Алматы экономика және статистика академиясы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы



жүктеу 9,25 Mb.
Pdf просмотр
бет230/420
Дата15.11.2018
өлшемі9,25 Mb.
#20420
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   420

465 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



Кең  таралған  және  халыққа  қажетті  көптеген  операциялар  түрлерін  өте  аз 

коммерциялық  банктер  жүргізеді.  Сол  себепті,  халықтың    салымдары  ірі  банктердің 

өзінде де пассивтерінің  тек бірнеше пайызын ғана құрайды. Тек соңғы уақытта ғана банк 

ресурстарын  тарту  қиындаған  соң,  олар    жеке  клиенттерге  көңіл  аудара  бастады. 

Валюталық  операциларды  жүргізуге  құқық  беретін  лицензиясы  бар  көптеген  банктерде 

салымдардың  негізгі  бөлімін  валюталық  депозиттер  құрайды.  Жалпы  Қазақстан 

банктеріндегі депозиттік портфельдың  қолайсыздығы  банкке орналасқан депозиттердің 

басты бөлігі қысқа мерзімге салынғандығы. 

Жинақтармен  байланысты қолайсыз жағдай мемлекеттік сектор қызметкерлеріне 

жалақыны жаппай төлемеумен тереңдетіледі. Көптеген банктер үшін төлем  қабылетсіздік 

мәселесі банк менеджментінің  сапасының төмен болуымен байланысты.  

Жеке  тұлғалардың    салымдардың    тартудың    ең  басты  ынталандыру  құралы  – 

банктің пайыздық саясаты. Бірақ басты қиындық мынада: депозит әдетте капитал әкелетін 

табыстан төмен пайыз әкеледі. 

Банк  жүйесінің  даму  тенденциясын  ескере  отырып,  Қазақстан  Республикасының 

коммерциялық  банктері  өз  қызметінің  ,  әсіресе  жеке  тұлғалардың  жинақтарын  басқару 

бойынша  әдістерін  жетілдіру  қажет.  Шет  елдік  және  ұлттық  тәжірибе  көрсеткендей  

салымшылар үшін басты  ынталандыру тетігі – банктің депозиторларға  төлейтін сыйақы 

(мүдде)  деңгейі.  Банк  тұрғысынан  көрсетілген  сыйақы  (мүдде)  қаражаттарды  тарту 

жоспарымен  бірге  ақшалай  жиналымдарды  пайдалану  және  қалыптастыру  процесін 

басқарудың құралы болып табылады. Сонымен бірге, пассивтік қаражаттарға бәсекелестік 

күресте қолданылатын құрал ретінде есептеледі. 

Қазіргі  уақытта  коммерциялық  банктер  өз  клиенттеріне  әр  түрлі  салым  түрлерін 

ұсынады,  алайда  олардың  тек  бірнешеуі  ғана,  мәселен  мерзімді  салымдар  кең  тараған. 

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында жан басына шаққанда келетін салым мөлшері 

6,2 мың теңгеге жуық. Бұл ТМД елдері арасында Ресейден кейінгі ең жоғарғы көрсеткіш. 

Мұндай  жетістік  экономикаға  бос  қаражаттарды  тарту  үшін  қолайлы  жағдай 

жасалғандығымен, әсіресе жеке тұлғалардың салымдардың сақтандыру жүйесінің  қызмет 

етуімен және жеке тұлғалардың шотына байланысты қолданылатын банктік құпия тұралы 

заң  актілеріне  қабылдануымен түсіндіріледі [1]. 

Макроэкономикалық  тұрақтылық  және  экономиканың    жандануы  материалдық 

және материалдық  емес өндіріс сфераларына  капиталды қажет етеді. Бірақ ұлттық банк 

жүйесі  оларға  толық  көлемде  ресурстар  ұсына  алмайды.  Сол  себепті,  үкімет      сыртқы 

қарыз алуға және шет елдік инвестицияларды тартуға мәжбүр болады. Ұлттық банктердің 

депозиттік базасының  мөлшері үшін бұл жеткіліксіз.  

Сонымен  қатар,  халық  әлі  де  өз  жинақтарын  банкте  емес,  доллар  түрінде 

«сандықта  сақтауға»  немесе  қозғалмайтын  мүлікке  салуға  бейім.  Депозиттік  нарықтың  

дамуына кедергі жасайтын тағы да бір жағдай, ол  ақша қаражаттарын салудың  баламалы 

жолдарының болуы. Оларға валюталық алып-сатушылық,  қозғалатын және қозғалмайтын 

мүлікке  жұмсау  және  тағы  басқалары.  Сол  себепті,  депозиттік  нарықты  жетілдіру  үшін 

халықтың ұлттық банк жүйесіне деген сенімін нығайту қажет. Халық  елдегі банктердің  

қаржылық жағдайын мерзімдік басылымдар ретінде жарық көретін жылдық есеп берулер 

арқылы  бағалауға  болады.    Халықтың    салымдарын  орналастыру  мүмкіндігіне тікелей 

әсер ететін фактор –  табыс  деңгейі  екені  мәлім.  Табыс  деңгейі  қор  жинауға  мүмкіндік 

беретін нақты деңгейде болуы қажет. Алайда, қор жинау мүмкіндігі ел экономикасының  

тұрақтылығына  және  өндірістің  дамуына  байланысты.    Қоғамдық  өнжіріс  дамыған, 

өндіргіш  күштермен  өндірістік  қатынастар  деңгейі  жоғары  жетілген  жерде  капиталдың 

қорларына  нақты  жағдай  бар.  Сол  себепті,  Қазақстан  Республикасында  өндірістік 

секторды  дамытуды  жиеңілдетілген  несие  берулерімен  және  салықты  ауыртпалықты 

азайту жолымен дамытудың  мемлекеттік бағдарламасын өңдеу қажет.  




466 

Open  access: 

http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/

  

 



Қазіргі  таңда  банктер  депозиттік  саясатты  потенциалды  салымшылар  өз 

қаражаттарын  басқа  мақсаттарға  емес,  депозитке  салатындай  етіп  ұйымдастыру  қажет.  

Бұл кезде банктің  депозиттік қызметтерінің табыстылығымен  байланысты және қызмет 

көрсетудің сапасы бойынша өзекті мәселе болып саналады.  

Банктер    депозиттер  бойынша  сыйақы  (мүдде)  деңгейін  шексіз  жоғарылата 

алмайды. Себебі:  

Біріншіден,    сыйақының    (мүдденің)  жоғарғы  шегі  Сақтандыру  Қорымен 

реттелінеді; 

Екіншіден,  салымшылар  өте  жоғарғы  сыйақы  (мүдде)  төленетін  депозиттерге 

сенімсіздікпен қарайды.  

Банктер сыйақы (мүдде) деңгейін белгілеу кезінде мына жағдайларды алға қояды: 

қаржы нарығының конъюнктурасы; 



депозиттік нарықтары сыйақы (мүдде) деңгейі; 

банк аралық ресурстардың құны; 



мемлекеттік бағалы қағаздардың табыстылық деңгейі; 

инфляция деңгейі; 



Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  банкінің  қайта  қаржыландыру  ставкасы 

мөлшері; 

депозит құрылымы; 



халық табыстарының динамикасы; 

Қаржы  нарығында  тұрақтылық  байқалған  кезде  сыйақы  (мүдде)  қолайлы  жаққа 

өзгереді.  Сыйақы  (мүдде)  мөлшері  бәсекеге  қабілетті  болуы  шарт.  Сонымен  бірге 

салымшыға    айтарлықтай  табыс  алып  келуі  тиіс.  Банк  аралық  ресурстардың  құны  және 

бағалы  қағаздарының  табыстылық  деңгейінің  де  банктің    сыйақы  (мүдде)  мөлшерін 

анықтауда маңызы зор.  Банк аралық ресурстар банк үшін қымбатқа түседі. Сондықтан, 

банктер  қаражаттарды  шоғырландырудың  бұл  жолын  сирек  қолданады.    Банк  тек 

өтімділікпен байланысты қиындыққа ұшыраған жағдайда ғана осы жолды таңдайды.  

Банктердің  депозиттер  бойынша  сыйақы  (мүдде)  мөлшері  мемлекеттік  бағалы 

қағаздар бойынша табыс мөлшерінен төмен болғаны тиіс. Сол кезде банктер депозиттерді 

тиімді шоғырландырып, активтерге орналастырады. Сыйақы (мүдде) деңгейіне сондай-ақ  

банктің  депозиттік портфельінің құрылымы әсер етеді. Іс жүзінде банктер депозиттерді 

тиімді  орналастыру  үшін  тартады.  Қаражаттарды  орналастыру  үшін  банк    сәйкес 

депозиттік  портфельді  қалыптастырады.  Мәселен,  егер  банк    орта  және  ұзақ 

нисиелендіруге мамандандырылса , онда ол мерзім  ұзағырақ  мерзімді  салымдарды 

тартады.  Осы  депозиттер  бойынша  банк  жоғары  сыйақы  (мүдде)  деңгейін  белгілеп, 

қолайлы жағдайлар жасайды. 

Бәсекелестік  күрес  жағдайында  депозиттік  нарығында  банк  мүмкінідігінше 

ұсынатын өнімдер мен қызметтердің саны ғана емес, сонымен қатар клиенттерге қызмет 

көрсету  сипаты  да  әсерін  тигізеді.  Банк  филиалдарының    тармақталуы    персонал  

біліктілік дәрежесін,  клиентерге қызмет көрсету сапасы,  есеп айырысу және төлемдерді 

жүргізуді  автоматтандырылған  жүйе  арқылы  жасау  мүмкіндігі, депозиттік 

операциялармен  қызметтердің  кең  таралуы  және  басқа  да  факторлар  әлбетте  клиенттің 

банк  таңдауына  әсер  етеді.  Қазақстан  Республикасында  кең  тармақталған  филиалдар 

желісі  Халық  банкі,    және  Центркредит  банктерінде  кездеседі.  Филиал  құру  көптеген 

қаржылық шығындарды және ұйымдастырушылық – техникалық шараларды қажет етеді. 

Сол  себепті,  депозиттерді    ірі  дүкендерде,  сауда  үйлерінде  қабылдау  мүмкіндігін 

ұйымдастыру қажет. Әр банкте салымшылармен жұмыс жүргізу бағдарламасын дайындау 

керек.  Бұл  бағдарлама  түсіндірушілік  сипатта,  кеңес  берушілік  және  ақпаратпен 

қамтамасыз ету сиптаныда болуы керек. Бұған «Дөңгелек стол», семинарлар жүргізу және 

тағы  сол  сияқтыларды  енгізуге  болады.  Қазір  банктер  әр  клиентке  жеке  менеджер 

тағайындау тәжірибесін қолдануда. Жеке менеджердің міндетіне клиентке тек депозиттік 



жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   420




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау