56
57
АҚТАМБЕРДІ САРЫҰЛЫ
(1662–1752 жж.)
тақты жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері
Ақтамберді қазақ тарихындағы аласапыран кезеңде
өмір сүрген тарихи тұлға. Он жеті жасында қару алып, ел
қорғауға аттанған жыраудың ақындық даңқымен қатар, ба-
тырлық даңқы қатар шығады. Жоңғарларды талқандап, жау
қолында болған шығыстағы жерлер босатылған соң, ел-жұрт-
ты ата мекенінен көшіруге көп еңбек сіңірген.
Суырып салма сөз өнерінің хас шебері Ақтамбердінің өжет
те, өткір сөздеріне риза болған жұрты оны «жалынды жырау»
санаған.
Балаларыма өсиет:
Қылмаңыздар кепиет,
Бірлігіңнен айырылма,
Бірлікте бар қасиет.
***
Татулық болар береке,
Қылмасын жұрт келеке,
Араз болсаң алты ауыз
Еліңе кірген əреке.
***
Ел аман болсын, ылайым,
Тілегім берді бəрін де,
Разымын, құдайым.
***
Ағайының көп болса — ұлы шерік қолмен тең,
Білімді туған жақсылар — аз да болса көппен тең.
***
Орнын тапса ер жігіт — елсіз болар дейсің бе.
Орда тігіп орнатса — төрсіз болар дейсің бе.
***
Талапты елге нұр жауар.
***
Татулық деген — береке.
***
...Қоңыраулы найза қолға алып,
Қоңыр салқын төске алып,
Қол төңкерер ме екенбiз.
Жалаулы найза жанға алып,
58
59
Жау қашырар ма екенбiз!
Тобыршықты əндiген
Толтыра тартар ма екенбiз!
Тобылғы түбi құралай,
Бытыратып атар ма екенбiз!
Жарлауға бiткен жапырақ —
Жамылсақ тоңар ма екенбiз.
Жазыққа бiткен бүлдiрген —
Сұғынсақ тояр ма екенбiз!
***
Жауыңды аяма,
Жылағанды уат,
Жығылғанды тұрғыз.
***
Еділ — Жайық екі өзен,
Талсыз болар деймісің.
Жағалай жатқан қалың ел,
Малсыз болар деймісің.
***
Өнер алды — бірлік, қылған жақсы тірлік.
СЫРЫМ ДАТҰЛЫ
(1723–1802 жж.)
783–1797 жылдардағы Кіші жүз руларының орыс пат-
шалығы отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі-
нің жетекшісі. Қолбасшы батыр шешендігімен де кең танылған.
Өз ортасында «Бала би» атанған Сырым батыр көп ойланып,
қиналмай-ақ қажетті сөзін халықтың бай шешендік қорынан
ойып алып, ойын өрнекті тілмен айта білген. Кейін халықтың
шешендік қорына үлкен үлес қосқан.
Азамат жетім болмайды — халықтан болса панасы,
Халық жетім болмайды — басшы болса данасы.
***
Ел жеңілмес ері бар.
60
61
***
Арадан хан болсам,
Халқым қалаған болар.
Айырдан нар болсам,
Атам үлектей жараған болар.
Жоқтан бар болсам,
Құдайым қараған болар.
***
Көнеден дəурен озса,
Жасы жеткен болар.
Көндей қамқа тозса,
Күтімі кеткен болар.
Атадан ұл озса,
Еркіндігі болар.
Анадан қыз озса,
Еркелігі болар.
***
Ата тұрып ұл сөйлесе — ер жеткені болар,
Ана тұрып қыз сөйлесе — бой жеткені болар.
***
Мен ағайынды екеумін: біреуі — өзім, екіншісі — халқым.
***
Халық — көл,
Хан — құс.
***
Адамзатта не тəтті?
Аста — тұз тəтті,
Адамда — дос тəтті.
***
Даланың оты — олжа, суы — нұрлық,
Біреудің малы мен ақысын жеу — ұрлық.
***
Бөлінгенді бөрі алар.
62
63
ШАЛ ҚҰЛЕКЕҰЛЫ
(1748–1819 жж.)
ткен дəуір əдебиетінің белді өкілінің бірі — Шал ақын
(шын аты Тілеуке) Көкшетау жерінде дүниеге келген.
Ақынның ес біліп, есейген өңірі — қазіргі Солтүстік Қазақстан
облысы. Əкесі Құлеке батыр Абылай ханның жақын серігі
болған. Шал ақын, əсіресе, бұқара халық идеясын жырлап, ауыз
əдебиеті үлгісін ұстанған сурып салма ақын. Өз толғауларында
Шал ақын ел ішін имандылыққа, адалдыққа, ақыл-парасатқа
шақырған.
Жігіттер, жаман сөзді кəсіп етпе,
Құрбыңды өзің теңді басып өтпе.
Басыңа бір уақытта жұмыс түссе,
Дұшпан түгіл, досың да қашар шетке.
Жігіттер, мал мен басым көп демеңіз,
Киім бүтін, тамағым тоқ демеңіз,
Дəуіттің отыз ұлын бір күнде алған,
Біздерге жала-қаза жоқ демеңіз.
Жігіттер, жалған дүние бізден қалар,
Бір күні ажал келіп жаныңды алар,
Жан шығып, дүниеден көшкеннен соң,
Мал-мүлкің, қатын-балаң бəрі қалар.
***
Екі арыстан қосылса дəуді өлтірер, ажал келсе — ауру түгіл сау-
ды өлтірер, қаныпезер бұзақы жігіт болса — тыныш жатқан еліне
дау келтірер.
***
Ел елдетер, елдетер,
Ашылған тұман желдетер,
Жақсылардың алдында
Біразырақ сөйлесем,
Онан да менің нем кетер.
Елінде жақсы жігіттің алыста даңқы зор болар.
***
Қона берсе, жерің тозар.
Шаба берсе, елің азар,
Жасай берсе, ерің азар,
Ерің азған кезінде — елің азар.
***
Бақытты жігіт қол бастар,
Шешен жігіт дау бастар,
Əлемнен озған алааяқ
Озып бір кетсе ойқастар.