доңғалақ жұбының өзінің жеке тартымдық электр қозғалтқышы (жеке жетек)
болғанда.
3. Қызметінің тегі бойынша: магистралдық, маневрлік және жолаушы-
лар электровоздары.
Тепловоздар
мен
электровоздардың
негізгі
сипаттамаларын
қарастырамыз. Кез-келген локомотивтің басты сипаттамасы оның
қозғалтқыш бойынша қуаты болып табылады. Тепловоздар үшін – бұл
дизельдің
қуаты,
электровоздар
үшін – тартымдық
электр
қозғалтқыштарының анықталған қуаты. Қуат ат күшімен (а.к.) немесе ват-
тпен (Вт) өлшенеді.
Осьтік сипаттама (доңғалақ формуласы) доңғалақ жұптарының және
арбалардың саны мен орналасуын көрсетеді. Мысалы, ТЭЗ тепловозының
осьтік сипаттамасы: 2 (3
о
- 3
о
).
Осьтік жүктеме – бұл рельстерге бір доңғалақ жұбынан келетін масса.
Максимум осьтік жүктеме 23 т артық болмау керек.
Қызметтік масса – бұл жабдықтау материалдарының, яғни отынның,
судың, құмның, майлау материалдарының толық қоры бар локомотивтің мас-
сасы.
Іліністік масса - бұл локомотивтің жетекші доңғалақ жұптарына келетін
массасы.
Меншікті салмақ – бұл іліністік массаның локомотив қуатына қатынасы.
Меншікті қуат - бұл локомотив қуатының оның іліністік массасына
қатынасы.
Пайдалы әсер коэффициенті – бұл тартым күшінің пайдалы жұмысының
локомотив қуатына қатынасы. Тепловоздар үшін пайдалы әсер коэффициенті
- 0,28-0,32, электровоздар үшін - 0,4, паровоздар үшін 0,05-0,09 құрайды.
1.4 Тепловоз паркі туралы жалпы мәліметтер
ХХ ғасырдың басында тепловоздардың бірқатар өзіндік жобалары
әзірленген болатын. Алайда тек 1924 жылы Ленинград қаласындағы Пути-
лов заводында проф. Гаккельдің жетекшілігімен әлемдегі бірінші Щ
эл
-1 се-
риялы қуаты 1000 а.к. магистральді тепловоз жасалды. Содан кейін Коло-
менск тепловоз жасау заводында Э
эл
, О
эл
сериялы тепловоздардың
шығарылуы жөнге келтірілді.
1946 жылдан бастап Харьков көліктік машина жасау заводы
ТЭ серия-
лы тепловоздардың шығарылуын жөнге келтірді.
ТЭ3 сериялы тепловоздар өткен жүзжылдықтың 50-80-ші жылдарында
негізгі магистральді тепловоз болып табылған, оның үлесіне темір жол
көлігіндегі тасымалдаудың жалпы көлемінің 40%-ке дейінгі мөлшері келген.
1979 жылдан бастап 2ТЭ121 сериялы, 1982 жылдан бастап А-714 бірыңғай
тартымдық агрегаты, дизелінің жақсартылған конструкциясы, жабдықтардың
өзгертілген құрамы, электр машиналарын орталықтан ауамен жабдықтау
12