30
Сен адам аяғы баспаған аралға келіп, өміріңнің қалған бөлігін сонда өткізуді
ұйғардың. Өзіңмен бірге бес затты алып баруға болады. Бес затың атын ата?
Референттік адамдар
Мақсаты: бала үшін референттік адамдарды анықтау.
Нұсқау:
Қарым-қатынаста сіз үшін өте маңызды 10 адамды атап (жазып) шығыңыз. Тізбек
ретінде сіз үшін өте жақын адамдарды белгілеп шығыңыз. Мысалы: Мен----анам----
досым-----мұғалім-----т.б.
«Мен және менің достарым»
Сауалнама
Сіздің достарыңыз бар ма? (бар,жоқ)
Сізді олармен не байланыстырады:
Киноны бірге көреміз;
Гитарада ойнаймыз;
Хобби;
Т.б.(толықтырыңыз)
3. Достарыңыздың ішінде өз құпияңызды кімге сеніп айта аласыз?
4. Қиын жағдайда көмекке қай досыңызды шақыр алар едіңіз?
5. Сіздегі қандай қасиеттерді достарыңыз бағалайды?
6. Досыңыз қиын жағдайға ұшырап, белгілі бір проблеманы шешуге көмектескен
жағдайыңызды еске түсіріңіз?
7. Сіз өз достарыңыздың жанында қалай сезінесіз?
Көңілсіз және ещкім қол ұшын бере алмайды;
Өмір тамаша және таң қаларлық;
Бірде жақсы, бірде көңілсіз;
1. Сіздің досыңыздың бойында қандай қасиеттер болу керек және достықта сіз неден
қорқасыз?
2. Сіздің достарыңыздың арасында мінез-құлық пен іс-әрекеттің қандай түрлері
қолдай табады?
31
3. Кіммен жиірек араласасыз және бос уақытыңызды сіз қандай топпен өткізесіз
менің достарым?
o
Менің компаниям
o
Менің аулам
o
Менің тобым
o
Тағы басқалар( толықтырыңыз)
11. Сіз қарым-қатынас жасайтын ересек адам бар ма? Кім ол?
12. Сізге дау-дамай болып тұрады ма? Егер болса әдетте ол қалай шешіледі?
Күшпен;
Лидердің араласуы арқылы;
Ересек адамдардың араласуы арқылы;
13. Ересек адамдар сіздің достарыңызға қалай қарайды (ата-анаңыз, көршіңіз)
Түсіністікпен;
Түсінбейді;
Нейтралды;
Бейтараптылықпен;
Қарым-қатынас салуға тиым салады;
14. Төмендегі қай ойлармен келісесіз, соны белгілеңіз:
Достарыма пайдалы кеңес беремін;
Менімен жиі кездеседі;
Достарымсыз маңызды шешім қабылдай алмаймын;
Мені ешкім шын негізінде түсіне алмайды;
Мен өзіме шешім қабылдағаным оңай, көпшілікке шешімді кейін жариялаймын ;
Маған бәрімен бірге шешім қабылдап, көпшілікке бағынғаным оңай.
15. Достарыңызбен болған кезіңізде жан дүниеңізді төмендегі қай суретпен бейнелер
едіңі:
Күнмен;
Адам;
Жалғыз кеме;
Жараланған жүрек;
32
Мен және менің сыныбым
Тәрбиелеудің табысы сыныптағы балалардың арасындағы тұлға аралық қарым-
қатынасты білу және әрбір оқушының басқа баламен қаншалықты мәдениетті
екендігін білуіне, анықтауына байланымты.
Әлеумкеттік педагогқа сыныптағы оқушыладың өзара қарым-қатынасын анықтау
өте маңызды болып табылады. Әлеуметтік-психолгогтың зерттеу тәжірибесінде
қолданып жүрген әдістердің ішінде жоғарыда көрсетілген оқушының әлеуметтену
картасыеда қолданған социометриялық әдіс болса, сонымен қатар бірнеше түзету-
дамыту әдісін қолданса болады.
«Қуаныш күнтізбесі»
әдістемені сипаттау: Бұл әдістеме баланың, жасөспірімнің ересек адамдардың
эмоциялық жағдайын көтеруге бағытталған универсалды түзете-дамыту әдісі болып
табылады. Бұл әдіс күнделік әдісі болып табылады, топтық жұмыста және жеке
қолдануға болады.
Нұсқау (жазбаша түрде беріледі)
Қымбатты дос!
Өмірде күнделікті тамаша және бағытты минуттар болып тұрады, мейірімді адамдар
кездесіп, игі істер жасалып тұрады.
Осыны бәрін сезген адам өзіне сенімді және байсалды. Ол адамның жолы болғыш
келеді. Оны барлығы жақсы көреді. Бірақ әдетте біз керісінше жасаймыз, көбіне біз
көңілсіз, күйбің тірлікті байқап, жаман сезімдерге беріліп игі сезімдерді басып
тастаймыз, осының нәтижесінде көңіл-күйіміз бұзылып сәтсіздіктер мен кикілжіңдер
туады. Бақытты болу үшін өз жақынның жақсы жақтарын көріп, өмірдің үйлесімдігін
сезіну керек.
Ол үшін сізге «Қуаныш күнтізбесі» көмектеседі.
Сіз әр күні барлығы таң қалдырған, қуантқан жағдайды еске түсіре отырып, бұл
күнделікті кешке толтыруыңыз керек. Ол сені толғандырған жаңа ой немесе сөз, сен
немесе басқа жақын немесе саған бейтаныс адам жасаған игі іс болуы мүмкін.
Музыка немесе арман болуы мүмкін.
Бүгінгі күні өзіңде болған жақсы, ашық, көңілді жағдайлардың бәрін осы күнделікке
жазып қой.
Алғашқы кезде саған еш өзгеріссіз болмағандай болып көрінуі мүмкін. Бірақ
жазғаныңды мұқият оқып шықсаң бақыттың ең болмағанда бір сәтін байқайсың. Күн
сайын қуанышты жағдайлар сенің өмірді толықтырып отыратынын байқайсың.
Ізгі ниетпен
33
Әлеуметтік педагог (Аты – жөні)
Күнтізбе 3-4 апта бойы толтырылады. Қажет болған жағдайда бұл әдісті ұзартуға
немесе белгілі бір үзілістен кейін жаңғыртуға болады.бұл әдісті жылына 3-4 рет
қолданған тиімді. «Қуаныш күнтізбесі» әдістемесі-адамның ойын көбінесе қуанышты
және жағымды оқиғаны есте сақтауға жаттықтыратын әдістің бірі болып табылады.Бұл
әдіс сонымен қатар жағымсыз ойлар және оқиғалармен күресуге көмектеседі.
«Қиын баланың» тұлғалық ерекшелігін зерттеу
1. Басы туралы жалпы мәлімет.
2. Денсаулық жағдайы, дені дамуының жасына сәйкес
келуі(бойы,салмағы,көзіндегі,құлағындағы ақаулық.т.б)
3. Тұлғаның бағытталу(эгоистік, қоғамдық,іскерлік;көзқарасы және
сенімі,қызығушылығы,ақылы мен тәртібінің сәйкес
келуі;қажеттілігі,ұмтылысы,арманы,идеалы,кұндылығы)күйзелуінен сыртқы
көрінісі,ерік күнінің ерекшелігіне мақсат қоя алуы
4. Мүмкіншілігі(жапы және арнайы).
5. Мінезі.Оқуға,еңбекке мінезінде қандай оң және теріс санасы бар
белсенді,тәртіпті,жауапкершілігі мол, жеңілтек,қырсықтық:ересек адамдар мен
өзінен кейінгілерге
қатынасы:сыйлаушылығы,мейірімділік,дөрекілік,эгоизм,қатыгездік,жағымсыз
қылықтары бар ма:шылым шегу,жалған айту,спирттік ішімдік
пайдалану,нашақорлық заттарды пайдалануы;
6. Тәрбиленушінің тұлғааралық қарым-қатынасының мініздемесі.
o
Отбасында(отбасы тәрбиесінің жағдайы,құрылымы бойынша отбасына
мінездеме, метариалдық қамтамасыз етілуі,тәрбиелік
мүмкіндігі,отбасындағы ересек адамдар арасындағы қарым-қатнас
ерекшелігі,бала мен ересек арасында,отбасындағы бала позициясы)
o
Сынып ұжымында( сынып ұжымына мініздеме, оқушының әлеуметтік
мәртебесі,оның ұжымдағы
орны;лидер,беделді,қабылданған,оқшауланған;тәрбиеленушінің сынып
ұжымына қатынасы; симпатия, антипатия, өзінің ұстанымына көзқарасы).
o
Еркін қарым-қатынас саласында (бос уақытында кіммен қарым – қатынаста,
қандай топта, топтың бағыты, еркін қарым-қатынаста топта қандай орын
алады, қандай қажеттілікті қанағаттандырады; бос уақытын кіммен және
қалай өткізгісі келеді.
7. әр түрлі іс-әрекетке араласуы:
білім алуына қатынасы (үлгерімі, білім деңгейі, білім дағдыларының қалыптасу
деңгейі, оқуының негізгі мотивтері, белгілі бір мәнге қызығушылық білдіруі, есте
сақтау ойлау ерекшеліктері)