449
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
қаражаттарының теңгңерімді басқару әдісі» деп атауға болады. Себебі аталған әдіске
сәйкес әр түрлі көздерден тартылған қаражаттарды орналастыру үшін пайдаланатын
«табыстылық-өтімділіктің» орталары анықталады. «Қорды басқарудың теңгерімділік»
әдісінің алдыңғы «қаражаттардың ортақ қоры» әдісінен артықшылығы, өтімділігі жоғары
активтердің үлесін дәлірек анықтауға және қосымша ресурстарды мүміндігінше жоғары
өтімді активтерге салуға мүмкіндік береді [1, 28б.].
Бұл әдістің басты артықшылығы сондайақ банк табыстылығына қол жеткізу болып
табылады. Активті және пассивті оаерациялар арасындағы теңгерілімділікті қстау
теориясында банктің өтімділігі жүз пайызды қамтамассыз етілер еді деген көзқарас бар.
Соңғы кездерде коммерциялық банктердің активтері мен пассивтерін басқаруда
бастысы өтімділікті басқаруға басты мән бере бастағаны белгілі. Коммерциялық банктер
өтімділікті қолдау мақсатында қаражаттарының бір бөлігін өтімді активтерге орналастыра
екінші бөлігін пайда табу мақсатында табысты активтерге орналастыруға тырысады. Бұл
жерде табысты активтерді қайтарудың тәуекелмен байланыстылығын ескерсек, онда
онтайлы шамадан артық өтімді активтерді ұстау өз кезегінде банктің табыстылығын
азайтып, банктің құндылығына теріс әсер береді.
Қаржылық менеджменттің ғылымының негізгі өзегіне «Қоржын теориясы» мен
«Капитал құрылымы теориясын» жатқызады. Осы екі теорияның да кез келген
кәсіпорынның қажысын басқаруға, соның ішінде коммерциялық банктің активі мен
пассивін басқаруға тікелей қатысы бар. «Қаржы теориясының» негізін қалаушы Г.
Марковиц активтердің жиынтық тәуекелді активтерді бір қоржынға біріктіру арқылы
төмендетуге болатындығы айтылады. Іс жүзінде аталған теориятәуекелді активтердің
ықшамды қоржының қалыптастыру тәсілдерін анықтап бере алады. Келесі теориялық
тұжырымдамаға «Агенттік қатынастар» теориясын зерттеушілер Майкл Дженсен мен
Ульям Меклинг өз еңбектерінде акционерлер мен менеджерлердің, сондай-ақ акционерлер
мен кредиторлардың арасындағы өзара қарым қатынас заңдылықтарын ашады. Өзге
агенттік теке-тірес бұл акционерлер мен кредиторлар арасында болуы мүмкін. Ол егер
акционерлер менеджерлар арқылы фирманың немесе банктің құнының өсуіне талап етсе,
онда мұндай жағдайларда кредиторлардың мүддесі аяққа тапталады. Банктегі
менеджментінің теорияларының біріне өтімділікті басқару теориясы жатады. Өтімділікті
басқару теориясы іс-жүзінде коммерциялық банктердің пайда болуымен және дамуымен
бірге пайда болған.
Қазіргі кезде банк активтерін басқару үш әдістемелік бағытқа негізделген.
Біріншісі – коммерциялық банк өтімділігін сақтай алады, егер оның активтері
қысқа мерзімге орналастырылып , сондай-ақ олар уақытылы қайтарылатын болса.
Екіншісі – коммерциялық банк өтімді болуы мүмкін, егер ол өзінің активтерін
қолма-қол ақшаларға өзге кредиторлар мен инвесторларға сата алса.
Үшінші – коммерциялық банктің өтімділігін жоспарлауға болады, егер де несиенің
қайтару кестесін қарыз алушының болашақтағы табысы негізінде құраса.[2, 59б.]
Осы үш әдістемелік бағытқа активтерді басқарудың үш теориясы сәйкес келеді:
коммерциялық ссудалар, ауысымдылық теориялар.
«Коммерциялық ссудалар» теориясының негізінде банктердің өтімділігін басқару
туралы көзқарасты А. Смиттің еңбегінде былай деп береді: «Банк внксель үшін төлемді
қарыз алушының қарыз берушіге берген векселін есепке алу кезінде төлейді, кейіннен
вексельдегі мерзімнің өтеуіне қарай қарыз алушы банкке пайдаланған соммасы мен оған
есептелетін пайызын қайтаруға тиіс». Бұл көзқарас бүгінгі күнгі банктердің тауарлар
қорларын немесе айналым қаражаттарын толықтыруға беретін қысқа мерзімдік
несиелерін сипаттайды. Аталған теорияның басты кемшілігі, ол дамушы экономиканың
қажеттілігін ескерген жоқ. Бірақ та коммерциялық ссудалар теориясы , өзінің
кемшіліктеріне қарамай бүгінгі күнгі де өз мақсатын жоғалтқан жоқ.
Ауысымдылық теорияның мәні банк өзінің қысқа мерзімді ресурстары мен талап
450
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
етілетін міндеттемелері есебінен ұзақ мерзімді активтік операцияларды жүзеге асыруы
мүмкін.мұндай активтік операциялар банкке коммерциялық вексельдерді немесе
қазынашылық вексельдерді, облегациялық және өзге де бағалы қағаздарды сатып алуға
мүмкіндік жасайды. Қысқаша айтқанда аталған теория банктің активтік операцияларында
жоғары сапалы бағалы қағаздардың болуын және сол бағалы қағаздар нарығының дұрыс
қызмет етуін талап етеді.
Дж. М. Кейнс былай жазған: «...банк жүйесінің қалыпты жағдайында банктер аз
ғана мөлшердегі табысы бар, облигацияларды қолма-қол ақшаға сатып алуға мүдделі».
Бұл өз кезегін де тез іске асатын нарықтық бағалы қағаздар ұзақ уақыт бойы банктің
өтімді ресурс көзі ретінде қарастырылып келгендігін көрсетеді. Мұндай бағалы
қағаздарды тез арада қолма-қол ақшаға ауыстыруға болады, сондықтанда оларды екінші
реттегі резервтерге жатқызады. Бұл теорияның да кемшілігі экономикалық дағдарыс
уақытында байқалады. Яғни дағдарыс тұсында банктер өзінің активтеріннің бір бөлігін
сала алмауы мүмкін. Себебі экономикалық дағдарыстың биржалық дағдарысқа ұласатыны
сөзсіз. Сондықтан да коммерциялық банктер көбіне банк өтімділігін қамтамассыз ету
мақсатында қысқа мерзімді бағалы қағаздарды сатып алуға мүдделі болады.[2, 65б.]
«Күтілетін табыстар» теориясына сәйкес банктің өтімділігін қарыз алушылардың
болашақтағағы табыстарынан түсетін несиені қайтару кестесіне негіздей отырып
жоспарларға болады. Сонымен қатар банктер әр түрлі қтелу мерзімі бар бағалы
қағаздарды таңдап ала отырып, олардан түсетін табыстыда болжай алады. Бұл теория
қазіргі кездегі несиенің жекеленген түрлерінің, соның ішінде фирмаларға берілетін қысқа
мерзімді несиелердің, тұтыну несиелерінің, жылжымайтын мүлікті кепілге алып берілетін
несиелердің дамып отырғандығын мойындайды. Мұндай несиелердің ортақ қасиеті, олар
банктің өтімділігін арттырады. Бұл теорияның да өзіндік кемшілігі бар, яғни банк өзінің
активтердің мерзіміне өзгеретін болса, кейде оның пайыздық табыстары бойынша
болжамы тура болмай шықса, ондай жағдайда банк зиян шегуі мүмкін.[3, 154б.]
Жоғарыда аталған теориялардың негізінде активтерді жеке-жеке басқару әдістері
пайда болып, оларды қазіргі отандық және шетелдік банктер тәжірибесінде қолдана
бастады. Біздің ойымызша банк активтері мен пассивтерін кешенді басқарудың міндеті
бұл банк балансын жеке-жеке бөліктерге бөліп емес, тұтастай үйлестіру басқару болуға
тиіс. Банктің активтерін мен пассивтерін кешенді басқару банкке депозит және займдар
түрінде тартылған ресурстарын әр түрлі маусымдық ауытқулардан қорғау және банктің
түпкілікті мақсатында қол жеткізетін активтер қоржынын қалыптастыру құралы ретінде
зор мүмкіндік береді. Банк активтері мен пассивтерін кешенді басқару мәселелері кешенді
түрде әлі күнге дейін терең зерттелмегені белгілі.
Сондықтан біздің ойымызша, коммерциялық банктің активтері мен пассивтерін
кешенді басқару бұл банктің стратегиясына сәйкес, бәсекелестікті арттыратын, өтімділік
пен табыстылықты қамтамассыз ететін банк балансының теңгерімді құрылымдарын
қалыптастыру және оларға ықпал ететін қаржылық тәуекелдерді жүйелі түрде басқару
шараларын білдіреді.
Біздің ойымызша әдістемелік тұрғыдан алғанда банк активтері мен пассивтерін
кешенді басқаруды базалық және күрделі деп екіге бөлуге болады. Банк активтер мен
пассивтерін базалық басқару бұл капитал жиіліктігіне, өтімділік деңгейіне, активтер мен
пассивтердің пайыз мөлшерлемелерінің және валюталардың бағамдарының өзгерісіне
сезімталдығына қол жеткізуге арналған реттеуші ұйымдардың талаптарын білдіреді.
Базалық басқарулың мақсаты тәеукелдерді анықтау және талдауға басты көңіл бөле
отырып, банк балансының құрылымын ұстап отыру және жаңа тәуекелдердің пайда
болуына жол бермеу. Банк активтері мен пассивтерін күрделі басқару бұл банк қызметінің
барлық бағыттарында табыстылықты көздейтін, тәуекелді төмендетуге бағытталған
банктің стратегиясын жасауды білдіреді. Күрделі басқару капиталдың жеткілікті шамасын
белгілеу, өтімділік пен сезімтал пайыз мөлшерлемелерін анықтау несиелік, тәуеклді