бірлігіне отынның меншікті шығыны бу тартымы кезінде - 252,5 кг, жылу
тартымы кезінде - 54 кг, ал электр тартымы кезінде - 40 кг құрайды /2/.
Өзінің дамуының басында темір жол көлігі әр түрлі шахталардың,
кеніштер мен заводтардың мұқтаждықтарына қызмет көрсететін өнеркәсіптік
көлік ретінде берілген болатын. Рельстік көліктің дамуы заводтың рельстік
жолдарын салудан басталды.
Сонымен, 1764 жылы Колываново-
Воскресенск заводтарында (Ресей) науа түріндегі рельсті жолдар бойымен
механикалық арқандық тартым қолданылды. Тартым су доңғалағының
білігінен жүзеге асырылды. 1788 жылы Александр зеңбірек заводында (Ре-
сей) ұзындығы 173,5 м рельсті жол салынды.
1765 жылы әлемдегі бірінші бу машинасын жасаудан кейін бу тартымы
темір жолдарда да қолданыла бастады. Алғаш рет қалалар арасында бу
тартымындағы темір жол 1825 жылы Англияда салынды.
Ресейдегі жалпы
пайдаланылатын бу тартымындағы бірінші темір жол 1837 жылы Санкт-
Петербург пен Патша Селосы (қазір – Пушкин қаласы) арасында салынды.
1851 жылы Петербург пен Мәскеу арасында ұзындығы 650 км темір жол са-
лынды. 1891 жылы жартылай қазіргі Қазақстанның аумағы бойынша өткен,
ұзындығы 7,5 мың км транссібірлік магистральдың құрылысы басталды. Бұл
магистральдың негізгі бөлігі 1901 жылға қарай салынды,
ал оның құрылысы
толығымен 1916 жылы аяқталды.
1.2 Теміржол көлігінің қазіргі жағдайы және оны реформалау
бағдарламасы
Қазіргі уақытта бұрынғы Одақ елдерінің темір жол көлігінде 3000
дерлік локомотивтер мен 250000 жуық вагондар пайдаланылады. Жоғарыда
айтылып кеткендей, өзінің дамуының басында темір жол көлігі өнеркәсіптік
болды, алайда содан кейін магистральдық темір жол көлігі өзінің дамуында
өнеркәсіптік темір жол көлігінен озып кетті. ХХ ғасырдың 70-ші
жылдарының басында темір жол көлігін қайта құрудағы техникалық саясат-
ты сипаттайтын, негізгі бағыттар анықталды:
- паровоз тартымын электровоз бен тепловоз тартымына айырбастау-
ды аяқтау;
- темір жол көлігінде есептеу техникасын, автоматиканы және сигнал
беру, орталықтандыру және блоктау (СОБ) құралдарын ендіру;
- вагон паркін жүк көтергіштігі жоғары арнайыландырылған вагон-
дармен жабдықтау;
- өнеркәсіптік кәсіпорындар мен темір жол станцияларының кіріс
жолдарында тиеу-түсіру жұмыстарын кешенді механикаландыру
құралдарын ендіру;
- жол шаруашылығын күшейту және оны қалыптасқан қозғалыс
жылдамдықтарымен сәйкестікке келтіру;
- жүктерді контейнерлік және пакеттік тасымалдауды ендіру /1/.
8