24
25
ретінің басына күмбез орнаттырған. Бүгінде бұл кесене дүние-
жүзілік мəдени мұралар тізіміне енгізілген.
Халқыңа қызмет ет,
Ізгілерге ізет ет,
Жаны жақсы жайсаңдарға құрмет ет.
***
Пасық сөзден тұлға бойға шаншылар мұң.
***
Өсіп-өну абат үшін.
***
Ниетсіз, құлықсыз, құштарлықсыз, қиналыссыз сөздің салмағы
жоқ.
***
Көңілің тойсын қанағатқа.
***
Бейнеттен қашпа.
***
Қиын да болса, түзу жолмен жүр.
***
Тақуа болма, тентек болма — ғашық бол.
***
Құр мақтанға құмартып, тұрғызба биік күмбездер.
***
Тəубесі жоқтың — көңілі арам.
***
Тəубесі бардың — нұры бар.
***
Жаны сергектің — тəні сергек.
***
Өткендердің ғибрат ісін ал ойға.
***
Тəкаппар тозақта күйеді.
***
Білімнен бейхабарлар, Алланы да білмейді.
***
Парықсыздар өздері жақсы-жаманның не екенін білмей жатып,
мəнсіз біреулерді жер-көкке сыйғызбай мақтайды.
***
Арам жеген əкімдер, параға құныққандар өкініш отына өр-
тенеді.
26
27
***
Жетім, пақыр, ғаріпті жебей жүргейсің: бұл пайғамбарымыз-
дың өнегесі.
***
Ақ ниетімен ақ-адал дəмін ұсынғандарға ақ пейілді бол.
***
Асылдарды əрқашан жадыңда ұста.
МАЙҚЫ БИ ТӨБЕЙҰЛЫ
(1105–1225 жж. шамасы)
ты аңызға айналған Майқы би туралы халқымызда: «Тү-
гел сөздің түбі — бір, түп атасы — Майқы би» деген
қанатты сөз бар. Майқы баба түйінді де даналы сөзімен би
біткеннің көш басшысы болған делінеді. Тарихи деректерге
жүгінсек, Майқы би түбі түркі халықтардың біразына төрелік
айтқан бас бидің бірі болғанға ұқсайды.
Халқымызға тəн аңыздардың бірінде: Орманбет би өліп,
ноғай елі бүлінгенде, Майқы би қазақ ұлысын құрған тарихи
қайраткер бейнесінде сипатталады. Аңызға сəйкес, Майқы би
қазақ руларын үш жүзге топтап, Үйсін бастаған бөлікті Ұлы
жүз, Қабан ұлы Болатқожа бастаған бөлікті Орта жүз, Қоғам
ұлы Алшын бастаған бөлікті Кіші жүз деп атаған дейді.
Бірліксіз — тірлік жоқ.
28
29
* * *
Хан əділ болса — халық ынтымақты болады.
* * *
Хан — халықтың қазығы.
* * *
Жетесіз жігіт — ел қадірін білмес, некесіз əйел — ер қадірін
білмес.
* * *
Тұлпардан тұлпар туады,
Сұңқардан сұңқар туады,
Асылдан асыл туады,
Жалқаудан масыл туады,
Масылдан малықпас туады,
Тілазардан қылжақпас туады,
Таздан жарғақпас туады,
Сараңнан бермес туады,
Соқырдан көрмес туады,
Мылжыңнан езбе туады,
Қыдырмадан кезбе туады.
* * *
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
* * *
Ханның биі ақылды болса,
Қара жерден кеме жүргізеді.
* * *
Би екеу болса, дау төртеу болады.
* * *
Дауыл болмай жауын болмас,
Даулы болған қауым болмас.
Егіз ешкі сауын болмас,
Екі жалқау ауыл болмас.
* * *
Естіге айтқан тура сөз,
Шыңға тіккен тумен тең.
Есерге айтқан тура сөз,
Құмға сіңген сумен тең.
* * *
Ақиық қыран қартайса,
Жас жағалтайдан тепкі жейді.
***
Ақиық қыран қартайса,
Жас жағалтайдан тепкі жейді.
***
Парақор биге ісің түспесін,
Сараң үйге кісің түспесін.
30
31
АСАН ҚАЙҒЫ
л-жұртының болашағы жайлы ойланып, қабырғасы
қайыса қайғырып, толғанған Дешті қыпшақтың ХV ғ.
ірі жырауы, шешен биі Хасан Сəбитұлын халқы Асан Қайғы
атап кеткен. XIV ғ. аяғын ала дүниеге келіп, XV ғ. ортасында
Сарыарқадағы қасиетті Ұлытау жерінде дүниеден озған деген
дерек бар.
Асан Қайғы — Ұлығмұхамед, Жəнібек хандардың қасында
жүріп, мемлекет ісіне араласқан ықпалды бектердің бірі болған.
Қадірменді жырау өзінің арнау-толғауларында ру-тайпалық
одақтардың құрылымы мен халық дəстүрлері жайында сөз
қозғап, ханның ел басқару əдісіне сын айтып, кеңес те беріп
отырған. Ол хандықты нығайтып, елдің қорғаныс қабілетін
арттыру қажеттілігіне де назар аударады. Жақсылық пен
жамандық туралы сыр шертіп, халқын бейбіт те адал өмір ке-
шуге шақырған.
Өз заманының өнерлі де данышпан ойшылы болған атақты
жыраудың шығармашылығындағы «Жерұйық» идеясы орта
ғасырдағы Еуропаға тəн утопиялық көзқарастармен ұштасады.
Көлде жүрген қоңыр қаз
Қыр қадірін не білсін!
Қырда жүрген дуадақ
Су қадірін не білсін!
Ауылдағы жамандар
Ел қадірін не білсін!
Көшіп-қонып көрмеген
Жер қадірін не білсін!
* * *
Ата-жұрты бұқара
Өз қолыңда болмаса,
Қанша жақсы болса да,
Қайратты туған ер ғаріп.
* * *
Таза мінсіз асыл тас
Су түбінде жатады,
Таза мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз
Шер толықса шығады.
* * *
Жылуы жоқ жібектен,
Жұлымы шыққан бөз артық!
Астауы бал болса да,
Азғын болған шаңырақтан,
Ащы болса да алақанда,
Адал жалаған тұз артық!