Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық


1-сілтеме:  ЭЫДҰ  жүргізген  инновациялық  ортаның  салыстырмалы  талдауы



жүктеу 4,87 Mb.
Pdf просмотр
бет2/109
Дата14.11.2018
өлшемі4,87 Mb.
#19412
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109

5
1-сілтеме:  ЭЫДҰ  жүргізген  инновациялық  ортаның  салыстырмалы  талдауы                     
мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік берді:
•  Мұғалімдерге көптеген оқыту стратегиялары, түрлі педагогикалық тәсілдерді ара-
лас-тырып  қолдану  мүмкіндіктері,  сондай-ақ  нақты  әдістер  мен  стратегияларды 
қалай және қай жағдайда қолдану қажеттігі туралы білім қажет.
•  Мұғалімдердің  қолданатын  стратегиялары  жалпы  алғанда,  бүкіл  сыныпты  оқыту 
мәселелеріне,  сонымен  қатар,  жүргізілетін  зерттеулердің  бағытына,  топтық 
жұмыстарға,  өзіндік  жұмыстарға  және  жеке  жүргізілетін  зерттеулерге  қатысты 
болмақ. Оның үстіне білім беру стратегиялары әрбір оқушымен жеке кері байланыс-
ты да ескеруі тиіс.
•  Мұғалімде жалпы білім алу үдерісі қалай жүретіні туралы, жекелеген оқушыларды 
оқуға  ынталандыру,  олардың  көңіл-күйлері  туралы  және  олардың  мектептен  тыс 
өмірі туралы барынша ауқымды мағлұмат болуға тиіс.
•  Мұғалімдер  өз  әріптестерімен  өздері  сабақ  беретін  пән  бойынша  және  мазмұндас 
пән бойынша; бір ұйымның ішінде немесе бірқатар басқа ұйымдардың өкілдерімен; 
желілік кәсіби қоғамдастық шеңберінде, тәлімгерлік жүйесін көздейтін басқа да іс-
шаралар аясында ынтымақтастық орната білулері керек.
•  Мұғалімдер  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  саласында  мықты 
дағдыларды  игеріп,  оқытудың  тиімді  құралы  ретінде  оларды  қалай  пайдалану 
әдістемелерін меңгеруге тиіс, сондай-ақ, оқу үдерісін бақылауда ақпараттық-басқару 
жүйелерін тиімді қолдана білгені жөн.
•  Мұғалімдер әріптестерімен ынтымақтастық оқу ортасын құру, жүргізу, басқару және 
жоспарлауға үлес қосу үшін өзінің мүмкіндіктерін барынша жетілдіріп отыруға тиіс.
•  Соңғысы: мұғалімдер өз тәжірибесі арқылы білім алу үшін өз практикасына қатысты 
рефлексия жасауға, яғни ой толғауға міндетті.
ХХІ ғасырда оқушыдан талап етілетін дағдылар жаңа деп айтуға болмайды. Мәселен, сын 
тұрғысынан ойлау мен проблемаларды іспен шешу дағдылары ерте замандағы құрал жасау, 
ауыл шаруашылық жетістіктері, вакцинаны ойлап табудан бастап қазіргі заманғы зерттеулерге 
дейінгі адам баласының даму тарихының өн бойында адамзат прогресінің сенімді серігі бол-
ды. Сол сияқты, нақтыдан бастап кешенді сараптамалық білімдерді игеру қажеттігі сияқты 
дағдылар да бүгін пайда болды десек, қателескен болар едік: Платонның Republic (Республи-
ка) деген еңбегінде зият деңгейінің төрт түрі туралы сөз болады. 
Ал осындай дағдылардың болу, болмауы ұжымдық және жеке табысқа ықпал ететіні, сол 
арқылы әлемдік экономиканың өзгеру қарқынына ықпал ететіндігі туралы қорытынды шын 
мәнінде  жаңалық.  Осыған  байланысты  мектептер  сын  тұрғысынан  ойлауға  үйретуде,  әрбір 
оқушының жеке даралығына қатысты проблемаларды шешу үшін ынтымақтастық жүргізуде 
өте мұқият болғаны дұрыс. Мұндай өзгерістерді іске асыру үшін барлық мүдделі тараптар, 
мектеп басшылығы өздеріне міндеттеме алуы, сондай-ақ анағұрлым тәжірибелі және дарынды 
мұғалімдердің атсалысқаны орынды. 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
Schleicher, A. (Ed.). (2012). Preparing Teachers and Developing School Leaders for the 21st Century: 
Lessons  from  around  the  World  [ХХІ  ғасырға  арнап  мұғалімдерді  даярлау  және  мектеп 
көшбасшыларын дамыту: әлем елдерінің сабақтары]. OECD Publishing.
OECD  Definition  and  Selection  of  Key  Competencies  [ЭЫДҰ  түйінді  құзыреттерді  анықтауы 
және іріктеуі]. Paris, France: OECD, May 27, 2005.


6
БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ
Мектептегі әріптестермен ынтымақтастықта жұмыс істеу мен көшбасшылықты дамытудағы 
кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында  мұғалімдердің кәсіби дамуын жетілдіру.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ
•  Бағдарламаның  теориялық  негіздері  бойынша  тұжырымдамалық  білім  мен  түсінік 
қалыптастыру.
•  Бағдарламаның негізгі бағыттары мен мазмұнын білім беру жүйесіне ықпалдастыру 
арқылы мұғалімнің тәжірибелік дағдылары мен біліктілігін жетілдіру: 
 - Бағдарламаның негізгі идеялары туралы рефлексиялық ойлау; 
 - оқыту мен оқу үдерісін жоспарлау;
 - Бағдарламаның жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасын 
жоспарлау және іс жұзінде жүзеге асыру;
 - мұғалімдерді  оқытуды  басқару  мақсатында  коучинг  және  тәлімгерлікті  жүзеге                 
асыру;
 - оқыту мен оқу үдерісі туралы рефлексия.
•  Мұғалімді мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығын ұйымдастыруға дайындау.
БАҒДАРЛАМАДАН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
•  Мұғалімнің  Бағдарламаның  негізін  құрайтын  модульдер  туралы  тұжырымдамалық 
түсінігі мен тәжірибелік дағдылары қалыптасады.
•  Мұғалім өз тәжірибесі туралы рефлексиялық ойлау дағдысын, оқыту үдерісін жоспар-
лау және өзін-өзі жетілдіру қабілетін дамытады. 
•  Мұғалім коучинг және тәлімгерлікті жүзеге асыру дағдыларын меңгереді.
•  Мұғалім  мектепте  мұғалімдердің  кәсіби  қоғамдастығын  ұйымдастыруға  дайын                 
болады.


7
БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАЗМҰНЫ
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы екі басым бағытта әзірленген:
Біріншісі – мұғалімдердің оқыту мен оқудың табыстылығы туралы заманауи түсініктерге 
сай келетін бай білімді игеруі.
Екіншісі  –  мұғалімнің  құзыреттілігін  жетілдіру  және  өз  әріптестерінің  кәсіби  дамуы-
на ықпал етуі үшін оның коучинг және тәлімгерлік тәжірибесін қалыптастыру сияқты өзара 
байланысты үдерістерге көңіл бөлу. Бұл бағыттардың екеуі де Бағдарламаның барлық негізгі 
аспектілерінде  үндес  болып  келеді,  сондықтан  оқыту  мен  оқудағы  жаңа  тәсілдер  оларды 
қолдану барысында әріптестерді оқыту немесе бағыт-бағдар беру тұрғысынан қарастырылады.
Білім беру мақсаттарына жету жолында мұғалімдердің кәсіби дамуы
Осы  «Мектептегі  мұғалім  көшбасшылығы»  бағдарламасынан  күтілетін  нәтижелер 
мұғалімдерді  оқушыларға  қалай  оқу  керектігін  үйреніп,  соның  нәтижесінде  еркін,  өзіндік 
дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі 
дамыған,  сандық  технологияларда  құзырлылық  танытатын  оқушы  қалыптастыруға  даярлау 
болып табылады.
Мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесін басқару органдарының мұғалімдерді тиісті ре-
сурстармен қамтамасыз ету қызметінен гөрі, оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған 
мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне 
көбірек ықпал етеді (Barber and Mourshad, 2007). Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін 
өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім (Strong, Ward & Grant, 2011).
Дүние  жүзіндегі  көптеген  мұғалімдердің  іс-тәжірибесінен  тұрақты  орын  алған  оқыту 
жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізгі қағидаттарын қолдану орынды да нәтижелі 
екендігін  дәлелдейтін  фактілер  бүгінгі  таңда  ғылыми-педагогикалық  әдебиетте  жеткілікті 
деңгейде кездеседі. 
Сонымен қатар, көптеген зерттеулерде мектеп тәжірибесінің ұйымдастырылуы, мазмұны 
мен бағытына қатысты құзырлы мұғалімдердің табысты тәжірибесі қарастырылады. Қазіргі 
заманғы зерттеулер кәсіби даму  мұғалімнің өзін білім беру қоғамдастығының бір бөлігі 
ретінде қарастыруын қажет ететіндігіне назар аударады (Bolam, McMahon, Stoll et al., 2005). Бұл 
тәсілдің аясында көшбасшы-мұғалім ұсынған зерттеулер мен инновацияларға негізделе оты-
рып, мұғалімнің тәжірибесі жетілдіріледі (Frost and Durrant, 2003). Кәсіби біліктілік пен білім 
жай  ғана  қабылданбайды,  мұғалімдер  оны  өз  қолымен  жасайды.  Адамгершілік  мақсаттағы 
мұғалімдер  өздерінің  әріптестері  мен  айналасындағыларға  әсер  ету  үшін,  көшбасшылық 
қасиеттерін  көрсетеді.  Олардың  көңілінде  үнемі  талапқа  сай  оқыту  тұрады  (Frost,  2011). 
Әріптестеріне  ықпал  ету  үшін,  сондай-ақ  оқыту  мен  оқудың  дамуына  қолдау  көрсету  үшін 
құзырлы  мұғалімдер  коучинг  пен  тәлімгерлікке  жүгініп,  басқа  мұғалімдердің  идеяларын 
жүзеге асыруға қолдау көрсетіп, өз тәжірибелерін зерделеумен айналысады. 
«Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасы құзырлы мұғалімдердің кәсіби білімі мен түсініктерін 
дамытуға  бағытталған  болса,  «Мектептегі  мұғалім  көшбасшылығы»  бағдарламасы  осы 
мазмұнға қосымша басқа мұғалімдердің дамуына кәсіби қолдау көрсету үшін, мұғалімдердің 
коучинг және тәлімгерлікті жүргізу дағдыларын дамытуды мақсат етеді.
«Мектептегі  мұғалім  көшбасшылығы»  бағдарламасы  ғылыми  зерттеулер  кешенінің 
нәтижелеріне негізделеді. Сонымен қатар, мұнда ұсынылған түсініктер мен тәсілдер еңбек жо-
лын жаңа бастап жатқан мұғалімдердің, тәжірибелі ұстаздардың, сондай-ақ тәлімгерлер мен 
коучтердің көп жылғы тәжірибесіне негізделген.


жүктеу 4,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау