Algy soz indd Қазақ халқының тарихындағы



жүктеу 8,21 Mb.
Pdf просмотр
бет7/24
Дата14.11.2018
өлшемі8,21 Mb.
#19543
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24

48

49

***

Алтын ұяң — Отан қымбат,

Құт-берекең — атаң қымбат.

Асқар тауың — анаң қымбат.

Туып-өскен елің қымбат.

Кіндік кескен жерің қымбат.

ƏЙТЕКЕ (АЙТЫҚ) БАЙБЕКҰЛЫ

(1644–1700 жж.)

ара қылды қақ жарған əділ» де кемеңгер тұлға Əйтеке 

бидің шын есімі Айтық. Кіші жүзден шыққан қазақтың 

атақты шешен биі. Өзбекстанның Қазбибі тауында, Қызылша 

ауылында дүниеге келген. Тəуке ханның тұсында өмір сүріп, 

қазақ жұртының бір орталыққа бағынып, біртұтас ел болуына 

ісімен де, сөзімен де зор үлес қосқан. Жоңғарлармен ұрыстарда 

қол бастаған батыр да болған. Қазақ даласына көз тіккен көрші 

мемлекеттерден қауіптенген Əйтеке би Түркістанда өткен 

іргелі жиындардың бірінде, шегара аймақтарда «əскери соғыс 

əдістеріне үйретілген жасақтар ұстайық, шегараға таяу ауыл-

дарды ішкі бетке көшірейік» деген ұсыныс жасайды. Ол, сондай-

ақ «бүкіл қазақ жасағы бір қолбасшыға бағынсын, қолбасшы Ре-

сей, Қытай, Түрік не Еуропаның əскери өнері жетік бір елінде 

оқытылсын», қолбасшы «қарадан шыққан адам болсын» деген 

де көреген ой айтқан. 



50

51

Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін,



Батыр болсаң, жауға найзаң тисін.

Бай болып елге пайдаң тимесе,

Батыр болып жауға найзаң тимесе,

Елден бөтен үйің күйсін!..



***

Бүркіт бол, заманыңыз түлкі болса,

Бай болар кедей жігіт мүлкі болса.

Жақсылардың белгісі сол емес пе,

Қара қылды қақ жарған əділ болса!?.

***

Атадан жақсы ұл туса

Елінің оңы болады.

Атадан жаман ұл туса,

Көшінің соңы болады.

***

Ел болмас елдің төбесіне ту тұрақ болмас,

Ел болмас елдің төресіне тəж тұрақталмас.

***

Ағаң келсе — ардақтап атын байлағандай, қонағың келсе — 

құрметтеп, көңілін жайлағандай тындырымды іс атқарғанға не 

жетсін!


***

Қара қылды қақ жарған — 

Жақсылардың белгісі.

***

...Ашу деген — ағын су,

Алдын ашсаң арқырар.

Ақыл деген — дария,

Алдын тоссаң тоқырар.

Кісі бірге туыспау керек,

Туысқан соң сөз қуыспау керек.

Сөз қуған пəлеге жолығады,

Жол қуған олжаға жолығады.

***

Суалмайтын суат жоқ,

Тартылмайтын бұлақ жоқ.

Тамыры суда болса да,

Уақтысы жеткенде,

Қурамайтын құрақ жоқ.

Дүние деген фəни бұл,

Панасы жоқ, тұрақ жоқ. 

Баласы жоқта, мият жоқ,

Бəрінен де сол қиын,

Түнде жанған шырақ жоқ,

Артта қалған тұяқ жоқ,

Шүкіршілік етіңіз!



52

53

БҰҚАР ҚАЛҚАМАНҰЛЫ



(1684–1782 жж.)

тақты Абылай ханның ақылшысы Бұқар жыраудың 

есімі қазақ еліне ертеден мəлім. Замандастары «Көмекей 

əулие» атап кеткен ұлы жырау XVIII ғ. əдебиетіміздің көрнекті 

өкілдерінің бірі. Əкесі Қалқаман белгілі батыр болған. Əйгілі 

жыраудың бізге жеткен арнау, терме, толғаулары негізінен 

əлеуметтік, қоғамдық мəселелерді көтерді. Бұқар жырау, сон-

дай-ақ азаттық жолында өлімге бас байлап, ерлік жасаған ха-

лық батырларын жырға қосып, олардың өшпес əдеби бейнелерін 

де жасаған.

Ежелгі дұшпан — ел болмас, етектен кескен — жең болмас.



***

Екі жақсы дос болмас — сірне үстінде хаты бар,

Ежелгі дұшпан ел болмас — көңілінде кір, даты бар.

***

Ауылда адам бар болса — ауыл ада болмайды,

Ел иесі бар болса — елі ала алмайды.

***

Ел бастау қиын емес,

Қонатын жерден көл табылады.

Қол бастау қиын емес,

Шабатын жерден ел табылады.

***

Ер жігітке жарасар

Қолына алған найзасы,

Би жігітке жарасар

Халқыңа тиген пайдасы.

***

Жақын жерден шөп жесе

Жердің сəнін кетірер.

Ағайынның аразы

Елдің сəнін кетірер.

Абысынның аразы

Ауыл сəнін кетірер.

***

Бағаналы орда, басты орда. 



***

Ежелгі дос жау болмас. 




54

55

***

Тар пейілді кеңімес,

Кең пейілді кемімес...



***

Еліңнің қамын же — сана, 

Есіліп кеңес айт — сана. 

***

Ел бастау қиын емес,

Қонатын жерден көл табылады.

Қол бастау қиын емес,

Шабатын жерден ел табылады.

***

Ер жігітке жарасар,

Қолына алған найзасы.

Би жігітке жарасар,

Халқына тиген пайдасы. 

***

Адамзаттың баласы

Атадан алтау тумас па,

Оның ішінде біреуі

Арыстан болмас па!

Алдына келген жақсының

Қадірін оның біле алмай,

Қадір-құрмет қыла алмай

Артында қалған жамандар

Бас-басыңа тозбас па!



***

Екі жақсы қас болмас,

Екі жаман дос болмас.

***

Əлемді түгел көрсе де,

Алтын үйге кірсе де,

Аспанда жұлдыз аралап,

Ай нұрын ұстап мінсе де,

Қызыққа тоймас адамзат!




жүктеу 8,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау