генератордың тәуелсіз қоздыру орамасын токпен қоректендіреді. Кейбір теп-
ловоздарда тартымдық генератордың орамаларын қоректендіру үшін
магниттік күшейткіштерді қолданады.
Қосымша генератор мен қоздырғыш якорінің білігі ортақ бір электр ма-
шинасына біріктірілген. Тұғыр алынып-салынады. Қосымша генератордың
алты бас және бес қосымша полюстері бар. Қоздырғыш пен қосымша
генератордың якорьлері тек өзінің ұзындығымен ерекшеленеді. Якорьдің ор-
та бөлігінде машинаны салқындату үшін ауаны айдайтын, желдеткіш
доңғалақ орнатылған. Щетка ұстағыштар гетинакстық траверсада орналаса-
ды, ол щеткалардың дұрыс орналасуы үшін ығыса алады.
Тартымдық генератордың қуатын автоматтық реттеуді жақсарту үшін
тепловоздарда қосымша электр машиналары – тахогенераторларды, ал
қуатты жоғары жылдамдықтарда толығымен пайдалану үшін – тартымдық
электр қозғалтқыштарының магниттік өрістерін әлсіретуді қолданады.
Тепловоздардың қосымша қондырғылары: отындық және май сорғылар,
шанақ және кабина желдеткіштері, калорифердің жеке жетегі бар, бұл жетек-
тер ретінде жалпы өнеркәсіптік тағайындалған электр қозғалтқыштарын қол-
данады.
Айнымалы токты электр машиналарын пайдаланудың келешегі бар. Бұл
машиналардың коллекторы жоқ, осының салдарынан олар аса сенімді. Олар
жылдамдық пен жұмыс температурасының ұлғаюына жол береді, бұл тепло-
воз габариттерінде электр генераторларын және едәуір үлкен қуатты
тартымдық электр қозғалтқыштарын жасауға мүмкіндік береді.
Тепловоздағы электр аппаратурасының негізгі тағайындалуы – электр
берілістің автоматтық жұмысын қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке
агрегаттардың жұмысын бақылауды жүзеге асыру. Электр аппаратурасына
контроллер, реверсор, түйістіргіштер, реле, реттегіштер және өлшеу аспап-
тары жатады.
Машинист контроллері тепловоздың қозғалысын басқару үшін қызмет
атқарады. Ол машинисттің кабинасында орнатылған, басты және алынып-
салынатын - реверсивтік екі тұтқасы бар. Басты тұтқа бас білікте бекітілген,
онда жұдырықшалы пластмасса тығырықтар орнатылған, олардың бойымен
жылжымалы түйістіру саусағының шығыршығы домалайды. Шығыршық
тығырықтың ойығына түскен соң, түйістіргіштер тұйықталады және берілген
қалыпқа сәйкес, белгілі тізбекті құрайды.
Басты тұтқаны бір қалыптан екіншіге ауыстыру арқылы дизельдің иінді
білігінің айналуын реттегіштің электрпневматикалық жетегіне тізбектерді
тұйықтайды. Сөйтіп, машинист өзінің еркі бойынша дизель білігінің айналу
жиілігін ұлғайтады немесе азайтады және сонымен бірге оның қуатын
өзгертеді. Басқарудың басқа тізбектері де басты тұтқамен жасалады.
Алынып-салынатын тұтқаның үш қалпы бар: ортаңғы «тоқтату» және
шеткі «алға» және «артқа». Реверсивтік тұтқаның көмегімен машинист
реверсордың бұрылуын басқарады, ал осыдан кейін, тепловоздың
қозғалысына бағыт береді. Тепловоздың қауіпсіз жұмыс істеуі мақсатында
20
контроллердің басты және реверсивтік тұтқасы өз араларында блокталған.
Механикалық блоктау былай орналасқан: реверсивтік тұтқа «алға» немесе
«артқа» қалпында болғанда ғана, басты тұтқаны жұмыс қалпына ауыстыруға
мүмкіндік береді. Өз кезегінде реверсивтік тұтқаны басты тұтқа нөлдік
қалыпта (бос жүріс) тұрған жағдайда ғана, «алға» немесе «артқа» қалпына
бұруға болады.
Реверсордың көмегімен тепловоз қозғалысының бағытын өзгертеді. Бұл
кезде тартымдық электр қозғалтқыштардың қоздыру орамаларында ток
қозғалысының бағытын, ал осыдан, олардың якорьлерінің айналу бағытын
өзгертеді. Реверсор конструкциялы орындалған және электровоз реверсоры-
на ұқсас түрде жұмыс істейді. Алты қырлы білікте жез сегменттер
бұрандамалармен бекітілген. Параллель білікте қозғалмайтын алты қырлы
тағандарда жез саусақ ұстағыштар бекітілген. Сегменттер де, саусақ
ұстағыштар да отырғызу орындарынан оқшауланған, ал қосарланған сег-
мент-тер бір-бірінен де оқшауланған. Мыс саусақтар токтан ажырата оты-
рып, сегменттерге серіппелермен қысылады. Біліктің «алға» немесе «артқа»
қалпына
бұрылуы
электрпневматикалық
шұрамен
басқарылатын,
диафрагмалық типті ауа жетегімен жүзеге асырылады. Реверсор жоғары
вольтты камерада орналастырылады.
Тепловозды басқару пультінің негізгі құрамды бөлігі батырмалы
ажыратқыштар болып табылады, олар контроллер сияқты, бірқатар басқару
мен жарықтандыру тізбектерін құрайды.
Түйістіргіштер – аралық басқарылатын аппараттар – күштік электр
тізбектерін тұйықтау және ажырату үшін тағайындалған. Тепловоздарда
қолданылатын түйістіргіштерді жетегінің құрылғысы бойынша екі топқа
бөледі: электрпневматикалық және электрмагниттік. Электрпневматикалық
түйістіргіштерді
тартымдық
электр
қозғалтқыштарды
тартымдық
генераторға қосу тізбектерінде орнатады. Ауа арқылы әрекетке келтіріледі.
Электрмагниттік шұра жетек цилиндріне ауаны кіргізеді және шығарады.
Электр магниттік түйістіргіштер дизельді іске қосу, тартымдық электр
қозғалтқыштарды толық магниттік өрістен әлсіз өріске ауыстырып қосу
кезінде, шоғырлағыш батареяны тартымдық генераторға қосу үшін
тағайындалады. Бұл түйістіргіш-терді сондай-ақ қоздырғыштың, тартымдық
генератордың
және
т.б.
қоздыру
тізбектерінде
орнатады.
Электрпневматикалық түйістіргіштер де, электрмаг-ниттік түйістіргіштер де
мына бөліктерден тұрады: асбоцементті тақтайда жұмыстық түйіспелер,
электр доғасын сөндіруге арналған құрылғы және жетектік механизм
бекітіледі. Түйістіргіштер электровоздық түйістіргіштер сияқты құрылған
және соларға ұқсас түрде жұмыс істейді.
Реле басқару мен қорғаудың электр тізбектерін автоматтық қосу мен
ажыратуды қамтамасыз етеді. Реле токтың, кернеудің, температураның,
қысымның және т.б. қандай да бір параметрінің әсерімен іске қосылады.
Тағайындалуына байланысты реле басқару релелері және қорғау релелері
деп бөлінеді. Біріншілері әр түрлі машиналарды, аппараттарды және басқа
21
Достарыңызбен бөлісу: |