеу және
болжау
Несие тәуекелі
Жанама әсер ету
Тәуекелден жалтару
Несие тәуекелі
Тікелей әсер ету
Тәуекелді азайту
Несие тәуекелі + банктің
өтімділік тәуекелі
Тікелей әсер ету
Тәуекелді сақтандыру
Несие тәуекелділігі
Жанама әсер ету
Тәуекелді ұстау
Несие тәуекелділігі + банк
беделін жоғалту тәуекелділігі
Жанама әсер
Ескерту – [2, 471 б.] әдебиет негізінде автормен құрастырылған
Шығынды ескерту - несие тәуекелін басқару әдісі ретінде кездейсоқ болатын
жағдайлардың алдын алатын әрекеттердің көмегімен сақтауға мүмкіндік береді. Несие
тәуекелінің алдын алу немесе оны ескерту жөніндегі шаралар бірінші кезекте банк
қызметкерлеріне бағытталған, сондай-ақ несие қызметкерлері мен банк клиенттері
арасындағы қарым-қатынасты дамытуға бағытталған. Ұйымдық формасы жағынан бұл
әрекеттер қызметкерлерге қолайлы қызмет етуге жағдай туғызуды ойлайтын жанама әсер
әдісіне жатады. Банктің несие тәуекелін ескерту әдісінің мазмұны қатарына мына шаралар
жатады:
-
Жоғары білікті мамандарды іріктеу, бағалау (несие менеджерлері, несие
бөлімдерінің басшылары);
-
Тапсырысты қарау, қажетті құжаттарды толтыру процедурасы, несие жөнінде
шешім қабылдауға байланысты еңбек процесін оңтайландыру;
-
Қызметкерлерді тұрақты дамытуға көңіл бөлу;
-
Әлеуетті клиентті зерттеу;
-
Клиент туралы тұрақты мониторингі;
Жоғарыда аталған ескерту әрекеттерін іске асыру банк мекемелерінде несие
тәуекелділігі пайда болуының алғышарттарын жоюға көмектеседі.
592
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
Коммерциялық банкте несие тәуекелін басқару әдісі жүйесінде өзінің мазмұны
жағынан күрделі болып саналатыны – бағалау, өлшеу және болжау әдістері. Тәуекел
жағдайда талдау нәтижесінде алынған банктің несие тәуекелінің көрсеткіштері (жеке және
жиынтық) тәуекелді реттеу әдістерінің белгілі бір түрлерін қолдануға негіз болады. Несие
тәуекелін бағалауды бірін бірі толықтырып тұратын екі түрге бөлуге болады: сапалық
және сомдық. Біріншісі несие тәуекелінің барлық мүмкін болатын факторларын
сәйкестендірушілігін, сондай-ақ несие процесінің тәуекел пайда болатын кезеңін көрсетсе,
екіншісі ақша бірлігі, сан, балл бойынша болуға тиісті шығындарды білдіреді.
Кейде сапалық және сандық бағалау сыртқы және ішкі факторлардың әсерін талдау
негізінде жүзеге асырылады, мұнда әр фактордың жиынтық үлес салмағы, олардың несие
тәуекелділігі көрсеткішіне әсер ету дәрежесі анықталады. Бұл әдіс көп еңбектенуді қажет
еткенімен, оны қолдану оң нәтижелер әкеледі.
Несие тәуекелділігін өлшеу нәтижелері қолайлы деңгеймен сәйкес келмеген
жағдайда, банктің тәуекел стратегиясына қарама қайшылықта болса, оның төлем
қабілетіне нақты шын мәнінде қауіп төндіретіндей жағдайда болса, басқару әдісінің несие
тәуекелінен жалтару әдісіне көшу тиімді болмақ.
Несие тәуекелінен жалтару әдістері дегеніміз клиенттер аясын кеңейтуден,
орындалуы қауіпті болып көрінетін жобаларды қаржыландырудан бас тарту. Бұл әдістер
банкті өзінің сенімділігін дәлелдеп шыққан клиенттермен ғана жұмыс істеуге бағыттайды.
Дегенмен, көп жағдайда тәуекелден жалтару, әлеуетті тәуекелмен жиі-жиі қатар келетін
табыстардан қолды қағады.
Сондықтан көп ретте несие тәуекелін төмендету (азайту) әдістері қолданылады.
Оның мазмұнын мына шаралар құрайды:
-
Несиелерді оңтайландыру;
-
Күмәнді қарыздар бойынша мүмкін болатын шығындарды жабатын қаржыны
резервте ұстау;
-
Несиелерді әртараптандыру;
-
Несиелерді құрылымдау [3, 512 б.].
Несиелерді оңтайландыру дегеніміз лимитті белгілеуді көрсетеді. Банктің несие
қызметіне белгілі бір шектеулерді орталық банктің бір немесе бірімен бірі байланысты
қарыз алушылар тобының жоғары тәуекелділігі, акционерлерге, басшы қызметкерлерге
несие беру лимиттерін және т.б. талаптарды да қоя алады. Сонда да болса банк несие
мекемесі үшін ақылға қонымдысы - банктің өзі белгілеп, өзі өзгерте алатын несие
қызметінің лимиттері жүйесін құру. Бұған несие беру туралы шешім қабылдау өкілеттілік
лимитін, бір қарыз алушыға несие беру, салаға, аймаққа несие беру лимиттерін және
орталық банк тарапынан жасалған шектеулер аясында ірі несиелер беруге шектеу қоюды
жатқызуға болады.
Банк үшін несие тәуекелділігі дәрежесін төмендету әдісінің мәні үлкен. Бұл әдіс ішкі
ресурстар арқылы банктің меншікті резерв қорын жасау деген сөз. Мұндай резервтер
банктің өніміне қарайтын пайданың көлемін азайтқанымен, несиені қайтару проблемасы
туындай қалған жағдайда пайда болатын қиындықтарды жедел шешуге мүмкіндік береді.
Несие тәуекелін төмендету бағытындағы тактикалық тәуекелді басқарудағы шешуші
құрал несиені әртараптандыру әдістері болып саналады. Бұл бөліністі көрсетеді, бір
жағынан банк несиесі кең ауқымдағы клиенттердің арасында бөлуді (тұрғын халық,
шаруашылық субъектілері, меншіктің әртүрлі формасындағы кәсіпорындар, әр саладағы
кәсіпорындар, қамтамасыз етудің әртүрлі түрлерін пайдалану), екінші жағынан мәмілеге
қатысушылар арасындағы жауапкершілікті қарастырады.
Банктің несие тәуекелін басқаруды сақтандыру әдісі екі түрлі жүзеге асырылады:
-
Несие тәуекелін сақтандыру ұйымының көмегімен сақтандыру;
-
Несие тәуекелін туынды қаржы құралдарын пайдалану арқылы сақтандыру.