Algy soz indd Қазақ халқының тарихындағы



жүктеу 8,21 Mb.
Pdf просмотр
бет21/24
Дата14.11.2018
өлшемі8,21 Mb.
#19543
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

152

153


***

Тілін білмеген, түбін білмейді. Ондай адам күлдіремін деп 

күйдіреді, сүйсіндіремін деп сүріндіреді, білдіремін де бүлдіреді. 

Қуантамын деп қуартады. Келтіремін деп кетіреді, жұбатамын деп 

жылатады...

***

Қазақтың өсек-аяңынан асқан тамұқ жоқ.

Қазақтың білетіні аз емес — істей білетіні аз.

***

Еліңе опасыздық — туған анаңа опасыздық.



***

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара басы сол екі 

ақылдың біреуін орындап жүрген болса, əлдеқашан адам болып 

кетер еді.



***

Қазақтың жершілдік, жіктеулері — ең бір үлкен апаты.



***

Қазақ елі — əлі дала табиғатымен өзін-өзі тұтас сезінетін ел.



***

Туған елімді, туған жерімді жамандай алмаймын, бірақ жаным 

ашығандықтан ашынған сөз ауызға түседі.

***

Қазақтың бір оқыс мінезі: эмоция үстінде келіп қалған байламға 

тоқтайды.

***

Еліміздің ұйытқысы — əдет-ғұрпымыз.



***

Баяғыны көксей берген елде бүгінгі өмірге үйлесе алмаушылық 

болады. Баяғының құрметтісін құрметтей білмеген елде болашақ 

жоқ...



154

155


БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ

(1910–1982 жж.)

амбыл облысының Жуалы ауданында дүниеге келген. 

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан даңқты жа-

уынгер қолбасшы, белгілі жазушы, стратег жəне тактик, 

Кеңес одағының батыры. Əскери академияларда дəріс берген. 

Сұрапыл соғыс кезінде қаһармандық ерлігімен, ұрыс жүргізудегі 

əскери шеберлігімен ерекше көзге түсіп, аты аңызға айналған 

тұлға. Бірнеше рет жау қоршауынан жауынгерлерін аман-есен 

алып шығады. Бауыржан Момышұлының Мəскеу түбіндегі 

шайқастағы ерлігі жайлы орыстың белгілі жазушысы А. Бек 

«Арпалыс» атты повесін жазған. Бұл шығарма кейін бірнеше 

тілге аударылған. 

Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу — сатқындық.



***

Ерлік — елдің қасиеті, жүректілік — жігіттің қасиеті.



***

Ата-ана қадірін біле алмаған — халық қадірін біле алмас,

Халық қадірін білмеген — ата-ана қадірін біле алмас.

***

Отбасының өнегесі — Отан өнегесі.



***

Халықтық дəстүр — асыл мұра.



***

Халықтық тəжірибе — бүгінге ғана емес, ертеңге де керек 

қазына.

***

Тəрбиелі — тəртіптің құлы,

Тəртіпті — елдің құлы.

***

Тəртіпсіз ел болмайды, тəртіпке бас иген ел — құл болмайды.



***

Отан үшін отқа түс — күймейсің.



***

Бізде ер атасы — махаббат, өмір атасы — халық, ел намысы — 

ер қолында, ер намысы — ел қолында.



156

157


***

Біз — намысты елдің ұлымыз. Жеңілмес күшіміз сонда.



***

Ер істеді дегенше — ел істеді десеңші.



***

Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет етуден тайсалма!



***

Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін.



***

Опасызда Отан жоқ.



***

Отан от басынан басталады, демек, өз бесігің, өз үйің.



***

Ел үшін аянба — ерлігіңе сын, жұрт үшін аянба — жігіттігіңе 

сын.

***

Ел бақыты ер қолында.



***

Ел қадірін білмеген ер қадірін білмейді.



***

Елсіз ер болмайды, жұртсыз жұрт болмайды.



***

Ежелден ел тілегі — ер тілегі,

Адал ұл ер боп туса — ел тілегі.

***

Парыз сезімі, адамгершілік — жеке басының, ұлттың, Отанның 

мақтанышы.

***

Атамекен жері үшін,

Қасиетті ел үшін

Болмай қалар кім батыр!



***

Отан — адамның туып-өскен жері, атамекені, ел-жұрты, табиғат 

байлықтары, халқы, қоғамдық жəне мемлекеттік құрылысы, тіл, 

мəдениет, тұрмыс-салт, əдет-ғұрып ерекшеліктері бар белгілі бір 

халықтың тарихи тұрағына айналған аумақ.

***

Біз де сүйектен, еттен жаралған жанбыз. Біздің жанымызды 

тебіренте соққан жүрек болаттан құралған емес, бірақ біздің жүрек 

отты жүрек. Оның оты болатты ерітіп, жаңқадай жандыратын от. 

Біздің жүрегіміздегі қауіп-қатерді көтеріп, өлімді жеңетін бір жа-

рақ — ана сүтін ақтап, туған елді, Отанымызды сүю сезімі.




158

159


НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ

(1940 ж.т.)

азақстан Республикасының Тұңғыш Президенті. Елбасы. 

Ғалым. Іле Алатауы баурайындағы Үшқоңыр жайла-

уында Əбіш пен Əлжан Назарбаевтардың отбасында дүниеге 

келген. 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Коми-

тетінің Хатшысы болды. 1984 жылы Қазақ КСР-і Министр-

лер Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды. Ол КСРО-дағы 

одақтық республикалардағы ең жас премьер еді. Бірақ өзге 

əріптестерімен салыстырғанда жас екендігіне қарамастан, сол 

кездің өзінде кемеліне келген мемлекет жəне қоғам қайраткері 

болып қалыптасты. 

2010 жылы 15 маусымда Қазақстан Республикасының 

Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Елбасы (Ұлт Көшбасшы-

сы) мəртебесі берілді.

Ұлттың ұлы бақыты — Қазақстан жаңа үшінші мыңжылдыққа 

дербес тəуелсіз мемлекет болып қадам басты!

***

Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен 

татулық қажет.

***

Біз əлемдік мəдени құндылықтармен үндес жаңа заманғы қазақ-

тың озық мəдениетін қалыптастыруымыз керек.

***

Мемлекеттік идеологияның бізге аса қажет бір бұтағы, қомақты 

тармағы — халықты, ұрпақты патриотизмге, отаншылдық рухқа, 

елді, жерді сүюге, қорғауға жұмылдыру.



***

Қазақ елі — ежелден еркіндік аңсаған ел. Өз алдына дербес мем-

лекет құру қазақ халқының ғасырлар бойғы арманы еді. Құдайға 

шүкір, өз билігіміз өз қолымызға тиді. Қазақстан Республикасы 

бұдан былай тəуелсіз, демократиялық мемлекеттердің қатарына 

жатады. Өз территориямызда өкімет билігін толық өз қолымызға 

алдық. Ішкі, сыртқы саясатымызды дербес жүргіземіз, əрі қарай 

қалай өмір сүру керек екенін ешкімнің нұсқауын күтпей-ақ, өзіміз 

шешетін боламыз.

***

Дүниеде қазақ деген ұлт — біреу, демек оның ұлттық болмысы, 

салт-санасы мен əдет-ғұрпы да — жалпы қазаққа бірдей тəн, оның 

ғажайып мол рухани қазынасы да — бөліп жаруға келмейтін ортақ 

қазына.



жүктеу 8,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау