Algy soz indd Қазақ халқының тарихындағы


*** Маңына ұрық шашпаған жақсылық, жапанда жалғыз өскен бəй- терекше, тұл болады да қалады. ***



жүктеу 8,21 Mb.
Pdf просмотр
бет20/24
Дата14.11.2018
өлшемі8,21 Mb.
#19543
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

146

147


***

Маңына ұрық шашпаған жақсылық, жапанда жалғыз өскен бəй-

терекше, тұл болады да қалады.

***

Адам көркі — ақыл.



***

Жауға жалынба,

Досқа тарылма.

***

Дос таппаған ер азар,

Басшы бақпаған ел азар.

***

Іздесең — табарсың, алыссаң — аларсың.



***

Арқада жыл жақсы болса — 

Арқар ауып несі бар?

***

Жүрген жақсы, көп дүниені көрген жақсы. Бірақ соның бəрінен 

де тағы бір жақсы бар: көре біліп, жүре-жүре келіп, Отаныңа 

қайтқан сəт бəрінен де жақсы.



***

Қазақ жұртының өткен күндеріне көз салғанда, оқыған азамат-

тарының артынан ерген күндері аз да болса мағыналырақ, тəуір 

күндердің бірі деп саналады.



***

Халық бойындағы қасиет, заман өгей болғанда кейде жер 

астында жатқан алтын-гауһар есепті. Алтын қазына жер бетіне 

шықпағанымен, қазыналық қасиетін жоя ма! Кезі жеткен сəт 

күнінде жарқырай шығып жалт етеді. Тарих телегейі толқығанда 

да сол сияқты: ел тамырындағы қасиет жамырай шығып, шарқ 

ұрады.

***

Абай атамыз: «Қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын» деп бекер айт-

паған шығар, өмірдегі қай-қай ситуацияны болсын, сөз білген қазақ 

мөлдіретіп, төгілдіріп, кестелі сөзбен бейнелеп бере білген ғой...



***

Дүниеде, тарихтарда ер елден артық ел бар ма?! Ер жолымен 

өткен елдердің тарихынан сұлу тарих бар ма?! Елін «ел екен!» 

дегізіп өткен ұлдарға өлім бар ма, сірə да?! Елдің белін көтеретін 

ер ұл туған аталық пен аналық қандай бақытты! Ер серігі болған 

жар жарастық қандай сұлу! Қорлық өмірге көнгенше, қадірлі өлім 

таңдармын дейтін жас жалын қандай биік мағыналы!

***

Ең əуелі «ер» атану, «ерлік» атанудың өзі адамның жалғыз аяқ 

жеке жолынан ұшыраспайды. Үйелменді елінің өзегін жарған мұ-

рат-мүддесінің жолында ғана ұшырасады. Жəне, сол ерліктің 

егізінің сыңарындай, алып ұшар қос қанатындай асыл тірек діңгегі 

бар. Ол — өзгеше бір сүю сезімі. Жай сүю емес, жар сүю емес, 

жанынан артық көріп жұртын сүю, халқын сүю сезімі. Бұл сүюден 

қасиетті сезім жоқ. Ол сана, ол сезімнің алдында барлық басқа 

тірлік, бөгде тілек бас иеді.



148

149


***

Қол жетпес шыңыраудағы су болғанша, пайдасы көпке тиетін 

жайдақ су болған жақсы.

***

...Көрген көз қазағыма қаратып, мінбе құрып, сол мінбеге 

шығарып: «Ақырғы діліңізді айтыңызшы, Мұхтар!» — десе, 

тілімнің ұшында жүрген сөз төмендегіше: тас үгітіліп құмға ай-

налады, темір тозады, ұрпақ озады, дүниеде өлмейтін сөз ғана, 

халқымызбен бірге жасасып келе жатқан мұра сөзімізді арзанда-

тып алмайық.

ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ

(1902–1985 жж.)

азіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданын-

да дүниеге келген. Қазақстанның халық жазушысы, əйгілі 

драматург, стилист, қазақ əдебиетінің классигі, қоғам жəне мем-

лекет қайраткері, академик, əдеби сыншы, аудармашы. 

Өзінің қоғамдық, публицистік, журналистік, сыншылдық 

қызметімен де туған халқының мəдениетін дамытуға зор еңбек 

сіңірген Ғабит Мүсіреповті қазақ халқы көбінесе үлкен сурет-

кер жазушы, көркем сөздің хас шебері деп таниды, құрмет тұ-

тады. Ол, сондай-ақ қазақ театр өнерінің негізін салушылардың 

бірі. Əйгілі «Қыз Жібек» операсының либреттосын жазған. 

«Қозы-Көрпеш–Баян сұлу» спектаклі сценарийінің авторы. 

Біз XV ғасырда «қазақ» деген ел болып біріккенімізді Ұлытау-

дың көк тасына қашап басқан ру таңбаларымен куəландырған ел 

едік. Бірігеміз, бір ел боламыз деп анттасқанымыз да сол, консти-

туциямыз да сол — тасқа басылған таңба!



150

151


***

Қазақ деген ел — бостандықты, азаттықты сүйетін, даланы, 

таза ауаны, таза суды, таза көгалды сүйетін халық. Бұл кезінде ол 

бұзылмаған ел, бұзыла білмейтін ел емес, бір бұзылса, аяқ-қолын 

жинай алмай кетуі мүмкін.

***

Қазақ елі — өз мұңын өзі ойлап, өзі ізденіп, тіршілік деген кең 

майданда сыналған ел.

***

Бұл кездегі басты ауру — өз халқына өзі сенбеу. Өз халқымыздың 

момындығына, енжарлығына сүйеніп, үнемі өтірік айту.

***

Қазақ ойы, қазақ ақылы, қазақ сезімі, қысқарақ айтқанда, туған 

еліміздің сана-сезімі топас емес, тотыққан деуге келіңкірейді. 

Тіршілік жағдайы оңынан келіп қалғанда Абай, Сүйінбай, Ыбы-

рай, Шоқан, Жамбыл, Құрманғазы, Дина сияқты ой-сезім данала-

ры топас ойлы елден шықпаса керек!



***

Елің үшін мақтан, 

Елің үшін қайғыр.

***

Қазаққа ар-ұят ең жоғары саналады.



***

Ел айдаса, кəрі жігердің өзі қайнайды.



***

Жаңа заман тас іргесін қалап алып, енді қабат-қабат биіктеп ба-

рады.

***

Үш жүз деп аталатын қазақ халқында мынадай жігі айырылмай-

тын тұтастықтары бар: тілі, əні, күйі, аспаптары.

***

Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан 

да қол үзеді.

***

Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана 

аяққа басады.

***

Ана тілі дегеніміз — баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да 

танытатын, сол халықтың мəңгілігінің мəңгілік мəселесі.

***

Тілден биік асқар тау, тілден асқан байлық жоқ, тілден терең 

теңіз жоқ.

***

Ана тілін білмеушілер өздерін білімсіз деп санамайды-ау дей-

мін. Сондықтан өздерін асырап отырған ана тілін қалай болса со-

лай қорлай беруге ұялмайды.




жүктеу 8,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау