шахтасының қабырғалары орталық бөлігінде тепловоздың екінші секциясына
өту үшін тоннель жасайды.
Тежеу жүйесін, электрпневматикалық жүйені, шыны тазалаушылар
жүйесін, құм салғыштарды, тифон мен автоматика жетегін қысылған ауамен
жабдықтау үшін КТ типті сығымдағыш жұмыс істейді.
Тепловозға жарық беру және дизельді іске қосу үшін электр тогын,
машиналық бөлім еденінің астында тартымдық генератордың жанында
тепловоздың алдыңғы бөлігінде орналасқан, қорғасынды-қышқылдық
шоғырлағыш батарея береді. Ол дизель-генератор қондырғысының оң және
сол жағында төрт жәшіктен орналасқан, әрқайсысында 4 элемент бар сегіз
секциядан (жәшіктен) тұрады.
Тепловозда отынды жылытқыш орнатылған, жұмыс кезінде оның
түтіктері арқылы дизельден келетін ыстық су өтеді. Су түтіктердің арасында
айналатын отынды жылытады, содан кейін ол отын багына құйылады.
Қыздырғыш санитариялық торап пен өртке қарсы қондырғы багының ара-
сында орналасқан.
Шанақ люктер арқылы желдетеді. Бұдан басқа, машиналық бөлімде
электр желдеткіш орнатылған. Тепловоздың алдыңғы бөлігінде машинисттің
кабинасы орналасқан, ол машиналық бөлімнен екі есікті қалқалар арқылы
бөлінген. Қалқаның ортаңғы бөлігінде жоғары вольттық камераға кіретін есік
бар, онда басқарудың электр аппараттары орналасқан. Машинист
кабинасының алдыңғы оң жақ бөлігінде тепловозды басқару және жеке
агрегаттардың жұмысын бақылау аспаптары шоғырланған.
Отырғыштың алдында еденде құм салғышты аяқпен басқыш (жаңа теп-
ловоздарда машинисттің аяғын қыздыру калорифері де бар), ал бүйірінде
дыбыс-тық сигнал (тифон) мен ысқырық клапандарының екі тұтқасы
орналасқан.
Отырғыштың артында оң жаққа қарай автотоқтатқыш аппараттары
орнатылған. Контроллердің тұтқасын белгілі қалыпқа орнатқан соң тепло-
возды басқару автоматтық түрде болады. Тепловоз гиперболалық
сипаттамаға шыққан соң біріктірілген реттегіш дизельдің қуатын тұрақты
етіп ұстап тұрады.
Реверсивті тұтқамен тепловоз қозғалысының бағыты өзгертіледі
(жоғары вольтты камерада орналасқан реверсор, тартым қозғалтқыштарын
қоздыру орамаларындағы ток бағытын, және осыдан қозғалтқыштар
біліктерінің айналу бағытын да өзгертеді).
Локомотив пен поезды тежеу үшін екі кран орнатылған: поездың
барлығын тоқтату үшін пайдаланылатын, машинист краны және локомотивті
қосымша тежеу краны. Қозғалыс қауіпсіздігі бойынша қосымша шаралар ка-
бинада автотоқтатқышы және жол бағдаршамдарының сигналдарын
қайталайтын, локомотивтік бағдаршамы бар, автоматтық локомотивтік сиг-
нал беруді орнатумен қамтамасыз етіледі. Егер машинист жылдамдықты 20
км/сағ жоғары алса немесе қырағылық тұтқасын баспаса, автотоқтатқыш по-
езды тыйым салушы сигналға кірген кезде автоматты түрде тоқтатады. Каби-
16
нада жылдамдық өлшегіш орнатылған, оның таспасында жылдамдық, уақыт,
өтілген жол және тежеу магистраліндегі қысым тіркеледі. Басқа
локомотивтердің машинисттерімен байланыста болу үшін ЖР-3М типті ра-
диостанция орнатылған.
Кабинаны жарықтандыру үшін шырақ бар болады. Машиналық
бөлімдегі есіктен солға қарай шоғырлағыш батареяны қосу және ажырату
тұтқасы орналасқан. Тартымдық электр қозғалтқыштардың үш ажыратқышы
жоғары вольттық камера есігінің үстіндегі жабық қуыста орналасқан.
Кабинаның алдыңғы бөлігінде қолмен тежегіштің штурвалынан солға
қарай машинист көмекшісінің отырғышы орналасқан. Отырғыштан оң жаққа
қарай алдыңғы жақта кабинаны сумен жылыту калорифері қойылған.
Кабинаның қабырғасының сол жағында дифференциалдық манометр
орнатылған, ол картерде дизельдің немесе қысымның (жарамсыз жағдайда)
азаю шамасын көрсетеді. Қысым қауіпті жоғарылаған кезде дизель автомат-
ты түрде тоқтайды. Терезеден төмен дыбыстық сигналдардың екі
қосарланған тұтқасы орналасқан. Кабинаның төбесінде өту қимасы
реттелетін, екі желдеткіш саңылау бар, ал алдыңғы бөлігінде екі электр
желдеткіш орнатылған. Құм салғыштар шанақтың алдыңғы және артқы
бөліктерінде орналасқан.
Оларды құммен толтыру үшін шанақтың шеткі қабырғаларында люктер
болады. Құм арбашықтардың шеткі доңғалақ жұптарына қарай әкелінеді.
Тепловоздың әрбір секциясы өрттің пайда болғаны туралы хабар
беретін, автоматтық өрт сигналын беру және өрт сөндіргіштермен
толтырылған, өртке қарсы қондырғыдан тұратын, өртке қарсы құралдармен
жабдықталған. Өртке қарсы қондырғы өртті көбікпен сөндіру үшін
тағайындалған.
Тепловоздың отындық багы шанаққа асылған және арбашықтар арасын-
да орналасқан. Арбашықтардың рамалары табақты серіппегіштер мен
теңгергіш серіппелерден тұратын, серіппегішпен асып қою арқылы доңғалақ
жұптарының букстарына жүктеме береді.
1.6 Электр машиналары және тепловоздардың электр аппараттары
Электр берілісі тепловоз жасауда кеңінен таралды. Ол локомотивтерге
қойылатын, пайдалану талаптарын толығымен қанағаттандырады. Электр
берілісті тепловоздардың тартымдық сипаттамасы, локомотивтің қуаты
жолдың кез-келген профилінде тұрақты болып қалғанда, идеал тең иықты
гиперболаға жақындайды. Тепловоздың жүктемесі неғұрлым көп болса, оның
тартым күші соғұрлым көп және қозғалу жылдамдығы соғұрлым аз болады.
Тепловозға жүктеме азайған кезде оның жылдамдығы артады, ал тартым
күші азаяды, сөйтіп, қуат тұрақтылығы ұсталынып тұрады.
Дизельдің өзгертілген жүктемесі кезінде тартым күші және қозғалу
жылдамдығы жол профиліне байланысты едәуір шамада автоматтық түрде
өзгеруі мүмкін. Электр берілісінің бұл құнды қасиеті тепловоз қозғалысының
17
Достарыңызбен бөлісу: |