453
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
тұрақты мөлшерде алынады. Салық сомасы салық базасының сомасы өзгерген жағдайда
ғана өзгереді.
Жеке тұлғалардың табысынан салық прогрессивтік ставкамен алынған жағдайда
салық базасы өскен сайын салық ставкасы да артады, яғни жеке тұлғаның табысы өскен
сайын салық ставкасы да өседі. Әрбір мемлекет өзінің салық саясатына байланысты салық
ставкаларының түрлерін өз қалауынша қолдана алады.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында халықтың әлеуметтік жағдайын
көтерудің көптеген бағдарламалары іске асуда. Солардың бірі тұрғын үй бағдарламасы.
Экономикамыздың дамуы әсерінде, азаматтардың тұрғын үйге деген сұранысы жоғары
қарқында өсуде. Азаматтардың бұл сұранысты қаржыландыруының негізгі көздерінің бірі
– банктік несие. Біздің пікірімізше, егер жеке тұлға банктен несие алып, өз отбасы үшін үй
салса, немесе пәтер сатып алса (қайта сату мақсатында емес), онда банктік несие үшін
төлейтін пайыздарын жылдық табыстан шегерімге алса, ол халыққа біршама жеңілдік
әкелер еді.
Қазақстанда әлеуметтік нарықтық экономиканы құруда жүргізіліп жатқан
экономикалық реформа салық жүйесін оңтайлы реформалауды, экономиканың жедел
дамуының кепілі ретінде оның тұрақтылығы және тиімділігін көтеруді талап етуде. Салық
салу жүйесі меншік түріне қарамастан шаруашылық субъектілердің тиімді тиімді қызмет
етуіне жағдай жасауға, салық салу базасын жетілдіре және түзете отырып, жеке
тұлғалардың кейбір санаттарының ақшалай табыстары мен мүлкінің әлеуметтік тұрғыдан
негізсіз өсуін шектеуге итермелейді.
Бүгін жергілікті өзін-өзі басқару органдарын қаржыландыратын түрлі табыс
көздерінің ішінде алдыңғы қатарды жеке табыс салығы алады.
Әлемдік шаруашылықтың қызмет ету тәжірибесі көрсеткендей нарықтық
тұрпаттағы дамыған экономикалардың салық жүйелері көбіне жеке тұлғаларға салық салу
жүйесіне сүйенеді.
Жеке табыс салығы – мемлекеттік бюджетінің маңызды түсім көздерінің бірі. Бұл
салық сондай-ақ басқа салықтарға қарағанда адам өміріне көбірек ықпал етеді.
Табыс салығы жылдық жиынтық табыс пен заң бойынша рұқсат берілген
шегерімдер арасындағы айырмадан төленеді. Салық салу барысында отбасылық және
жеке тұлғаның өзіне шегерім беріледі. Отбасылық және жеке шегерім мөлшері әрбір
қаржы жылында бөлшек сауда индексіне байланысты қайта қаралып, өзгертіліп отырады.
Табыс салығы прогрессивтік ставкамен алынады.
Салық салу обьектісі ретінде жеке тұлғаның барлық табыстары қаралады:
−
еңбекақысы;
−
капиталдан алған табыстары;
−
бағалы табыстардан алған табыстары;
−
мүлікті жалға беруден алған табыстары жатады.
Әрбір категориядағы салық төлеушілер үшін дербес шегерістер қарастырылған.
Салық прогрессивті шкаламен жеке тұлғанаң табысы мен заңға сәйкес бекітілген
шегерістер арсандығы айырмадан төленеді. Табыс салығының ставкалары келесідей:
Жеке тұлғалардың табысына салынатын салықты ҚР-ның резидент және резидент
емес заңды және жеке тұлғалары төлейді. Салық салу объектісі болып жеке және заңды
тұлғаның
1) төлем көзiнен салық салынатын табыстар;
2) төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар түріндегі табыстары табылады [1].
Қазіргі экономикалық жағдайда жеке табыс салығы және оның прогрессиясының
қойылымының өсіруіне бағытталуы ақталмайды. Салық салу жүйесіндегі болжамдалып
жатқан өзгерістерге сүйенсек жеке табыс салығы 40%-ке дейін төмендетіледі. Соның
өзінде тағы да өзіндік салыну механизмі енгізіледі және бұл рационалды, себебі
инфляцияның қарқынды даму процессінде нақты жалақы номиналды жалақыдан
454
Open access:
http://www.aesa.kz:8080/conference_proceedings/2017/
айырмасы бірдестен өседі, сондықтан да қойылымның өсуі халықтың абсалютті
көпшілігінің жағдайын қиындатады. Салық қойылымының өсіп отыратын жағдайында
табыс табуды көбейтудің мағынасы жоғалады, адамдар салық төлеуден жалтара бастайды
және өз табыстарының көлемін жасырады. Осылайша біліктілігін көтеруге, жұмыс уақыт
диапазонының көбейуіне, өзін-өзі жетілдіруде қызығушылық жоғалады. Салық
ставкасының жоғары болуы салық төленгеннен кейінгі еңбек ақысын елеулі түрде
төмендетеді. Жоғарғы маргиналды салықта табыстың өсімшесіне салынатын салықтар
жеке табыс тұрғыдан қосымша еңбек ету және нормадан тыс жұмыс істеу пайдасыз
жағдайды тұдырады. Әсіресе жоғарғы табыс кейбір әлеуметтік жәрдем ақылардан
айырады. Сонымен материалдық ынталандырушыға қарағнада (ақшалай сый ақы, жалақы
айырмасы т.б.) жоғарғы маргеналды салық, жалпы өндіріспен еңбек ынталандыруына
жағымсыз салдар тудыруы мүмкін. Салықты реттеудің теориясы мен тәжірбесі
көрсеткендей белгілі – бір жағдайлардағы салық ставкасының төмендеуі өндірістің
ұлғаюына, пайданың өсуіне және оның салдары болатын бюджеттің салық түсімінің
көбеюіне әкеледі. Салық ставкасының төмендетілуі көленкелі экономикамен күресудің
өзіндік - бір шарасы болып табылады. Керісінше ставканың өсуі, көленкелі бизнестің
дамуына әкеледі [2].
Мемлекеттің бюджетті ұлғайту жобаларын салық есебін қаржыландыру және
салықты төмендету ұсыныстары күтіліп жатқан жағымды әсермен жанама шығындарды
қоса алғандағы шығындарды салыстыруға негізделуі керек. Олай болмаса жеке
салымдармен сый ақылар арасындағы байланыс үзіледі, ал жалпы шаруашылық жүйе
тиімділігі азайып, нарықтық механизм сыр бере бастайды.
Халықтың жеке табыстарына салық салу мәселесін шешу қиыншылығы сынпікір
айтушылардың теориялық көз-қарастарымен анықталатын әр түрлі әдістерде көрініс
табуда. Жоғарыда көрсетілгендей экономикалық іс-әрекеттің маңызы ынталандырушы
ретіндегі төлеуге қабілтті сұранысты ұлғайтуды қарастыратын кейсияндық модель жеке
табысқа прогрессивті салық салуды қолдаушылардың теориялық базасы болып саналады.
Мұны былай түсіндіруге болады: төмен табыс бірден тұтынуға кетеді де, тұтыну
сұранысын ұлғайтады және өндірістің өсуін ынталандырады. Жоғарғы табыс болса
көбінесе жинақтауға жұмсалады, сондықтанда бұл табыс жоғары салық салу өндірісінің
өсу ынталандырушысына кері әсер етпейді. Демократиялық шаруашылық құрылымында
жеке табыс салығының қандай болатыны тек қана салық төлеушілірге тәуелді. Кейбір
экономистердің ойынша бюджеттің кірісін көбейту және салық жиналуын жақсарту үшін,
салық деңгейін және олардың түрлерін күрт азайту қажет дейді.
Қазақстандағы жеке тұлғалардан салық алу жағынан салық әкімшілігін күшейту
қажет, бұл дегеніміз салық ставкаларының көбеюін білдірмейді, бұл жоғардағы
төлеушілердің салық ауыртпашылығын төмендету болып табылады.
Республикамыздағы салық жүйесін одан әрі жетілдірудің маңызды мәселесі болып
заңды тұлғаларға салық салуды кезеңмен әлсірету, салық ауыртпашылығын жеке
тұлғаларға бір қалыпты ауыстыру болып саналады.
Халықтың көп бөлігінің жалпы деңгейінің төмендеуіне қарамастан салық
ауыртпашылығының қомақты бөлігін көтеретін жеке тұлғалар көбейуде. Бірақта, жеке
тұлғаларға негізгі салық ауытрпашылығын аудару қазіргі кезде мемлекеттің салық
саясатының переспективті мақсаты ретінде қарастырылуы тиіс және бұл жеке
тұлғалардың көп бөлігіндегі табыстың өсумен ғана жасалынуы қажет. Коэффициенттер
көмегімен жеке тұлғалардың табыс салығын есептеудің жаңа механизмі салықты алу
процесін жыл ішінде барынша бірегей етті. Патент негізінде бюджет алдындағы өз
міндеттерін атқару жөнінде заңды тұлға құрмай, кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын
жеке тұлғалармен жеңілдетілген тәртіппен өзара қарым-қатынас кәсіпкерлердің іскерлік
белсенділігін көтеруге және сәйкесінше мемлекет кірісіне ақшалай қаражаттардың
түсуіне мүмкіндік береді [3].